Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кездесу өтті

Жалпы ауылда мыңға тарта халық тұрады. Ауданда өзіндік беделі бар, облысқа, республикаға танымал талай шәкірттерді тәрбиелеп ұшырған А.Жұмағалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бүгінгі таңда 121 оқушы білім алуда. Іргелес жатқан Тамды елді мекенінен 18 оқушы тасымал арқылы мектепке қатынауда. Осы оқушыларға отызға жуық ұстаздар білім нәрін себуде. Кездесу барысында Нұртілеу Жеңісұлы екеуміз "Nur Otan" партиясының аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі бағдарламалардың ауылдық жерлерге қажетті деген жерлерін түсіндіріп, алдағы бес жыл ішінде іске асырылатындығына тоқталып, 10 қаңтар күні болатын үлкен саяси науқан сайлауға қатысып, өз дауыстарын берулерін сұрадық. Жалпы сайлауға қатысудың өзі, бұл сол елді мекеннің саяси сауаттылығын, елдің, жердің өсіп-өркендеуіне бей-жай қарамайтындықтарын көрсетеді. Қоңыр ауылындағы жалпы білім беретін А.Жұмағалиев атындағы білім ордасының қазіргі ғимараты 1988 жылы пайдалануға берілген екен. Сайлаушылардың аманаттарының бірі осы білім ордасын күрделі жөндеуден өткізу. Сондай-ақ оқушылар тасымалында жүрген көлікке де он жыл болған екен. Жаңа көлік қажет. Ауыл халқының басты мәслелерінің бірі талай жылдан бері көтеріліп келе жатырған Самара -Шымкент халықаралық көлік дәлізіне қосылатын 30 шақырымдық жолдың жыры. Осы қара жол қатқыл табанды жолға айналса көп мәселелердің де шешімі табылар еді. Кездесуге қатысушылар Нұртілеу екеумізге осындай негізгі деген өз ұсыныстарын айтты. Кездесуден кейін кейбір ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдадық.

0
0
105

Осы тақырып бойынша