Жастармен болған кездесу
Кездесуге аудандық сайлауалды штабы мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидат еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы «Nur Otan» партиясының қай сала болмасын ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары жайлы тоқталды. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.
