Мазмұнға өту

Жаңа

"Бақытты отбасы" жобасы аясында көп балалы аналармен кездесу

2021 жылдың 06 қаңтар күні «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық филиалының конференц залында Приозерск қалалық маслихатына үміткерлер Ахметова Рахима Есенаманқызы және Сатыбалдин Бахтияр Сәкенұлы "Бақытты отбасы" жобасы аясында көп балалы аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау болып табылатын дамудың жеті басымдығымен таныстырды.

📷Баршаңызды “NUR OTAN» партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
220

“Есіктен есікке акциясы”

2021 жылдын 05 қантарында “Есіктен есікке акциясы” Ақтау қаласы 26 шағын ауданда жалғасын табуда. Сенімді өкілім К.К.Елубаева тұрғындарға Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру жүргізді. Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының жұмысына бағасын беріп партияны қолдайтындарын жеткізді.

0
0
163

Ақкетіктегі ЕСІКТЕН ЕСІККЕ акциясы

Бүгін сенімді өкілдерім Ықылас Көшербай мен Аскар Дузмагамбетов Түпқараған ауданы, Кетік ауылында "Есіктен есікке" акциясын өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Барлығы 37 адам қамтылды.

#NurOtan

Nur Otan Túpqaraǵan Aýdandyq

#edilzhangbyrshin

0
0
150

Ақсақал алда өтетін сайлауда сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Жастармен жиын өткеннен кейін, еңбек ардагері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Таңғұлов Боқан ағамызға амандаса бардық.

Құшағын жая қарсы алған ағамыз, "Абыз қала, аңыз қала - Ақкетік туған мекенім..." атты өзі жазған кітабын сыйға тартты.

Боқаңмен өткен-кеткеннен емен жарқын әңгіме шертіп, елдің жәйін қозғадық. Ақсақал алда өтетін сайлауда сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
153