Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" акциясы жалғасуда

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жанболат Саймағамбетов, Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және Е.Өтеевтың сенімді өкілімен бірлесе Рахат ауылының Жұлдыз ш/а "Есіктен-есікке" акциясы аясында үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түрғындармен байланыс кезінде қоғамдық көліктердің сапалы қызмет көрсетілмейтіндігі және ауылда азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың жанында болмауына байланысты мәселелер көтерілген.

“Nur Otan” партиясының 5 жылдық бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқытын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталғаны түсіндірілді. Кандидаттар тұрғындарды алдағы өтетін сайлауға қатысып, "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan

0
0
130

Осы тақырып бойынша

"ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" акциясы жалғасуда - Yvision.kz