Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur-Otan жастарды қолдайды...

Nur-Otan жастарды қолдайды...

Партияның сайлауалды бағдарламасында қазақстандық жастар үшін де орын бар. Біз – жас ұлтпыз, себебі, еліміздің әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған.

Партия жастарымыздың мүмкіндіктерін дамыту бойынша бірнеше міндеттерді мойнына алды. Соның бірі – сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50 пайызға көбейту.

Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады. Назарбаев Университет тәжірибесі бойынша 2 алдыңғы қатарлы өңірлік жоғары оқу орны құрылады. Ал, тиімсіз білім беретін оқу орындары жабылады.

2025 жылға қарай жастардың барлығы дерлік колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алатын болады. 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту шаралары қолға алынады.

Барлық жоғары оқу орындарының, колледждердің білім беру бағдарламалары жаңартылып, кәсіпкерлік, экологиялық, мәдени білім негіздері бойынша жаңа пәндер енгізіледі.

2025 жылға қарай студенттердің шәкіртақысы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардыкі – 1,5 есеге өседі. Жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлінеді. Колледждер мен университеттердің жатақханаларында 50 мың жаңа орын беріледі.

Осы тақырып бойынша