Тағайындау
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов аппараттық жиында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығын ұжымға таныстырды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне Мұханов Мұрат тағайындалды. Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген, 2020 жылы РФ Азаматтық қорғаныс, ТЖ және табиғи апаттардың салдарын жою істері жөніндегі министрлігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.Еңбек жолын Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2006 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік өртті бақылау бағыт…