Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жайлы әрі қауіпсіз қала - қазақстандықтар үшін...

Жайлы әрі қауіпсіз қала - қазақстандықтар үшін...

Жаңа жыл қарсаңында көптен күткен қар жауып, қала тұрғындары мен бала-шаға бір мәз боп қалды. Мерекелік демалыс күндерін атыраулықтардың көпшілігі жағалауда, саябақтарда және Жайықтың үстінде сырғанаумен өткізді.

Қала тұрғындарының бір бөлігі тутұғырды көруге жиналды. Шыны керек, көк туымыз жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Атырауымыздың сәнін аша түсті.

“Nur Otan” партиясының басты бағыты – қалаларда жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.

Қалаларда ескі аудандарды жаңарту, апатты, ескі үйлерді күреу жұмыстары жүргізіледі.

Облыс орталықтары мен шағын қалаларда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жыл сайын инженерлік желілері жүргізілген 18 мың жер телімі бөлінеді.

Қаладағы тасымал жүйесін, қызмет түрлерін жақсартып, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Smart City» тұжырымдамасы жүзеге асады.

Барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар жоғары жылдамдықты 5G интернетімен қамтылады.

53 су тазалау имараттары салынып, жаңартылады, ағын сулар 100 пайыз тазартылады, коммуналдық желілердің тозуы төмендеп, нөсерлік және арықтық желілер қалыпқа келтіріледі.

Батыс Қазақстанның қалалары мен аудандары еліміздің Бірыңғай энергиялық жүйесіне қосылады.

Еліміздің барлық қалалары заманауи автокөлік жолдары арқылы байланысатын болады. Республикалық маңыздағы 25 шақырым жол салынып, жаңғыртудан өтеді, жолдардың сапасы 100 пайыз болады.

Жол бойында барлық бағыттағы қызмет нысандары салынады.

Nur-Otan партиясына дауыс бер!#JENIMPAZBOL

#BIZBIRGEMIZ

#Nur_Otan

0
0
232

Осы тақырып бойынша

Жайлы әрі қауіпсіз қала - қазақстандықтар үшін... - Yvision.kz