Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылдың 11 айында қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,4%-ды құрап (3 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі қалыптасты.









