«Nur Otan»-ның сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысына келді.
«Nur Otan»-ның сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысына келді. Өнеркәсіп жұмысшыларымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, қала және өңір тұрғындарымен 20 шақты кездесу өткіздік.
⠀
Өскемен титан-магний комбинатының ұжымымен кездесуде сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқыладық.
⠀
Билеуші партия таяудағы 5 жылда өңірде 130 мың жаңа жұмыс орнын ашуды, 2,5 мың километр автожолға жөндеу жүргізуді, 230-дан астам ауылдың 100 мыңдай тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді, 30 мың отбасының тұрғын үй мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, кәсіпорындарды жаңғырту мен қоқыс өңдеу кешендерін салу есебінен экологияны жақсарту және зиянды шығарындыларды кемінде 10%-ке төмендету бойынша бірқатар шаралар қолға алынады.
⠀
Бұдан кейін сайлауалды штаб мүшелерімен бірге Өскемен қаласындағы 19-ықшам ауданның тұрғындарымен кездестік. Қалалықтарды негізінен аулалар мен балалар алаңқайларын абаттандыру, қоғамдық көлік жұмысы мен коммуналдық қызметтер сапасы секілді мәселелер толғандырады. Аталған мәселелерді шешу үшін біз бірқатар нақты міндеттерді пысықтадық, олар туралы nurotan2021.kz сайтынан толығырақ танысуға болады.
⠀
Сонымен бірге Ана мен бала орталығына бардық.
⠀
Отбасын қолдау мен нығайту – елдің табысты дамуының кепілі. Біз отбасын қолдау үшін әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеміз. Инфляция деңгейі ескеріле отырып, әлеуметтік жәрдемақыларға индексациялау жүргізіледі. Осы мақсатқа 3 трлн-нан астам теңге бағыттау жоспарлануда.
⠀
Көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлікті, отбасын жұмыспен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданады.
⠀
«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту бойынша жүйелі шараларды қолға аламыз. Елдегі әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық шиеленістерді шешу және балалы әйелдерге уақытша тұрғынжай ұсыну орталықтары құрылады.
⠀
Бұл ретте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданып, отбасылық соттар құрылатын болады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға атаулы көмек көрсету үшін «111 Шұғыл қызмет жұмысы» қамтамасыз етіледі.
⠀
Мақсаты айқын, нақты істер партиясы – «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!
