Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Есіктен-есікке” акциясы

Бүгін “ Есіктен-есікке” акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жулдыз Мұханбетқалиқызы сенімді өкілі Талғат Масақбаевпен, Зина Нугаеваның сенімді өкілдері Жанна Буркитова, Загила Сайыпова және Жулдуз Ермекова “Жаңаөзен” ойын-сауық орталығында және "Жібек жолы" сауда үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция аясында Сайлауалды бағдарлама түсіндіріліп, алдағы сайлауда дауыс беруге шықырылды. Акция барысында Жаңаөзен халқының сайлауға деген, "Nur Otan" партиясына деген көзқарастары мен қызығушылықтарын ерекше атап өтуге болады.

Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде сұхбаттасқан адамдардың кері байланыс жасап, сайлауалды бағдарламаның еліміздің, Маңғыстау өңірінің, қалаберді Жаңаөзен қаламыздың өсіп-өркендеуіне жасалғанын, экономикамызға тиер пайдасы зор екендігін айтқанда біз өз партиямыздың бағдарламасының өте жақсы құрылғанына көзіміз тағы жетті, көңіліміз қуанды-дейді сенімді өкілдер.

Мен "Nur Otan" партиясын таңдаймын!-деп ұрандата отырып, олар кездескен қала тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Өз кезектерінде тұрғындар қаламыздың, өлкеміздің, еліміздің игілігі үшін жасалатын игілікті іске себепші болатын "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндіктерін айтты.

"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!"📷

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!📷

2
0
240

Осы тақырып бойынша

“Есіктен-есікке” акциясы - Yvision.kz