Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кезекті рейд жұмыстары өтті

"Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы партияның бақылау комиссиясы мүшелері шаhардағы екі мекенжайда болып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады. Бұл жолы комиссия мүшелері "Ақ отау-20" және "Чикаева-18* мекенжайларындағы көпқабатты үйлерді аралады. Бұл тұрғын үйлер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген.

Тұрғындар балалар ойнайтын алаңқайлар қажеттігін, үйлердің кіреберісі жолға жақын орналасқанын, үйдің қасындағы жоғары вольтті желіден қауіп көп екенін жеткізді. Партия өкілдері олардың проблемалық мәселелерін жауапты мекемелерге жолдап, бірлесе шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

0
0
131

Осы тақырып бойынша