Мазмұнға өту

Жаңа

Тағы бір жылды тәмәмдап, жаңа 2021 жылға қадам бастық.

Қадірлі Атыраулықтар!

Тағы бір жылды тәмәмдап, жаңа 2021 жылға қадам бастық. Өткен жыл тек қиындықтардан емес сонымен қатар, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі болған жыл болды. Қиындықты еңсере алатынымызды көрдік. Елдігіміз беки түсті. Әсем қаламыз көркейіп келеді. Көптеген ауқымды істер қолға алынып, халық игілігіне берілді. Келер жылы да атқарылар толағай жұмыстар бар. Жаңа жылда елімізге тыныштық, әр шаңыраққа қуаныш, береке тілеймін!

Жаңа 2021 жыл құтты болсын!

Аса құрметпен,

"Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бейбіт Мырзағалиев.

0
0
139

"КазТрансОйл"АҚ өкілдерігеодезист К.А.Ордабаевпенқоғамменбайланыс жөніндегімаманН.Гизатовпенкездесу.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында 28 желтоқсан күні қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер Г.С.Дюсупова, М.Хайруллиев, А.С.Шунаева болып, "КазТрансОйл" АҚ өкілдері геодезист К.А.Ордабаев пен қоғаммен байланыс жөніндегі маман Н. Гизатовпен кездестік.

Кездесуде аймақтағы экологиялық ахуал, әсіресе "Тухлая балка" қалпына келтіру, полигонды қала сыртына ауыстыру, мектептер мен медициналық ұйымдардың құрылысын салу қажеттілігі айтылып, маңызды сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Олар "Nur Otan" партиясының бағдарламасын қолдайтындарын, сайлауға барып, өз таңдауларын жасайтындарын білдірді. Біз халықпен біргеміз!

0
0
136

Дамба ауылының тұрғындарымен кездеcу.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Бейбіт Мырзағалиев бастаған, "Nur Otan" партиясынан Атырау облыстық маслихаты депутаттығына үміткер Айгул Әмірғалиева және "Nur Otan" партиясы Атырау қалалық сайлауалды штабының өкілі Жанылсын Кенжегалиева Дамба ауылының тұрғындарымен кездескенбіз. Зейнеткер Хитуов Ғарифолла ағамыздың шаңырағында болып, "Nur Otan" партиясының бағдарламасы аясында үгіт - насихат жұмыстарын жүргіздік. Осы ауыл әкімі қызметінде көп жылдары еңбек еткен ардагер ағамыз Дамба ауылының көркейуіне соның ішінде балық шаруашылығының дамуына еңбегі сіңгені туралы айтып тоқталды. Бүгінгі таңда зейнеткерлікке шығып ұл қыздарының, немерелерінің ортасында бақытты ата -ана. Еліміздің болашағы мен тұрақты…

0
0
135

Төреарық ауылының тұрғыны Оспанов Бектөре ақсақалдың шаңырағында канвассинг кездесуін өткізді.

Үміткер үй иесіне "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын қысқа нұсқа түсіндіре келіп, осы партияға дауыс беруге шақырды.Ауыл қариясы да "Nur Otan" партиясына деген үлкен сенімін білдіріп, сайлауда жеңіске жетуге тілектестік білдірді. Әрі К.Бегалыұлына ақ батасын арнады.

0
0
211

Бүгін “Nur Otan” партиясының атынан алғаш рет азаматтарды қабылдау күнім болды.

Бүгін “Nur Otan” партиясының атынан алғаш рет азаматтарды қабылдау күнім болды. Маған берілген 1 сағат ішінде 2 адамды қабылдап үлгердім. Халық басқа жерден шешілмегесін, “Nur Otan” партиясы тарапынан өз мәселелерінің шешімін табамыз деген үмітпен келіп жатыр.ағамызға алғыс білдіремін.Соның ішінде көп балалы ана өзінің жағдайын айтып, пандемия кезінде жұбайы жұмыссыз қалғанын және үй жалдап жүргенін айтқан болатын. Алдағы 2021 жыл жаңа жұмысқа орналастыруға жұмыс орындарының бағытын көрсетіп,жұмысқа орналасу жолдарын түсіндірдім.Ислам есімді ұлы спортқа жақын екенін айтып,сол үйінің маңында орналасқан Мерген спорт клубына тегін қатысуына мүмкіндік жасап, көп балалы анаға қолдау білдіргенMedet KozhahmetovЕкінші мәселемен Привокзальный мөлтек ауданының тұрғындары келіп,тұратын көшелерінде т…

0
0
132

Ынталы ауылының тұрғыны Тастанбеков Қадірәлі ақсақалдың шаңырағында болып канвассинг кездесу өтті

К.Абасов алдағы бес жылдықта республика, облыс көлемінде атқарылар жұмыстарды сараласа, Ә.Бердімұрат ауданда іске асырылатын бастамаларды баса айтты. Сөйтіп, ауыл қариясын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияға дауыс беруге үндеді. Үгіт насихат үнқағаздарын таратты. Ақсақалдың ақ батасын арқалап қайтты.

0
0
199