Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Алматы облысына келді

«Инфраэнерго» электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорын ұжымымен кездесуде партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын талқыладық.

«Nur Otan» алдағы 5 жылда өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды, 31 мың орынды құрайтын 80 жаңа мектеп салу арқылы үшауысымды оқу мәселесін шешуді, 120 ауылдың 190 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді, 72 денсаулық сақтау нысанын, сондай-ақ 120 мыңнан астам пәтер салуды жоспарлап отыр.

Бұдан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, отандас-қандастармен және жастармен кездестік.

Сондай-ақ, сапар барысында бірқатар азаматтарды қабылдадым.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Азаматтармен әрдайым тығыз байланыста болу – біздің партиямызға көрсетілетін таусылмас халықтық қолдаудың қайнар көзі».

Мәселен, қабылдауда Назерке Әбдіхалықова Райымбек ауданында емхана салу мәселесін көтерсе, Шонжы ауылынан келген көпбалалы ана Зағира Әлімходжаева салынып жатқан жалдамалы тұрғын үй санын арттыруды өтінді. Ал Амангелді Шәріпқұлов Айтей ауылы тұрғындарының электрмен жабдықтау мәселесін шешу жөніндегі өтінішін жеткізді.

Бұл мәселелер партияның сайлауалды уәделері аясында шешілетін болады.

Жалпы, үгіт кезеңі басталғаннан бері біздің қоғамдық қабылдауларға 56 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде 20 мыңдайы – сайлаушылардың ұсыныстары мен аманаты. Кандидаттар мен сенім білдірілген тұлғалар 7,3 мың қабылдау өткізді.

Бұл ретте азаматтарды негізінен келесі өзекті мәселелер толғандырады: әлеуметтік қамтамасыз ету – 22%, ТКШ – 17%, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу – 12%, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары – 8%, денсаулық сақтау – 6%, білім беру – 5% және т.б.

Халық тарапынан түскен барлық өтініш пен аманат ерекше партиялық бақылауға алынады.

Мақсаты айқын, нақты істер партиясы – «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!

Бауыржан Байбек

0
0
146

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Алматы облысына келді - Yvision.kz