2021 жылды 2021 метрмен бастадық...
2021 жылды 2021 метрмен бастадық...
Жаңа жылдың алғашқы таңын Атырау мемлекеттік университетінің спорттық кешенінде 2021 метр қашықтыққа жүгіруден бастайын деп шештім.
Өткен жыл бәріміз үшін ауыр болды, пандемия қиындықтар әкелді, бірақ толыққанды әрі үйлесімді өмір үшін ең қажетті - денсаулықтың қадірін ұғындырды.
Сол себепті жостарымыз, таныстарымыз болып жаңа жылды символикалық қашықтықтан бастайық деген шешімге келдік. Келген жылды балаларымыздың болашақ мұғалімдерін дайындайтын университеттің дене шынықтыру факультетінің оқытушысы Рфаэльмен бастағаным үшін қуаныштымын.
Әрқайсымыз, отбасының басшысы, жауапты адам әрі ата-ана ретінде саламатты өмір салтын ұстанып, балаларымыз бен жақындарымызға үлгі бола білуіміз керек!
