100% қолдайтындықтарын айтты
Штаб мүшелері аудандық аурухана қызметкерлерімен кандидаттардың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін кездесу өткізді. Пандемия кезінде адам өмірінің арашасы болып, күні-түні тынымсыз еңбек еткен ақ халаттылар денсаулық жайына көп тоқталды. Сонымен қатар пандемиямен күресуге қаржылай көмектесіп және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еткен "Nur Otan" партиясының қолдауына ризашылықтарын жеткізді. Медицина саласының өкілдері сайлауда "Nur Otan"-ға дауыс беріп, 100% қолдайтындықтарын айтты.
