Мазмұнға өту

Жаңа

Достық үйінде канвассинг кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер және штаб мүшелері Достық үйінде канвассинг кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткерлер этномәдени бірлестік өкілдеріне партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
158

Кәсіподақ өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Снежана Имашева онлайн форматта Кәсіподақ өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

10 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды. Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыруда.

Кандидаттар 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардағы сайлау туралы айтып, "Nur Otan"партиясының бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
188

Бейне конференциялық байланыс арқылы тұрғындармен жеке қабылдау

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов бейне конференциялық байланыс арқылы тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Әкіммен жүздескен Бейнеу ауданының тұрғыны кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімін алу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, ұңғыма жұмыстарын жүзеге асыратын серіктестік директоры өңірдегі мұнай копаниясы келісілген шартты бұзғаны бойынша көмек сұрады. Тұрғындарды жан-жақты тыңдаған аймақ басшысы мал шаруашылығымен айналысқысы келетін тұрғынға қолдау көрсетуді тапсырды.Ал, ұңғыма жұмыстарымен айналысатын серіктестіктің мәселесі заң аясында белгілі тәтіппен шешілетіні айтылды.

0
0
167

Мұнайлыда жедел жәрдем автопаркі жаңа 11 көлікпен толықты

Мұнайлыда жедел жәрдем автопаркі жаңа 11 көлікпен толықты

Маңғыстау облысы жедел жәрдем стансасының Мұнайлы ауданындағы бөлімшесіне 11 жаңа көліктің кілттері табысталды. Шараға аудан әкімі Рахат Елтизаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Мырзақұлов, аудандық орталық емхана ұжымы қатысты.

Айта кету керек, бұл көліктер өте ыңғайлы, заман талабына сай, арнайы жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда қосымша реанимациялық бағыттағы, яғни инсульт алғандарға, жүрек талмысына шалдыққандарға жылдам көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл медиктердің алтын уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне аудан халқының саны күннен санап өсіп келеді.

0
0
182

«Бір мемлекет, бір тіл»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында және 1 желтоқсан – Қазақстан Республиқасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Маңғыстау облыстық жастар қозғалысы «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшесі Джамалай Элимханов жиынға катысып «Бір мемлекет, бір тіл» - деген баяндамасын атап өтті.

Жиын соныңда Джамалай Элимханов, елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін мерейтойлық медалімен наградталды.

0
0
155

Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы -

Өңірімізге білім беру саласының майталман ардагер – ұстазы Жақсылық Бисалиев ағаймен болған ЭКСПРОМТ кездесу ел президенті Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы -📷Тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін қорғаймыз,- деген сөздерден басталды. 📷Ел-жұртымыздың амандығы мен берекесі оның әр азаматының саяси белсенділігіне байланысты екеніне тоқтала отыра, алдымыздағы болатын Сайлауға үлкен үміт артатынын, халқымыз үшін маңыздылығынан міндетті түрде қатысып, отбасымен дауыс беретінін, соның ішінде «Nurotan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асуына сәттілік тілейтінін айтты.📷Аман жүріңіз Жақсылық аға!@nur_otan @baibek…

0
0
227

Дәрі-дәрмектер қорын және медициналық бұйымдармен (ИВЛ, КТ аппараттар) қамтамасыз ету;

«Nur Otan» партиясы әрбір азаматқа Денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын болады.Ол үшін партия төмендегі шараларды іске асырады: Дәрі-дәрмектер қорын және медициналық бұйымдармен (ИВЛ, КТ аппараттар) қамтамасыз ету; Қаланың барлық емдеу–сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз етуді қатаң бақылауда ұстау; Еліміздің медицина жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қаламыздың интерндері мен резиденттерін жұмысқа орналастыру; 2021-2025 жылдары біліктілікті арттыру және жаңа әлемдік тәжірибе алмасу мақсатында 25 дәрігерді (акушер-гинеколог, неонатолог, балалар хирургі, травматолог, анестизиолог-реаниматолог, нейрохирург, онколог, жалпы тәжірибелік дәрігер)шет елдік (О…

0
0
184

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов «AQTAU TV» телеарнасына барды.

Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов «AQTAU TV» телеарнасына барды. Өңір басшысы жаңа медиа орталықтың ұжымымен кездесіп, жұмысымен танысты. Телеарна директоры Әнуарбек Бимағамбет тележобалар және алдағы жоспарлары туралы баяндады. Аймақтағы телевизия саласының ардагері Қожахмет Демеубергенұлы жаңа ұжымға сәттілік тілеп, батасын берді.«AQTAU TV» телекомпаниясы – «CASPIAN MEDIA SERVICE» ЖШС құрамындағы жекеменшік жаңа медиақұрылым. Телеарна 2019 жылы 18 қазан айында эфирге қосылды. Цифрлы телевизизиялық тарату жүйесі арқылы облыстың 70 %-ына хабар таратады. Соның ішінде, Ақтау қаласы мен оның маңайындағы елді мекендерді,Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын ауылдарын және Мұнайлы ауданын тұтас қамтиды.Телеарнаның тарату кестесіне сәйкес үздіксіз эфир уақыты – тәулігіне 19 сағат. Мемлекеттік ті…

0
0
166

Тағайындау

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аппараттық жиында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығын ұжымға таныстырды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне Мұханов Мұрат тағайындалды. Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген, 2020 жылы РФ Азаматтық қорғаныс, ТЖ және табиғи апаттардың салдарын жою істері жөніндегі министрлігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2006 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік өртті бақылау бағыт…

0
0
129