Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының нəтижесі бойынша брифинг қорытындысы өтті.
Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының нəтижесі бойынша брифинг "Nur Otan" партиясы Т. Рысқұлов аудандық филиалында Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісіне, облыстық жəне аудандық мəслихат депутаттығына сайлауы алдындағы үгіт насихат жұмыстарының науқан аралық қорытындысы жөнінде брифинг өтті. Брифингте "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды штабының басшысы Қ. Арыстанбеков штаб ашылған күннен бергі сайлауалды жұмыстарының нəтижелерін баяндады. 11 желтоқсан күні партияның сайлауалды штабы ашылып, үгіт насихат кезеңі басталды. Осы 11.12.2020 - 8.01.2021 ж. аралығында бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Биылғы сайлаудың үгіт насихат жұмыстары ашық түрде қазіргі пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта да көптеп өтті. "Есіктен есікке", Канвассинг , Экспромт - кездесулер жəне ш…