"Кедергісіз келешек" жобасы
Қазіргі əлемде сапалы білім беру — өмірлік жетістіктерді анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Мүмкіндігі шектеулі жандар лайықты білім алуға жəне толыққанды өмір сүруге мүмкіншіліктері болуы тиіс."Nur Otan" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын артыруға бағытталғаны бәрімізге мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігі айтылған болатын. “Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз”, – деген болатын Н. Ә. Назарбаев. Жолдауды іске асыру жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәк…



