Атырау инженерлік гуманитарлық институты ұжымымен кездесу өткізілді.
"Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары "Nur Otan" партиясы Атырау қалалық маслихаты депутаттығына үміткер Бейбіт Мырзағалиев ,"Nur Otan" партиясынан Атырау облыстық маслихаты депутаттығына үміткер Айгул Әмірғалиева,"Nur Otan" партиясы Атырау қалалық сайлауалды штабының өкілі Жанылсын Кенжегалиева "Nur Otan" партиясының бағдарламасы аясында үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында, Атырау инженерлік гуманитарлық институты ұжымымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында ұстаздар экология мәселесі мен білім саласына көңіл бөліп өз ойларын ортаға салды.Айтылған ұсыныстардың барлығы да бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері екендігі туралы кандидаттарда өз ойларын нақты айта отырып Қазақстанның 7 басымдығында бұл мәселелер көтеріліп отырғанын жеткізді. Кездесуді қортындылай келе кандидаттарымыз ардагер ұстаздарды жалпы ұстаздар қауымын "Nur Otan" партиясын қолдап бір ауыздан дауыс беруге шақырды.
