Жаңа жобаларды несиелендіруге ықпал етіледі
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Үсенбек Рахмет, Мақсұт Гайруллаев, Қайрат Зайнишев, Арай Сауранбекова экспормт іс-шарасы аясында «Дастархан» дүкенінде насихат жұмыстарын жүргізді.«Nur Otan» партиясы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Еңбек», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 30-дан аса азаматты өз кәсібін ашу үшін оқытуға, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 10 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20-ға жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге ықпал етеді.Нәтижесінде 2025 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерлер саны 8,8 мыңға көт…