Кентау өңірінің көрнекті тумалары насихатталады
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Үсенбек Рахмет, Мақсұт Гайруллаев, Қайрат Зайнишев, Арай Сауранбекова «Есіктен Есікке» акциясына қатысты. Онда насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Кентау өңірінің көрнекті тумаларын насихаттауға, қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедициясын жүргізу, қала мен ауылдардың қасиетті жерлерін көгалдандыру, кәсіпкерлер көмегімен сервистік қызметтерді дамытуға, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.
