Жаңа
Дамбы ауылының тұрғыны Мұратолла Тілекқабыл ағамыздың шаңырағында болдық.
Бүгін "Nur Otan" партиясынан Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Айгүл Әмірғалиева, қалалық штаб мүшесі, сенімді өкіл Жаңылсын Кенжеғалиева болып Дамбы ауылының тұрғыны Мұратолла Тілекқабыл ағамыздың шаңырағында болдық. Ағамыз ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы, елге қадірлі азамат. Кездесуде "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын талқыладық. Ағамыздың ұсыныс пікірлерін тыңдап, батасын алдық. Тілекқабыл ағамыз алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беретінін жеткізді.
Құрметті Бейнеуліктер!
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасынан ақпарат бердік.
Бүгін "есіктен есікке" акциясы аясында бүгін мен және облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Айгүл Әмірғалиева, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сарсембаева Айжан және сенімді өкіл Кенжегалиева Жанылсын Огородная көшесінде тұратын 2 топ мүгедегі Ғаббасова Әлия апамызға барып, қал-жағдайын біліп, қаңтар айында елімізде өткелі отырған сайлауға шақырып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасынан ақпарат бердік. Әлия апамыз сайлауға жанұясымен қатысып, қолдайтынын білдірді. #NurOtan
Жапабаев Ермухан Темиргалиевич Онлайн ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді.
Құрметті жерлестер!
Тағы бір жылды тәмәмдап, жаңа 2021 жылға қадам бастық.
Қадірлі Атыраулықтар!
Тағы бір жылды тәмәмдап, жаңа 2021 жылға қадам бастық. Өткен жыл тек қиындықтардан емес сонымен қатар, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі болған жыл болды. Қиындықты еңсере алатынымызды көрдік. Елдігіміз беки түсті. Әсем қаламыз көркейіп келеді. Көптеген ауқымды істер қолға алынып, халық игілігіне берілді. Келер жылы да атқарылар толағай жұмыстар бар. Жаңа жылда елімізге тыныштық, әр шаңыраққа қуаныш, береке тілеймін!
Жаңа 2021 жыл құтты болсын!
Аса құрметпен,
"Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Бейбіт Мырзағалиев.
Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2917 теңге мөлшерінде белгіленді.
"КазТрансОйл"АҚ өкілдерігеодезист К.А.Ордабаевпенқоғамменбайланыс жөніндегімаманН.Гизатовпенкездесу.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында 28 желтоқсан күні қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер Г.С.Дюсупова, М.Хайруллиев, А.С.Шунаева болып, "КазТрансОйл" АҚ өкілдері геодезист К.А.Ордабаев пен қоғаммен байланыс жөніндегі маман Н. Гизатовпен кездестік.
Кездесуде аймақтағы экологиялық ахуал, әсіресе "Тухлая балка" қалпына келтіру, полигонды қала сыртына ауыстыру, мектептер мен медициналық ұйымдардың құрылысын салу қажеттілігі айтылып, маңызды сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Олар "Nur Otan" партиясының бағдарламасын қолдайтындарын, сайлауға барып, өз таңдауларын жасайтындарын білдірді. Біз халықпен біргеміз!