Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының нəтижесі бойынша брифинг қорытындысы өтті.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының нəтижесі бойынша брифинг "Nur Otan" партиясы Т. Рысқұлов аудандық филиалында Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісіне, облыстық жəне аудандық мəслихат депутаттығына сайлауы алдындағы үгіт насихат жұмыстарының науқан аралық қорытындысы жөнінде брифинг өтті. Брифингте "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды штабының басшысы Қ. Арыстанбеков штаб ашылған күннен бергі сайлауалды жұмыстарының нəтижелерін баяндады. 11 желтоқсан күні партияның сайлауалды штабы ашылып, үгіт насихат кезеңі басталды. Осы 11.12.2020 - 8.01.2021 ж. аралығында бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Биылғы сайлаудың үгіт насихат жұмыстары ашық түрде қазіргі пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта да көптеп өтті. "Есіктен есікке", Канвассинг , Экспромт - кездесулер жəне шектелген қатысулармен кездесулер өткізілді. ҚР Парламенті Мəжілісі депутаттығына кандидаттар жəне облыстық, аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар əр ауылдағы тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді. Акциялар аясында үй үйді аралап сайлаушылармен кездесті. Жастардан құрылған Еріктілер тобы үнпарақтар таратты. Сенімді өкілдер мен штаб мүшелері де өз кандидаттарымен сайлаушыларын аралап, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды да назарға алып отырды. Əлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирлер ұйымдастырылып, кандидаттар халықтың сауалдарына жауап берді. Үгіт насихат жұмыстары ешбір тоқтаусыз, қарқынды жəне ұйымшылдықпен өтіп отырды. Ендігі кезеңде өз сенімдерін білдірген аудан сайлаушыларымен бірге тарихи кезеңде жеңіс тұғырынан көріну. Сондықтан 10 қаңтар күні сайлау науқанына белсенді түрде қатысуға шақырамын,- деді штаб басшысы.

0
0
122

Осы тақырып бойынша

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының нəтижесі бойынша брифинг қорытындысы өтті. - Yvision.kz