Мазмұнға өту

Жаңа

Кездесу өтті

Баршаңызға белгілі, 10 қаңтар сайлау өтеді. Осы тұста, партияның жастарға көрсетіліп жатырған көмектері мен мүмкіндіктерін атап өттім. “Дипломмен ауылға”, “Жастар тәжірибесі”, “Жасыл ел” бағдарламалары аудан көлемінде тұрақты түрде жүзеге асып келеді. 2020 жылы аталмыш бағдарламамен көптеген жастар еңбек етті. Алдағы уақытта да, партия қолдауымен студенттерге, жас ғалымдарға, жас мамандарға мүмкіндіктер мол болмақ. Сайлауалды бағдарламаға тоқталып өтер болсақ “Бастау бизнес” жобасы бойынша 1 мың жасты оқыту, “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша 1,2 мың жасты жұмысқа орналастыру және колледж студенттеріне жатахана салу жоспарлануда.Жалпы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы аудан жастарының дамуы жолында түрлі шараларды өткізіп келеді. Сырым ауданы бойынша 4826 жас бар, бұл ау…

0
0
169

2021 жылды 2021 метрмен бастадық...

2021 жылды 2021 метрмен бастадық...

Жаңа жылдың алғашқы таңын Атырау мемлекеттік университетінің спорттық кешенінде 2021 метр қашықтыққа жүгіруден бастайын деп шештім.

Өткен жыл бәріміз үшін ауыр болды, пандемия қиындықтар әкелді, бірақ толыққанды әрі үйлесімді өмір үшін ең қажетті - денсаулықтың қадірін ұғындырды.

Сол себепті жостарымыз, таныстарымыз болып жаңа жылды символикалық қашықтықтан бастайық деген шешімге келдік. Келген жылды балаларымыздың болашақ мұғалімдерін дайындайтын университеттің дене шынықтыру факультетінің оқытушысы Рфаэльмен бастағаным үшін қуаныштымын.

Әрқайсымыз, отбасының басшысы, жауапты адам әрі ата-ана ретінде саламатты өмір салтын ұстанып, балаларымыз бен жақындарымызға үлгі бола білуіміз керек!

0
0
164

Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті достар!Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Жаңа 2021 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!#nurotan #jenimpazbol #bizbirgemizNur Otan EreimentauАбай АльжановGalym Bekmagambetov

0
0
145

Кездесу өтті

Баршаңызға белгілі, 10 қаңтар сайлау өтеді. Осы тұста, партияның жастарға көрсетіліп жатырған көмектері мен мүмкіндіктерін атап өттім. “Дипломмен ауылға”, “Жастар тәжірибесі”, “Жасыл ел” бағдарламалары аудан көлемінде тұрақты түрде жүзеге асып келеді. 2020 жылы аталмыш бағдарламамен көптеген жастар еңбек етті. Алдағы уақытта да, партия қолдауымен студенттерге, жас ғалымдарға, жас мамандарға мүмкіндіктер мол болмақ. Сайлауалды бағдарламаға тоқталып өтер болсақ “Бастау бизнес” жобасы бойынша 1 мың жасты оқыту, “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша 1,2 мың жасты жұмысқа орналастыру және колледж студенттеріне жатахана салу жоспарлануда.Жалпы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы аудан жастарының дамуы жолында түрлі шараларды өткізіп келеді. Сырым ауданы бойынша 4826 жас бар, бұл ау…

0
0
232

Жайлы әрі қауіпсіз қала - қазақстандықтар үшін...

Жайлы әрі қауіпсіз қала - қазақстандықтар үшін...Жаңа жыл қарсаңында көптен күткен қар жауып, қала тұрғындары мен бала-шаға бір мәз боп қалды. Мерекелік демалыс күндерін атыраулықтардың көпшілігі жағалауда, саябақтарда және Жайықтың үстінде сырғанаумен өткізді.Қала тұрғындарының бір бөлігі тутұғырды көруге жиналды. Шыны керек, көк туымыз жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Атырауымыздың сәнін аша түсті.“Nur Otan” партиясының басты бағыты – қалаларда жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.Қалаларда ескі аудандарды жаңарту, апатты, ескі үйлерді күреу жұмыстары жүргізіледі.Облыс орталықтары мен шағын қалаларда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жыл сайын инженерлік желілері жүргізілген 18 мың жер телімі бөлінеді.Қаладағы тасымал жүйесін, қызмет түрлерін жақсартып, азаматтардың қа…

0
0
271

"ҚТЖ" Жүк тасымалы"АҚ "Маңғыстау БП бөлімшесі" еңбек ұжымымен онлайн кездесу

Облыстық және Мұнайлы аудандық сайлауалды штаб мүшелері "ҚТЖ" Жүк тасымалы"АҚ "Маңғыстау БП бөлімшесі" еңбек ұжымымен «Zoom» платформасы арқылы онлайн кездесті.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Сонымен қатар, штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы жалғаса беретінін жеткізіп, партия – барлығы үшін ашық екенін айтты. Қызметкерлер оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

0
0
115

“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі.

“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі – әр баланың толыққанды өмір сүруі үшін жағдай жасау, олардың құқығын қорғау, тәлімді тәрбие мен сапалы білім алуына мүмкіндік тудыру екенін білесіз бе?

Партияның алдында 2025 жылға қарай 3-6 жас аралығындағы барлық қазақстандық балаларды, 2 жас пен 6 жас аралағындағы 95 пайыз бүлдіршінді мектепалды оқыту және тәрбиемен қамту мақсаты тұр.

Балабақша кезегіне қою тәртібі толықтай цифрландырылады. Ата-аналарға «балаға қаражат» қағидасымен кез келген мектепке дейінгі білім беру ұйымынан орын таңдау үшін ваучерлер беріледі.

Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды ерте жастан әлеуметтік ортаға бейімдеу, сонымен қатар мектепке сапалы даярлау бағытында жұмыстар жүргізеді.

0
0
160