«Nur Otan» партиясының Жезқазған қалалық сайлауалды штабының жұмысы өз мәресіне жетті.
«Nur Otan» партиясының Жезқазған қалалық сайлауалды штабының жұмысы өз мәресіне жетті.
Түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар мен сайлауалды штабтың мүшелері «Zoom» платформасында бас қосып, 11 қарашада басталған үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Онлайн форматтағы кездесудің алғы сөзін алған «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңгірбай Смағұлов:
– «Nur Otan» партиясы атынан облыс және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат үміткерлер 61 мыңнан астам сайлаушыны қамтыған 113 кездесу өткізді. Біздің кандидаттар барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, қала тұрғындарның назарына партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын жеткізе білді. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға орай карантиндік шектеу шаралары қатаң сақталғанын да айтпай кетпеске болмас. Індеттің таралуына жол бермеу үшін кандидаттар үгіт-насихат кездесулерінде көп адам жинамады. Дегенмен, тұрғындар жиі баратын сауда орындарында өткізілген экспромт-кездесулер аясында 300 сайлаушыны қамту мүмкін болды. «Есіктен – есікке» акциясы мен канвассинг кездесулер шеңберінде де кандидаттар сайлаушылармен пікірлесе алды. Жезқазған қаласындағы өндіріс ошақтары байыту фабрикасы, құю-механикалық және мыс қорыту зауыттарының, сонымен бірге қалалық көпбейінді ауруханасы мен «ULY DALA» гипермаркеті, «Ютария ltd» компаниясының ұжымы да насихат жұмыстарымен қамтылмай қалмады , – деді.
Жалпы, «нұротандық» кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат жүргізу барысында барлық мүмкіндіктерді пайдалана білді. Сайлаушылармен бетпе-бет қана емес әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда қашықтан ой бөлісті. Тікелей эфирлерге 300-ден аса желі қолданушысы қосылса, «Zооm» платформасында өткен 50 конференцияға қатысқандардың саны мыңға жуықтады.
Онлайн кездесуе сөз алған Бекзат Алтынбеков ерекше маңызға ие науқанға бір кісідей қатысқан қалалық сайлауалды штабтың мүшелері мен кандидаттарға зор алғысын білдіріп, еткен еңбек ақталып, халықтың партиясы "Nur Otan" жеңімпаз атанатынына сенім білдірді.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
