Жаңа
Елбасы Н.Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
Жиынды ашқан Елбасы фракция депутаттарын кезекті Парламент сайлауында «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуімен тағы да құттықтады.
«Біз жұртшылықтың сенімін ақтауымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерге қол жеткізу үшін фракция депутаттары барын салуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бойынша партия жұмысының нәтижелеріне тоқталды.
«Тазалық» ЖШС белсенділерімен кездесу
Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясын қолдаған сайлаушыларға алғыс айтты
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Facebook-тағы парақшасында жазды.«Құрметті достар! Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады. «Nur Otan» партиясы 71,09% дауыс жинады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында да біз айқын жеңіске жеттік.Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз».Біздің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламамыз – еліміз бен өңірлерді алдағы 5 жылда дамытудың дайын жоспары. Ол Елбасының 5 институционалдық реформасының бағдарын жалғастырад…
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту «Мықты көшбасшылар – Мықты партия» қағидатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік берді. Енді жаңа Фракция алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүйелі түрде бақылау және жаңа реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттері тұр».Жалпы, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни…
«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі бекітілді
«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы мәслихатының депутаттары ретінде Аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген 26 адамның тізімі бекітілді.Осылайша, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 65,4%-ға жаңартылды. Ұсынылған тізімде әйелдер үлесі - 30,8%, жастар - 20% болды.Жаңа фракцияның алдында 5 жылға арналған облыстық сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті тұр.Депутаттар негізінен өнеркәсіп, білім, спорт, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, спорт, БАҚ және т.б. салалардың мүддесін білдіреді.Тізім:1. АНТОНЮК Кира Евгеньевна - Щучье жоғары экология, туризм және орман шаруашылығы колледжінің оқытушысы2. АЯҒАНОВ Ерлан Серікұлы…
Тағайындау
Алматы облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңес Бюросының ұсынысымен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне 15 қаңтар күнгі өткен облыстық мәслихат сессиясында Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев сайланды. Облыстық мәслихат сессиясының отырысында өңір басшысы Амандық Баталов жаңа маслихат хатшысын құттықтап, VII шақырылымның алғашқы сессиясында халық қалаулыларына табысты жұмыс атқаратуға сәттілік тіледі.Жанболат Әкебайұлы Кеген ауданында Қарқара ет және сүт совхозында қызметкер жұмысынан бастап, әр жылдары Талғар ауданында ауыл әкімшілігінде жұмыс істеп, бірқатар аудан-қала орталықтарында әкім орынбасары қызметтерін атқарды. «Еділ Ақсу», «Ақсу», «Қарасай құрылыс» ЖШС мекемелерінде жауапты басшылық қызметтерін жүргізді. Соңғы қызметі 2019 жы…
Департамент қызметкерлерінің қатысуымен семинар
2021 жылғы 15 қаңтарда әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 29 маусымда қол қойған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - "АПБК") және ҚР әртүрлі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заңдарды түсіндіру жөніндегі семинарға қатысты.АПБК 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Осы күннен бастап қолданыстағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР Заңдары күшін жояды, 27-29-тарауларды, басқа да кодекстер мен заңдардың нормаларын қоса алғанда, ҚР АІЖК-нің бірқатар нормалары өз қолданысын тоқтатады.Жаңа кодекс әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сонд…
Павлодарда қалалық мәслихаттың "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысы өтті
Павлодарда қалалық мәслихаттың "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысы өтті. Отырыс жұмысына партияның Павлодар қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ержан Иманслям қатысты. Отырыста бірінші болып қалалық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясының жаңартылған фракциясы бекітілді. Фракция жетекшісі болып партияның Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Қайыртасқызы Мәлікова сайланды. Отырыс барысында қалалық мәслихат хатшысы лауазымына Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанованың, ал сессия төрағасы лауазымына Игорь Викторович Веретновтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады. Сондай-ақ Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары лауазымына мынадай депутаттар ұсынылды: қалалық мәслихаттың тұрғын үй – коммуналд…
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде
Шараға ауданның белсенді жастары мен партия мүшелері қатысты. Форумда «Nur Otan» партиясының алдағы уақытта атқаратын жаңаша жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, ойға ой қосып, ерекше құлшыныс беретін қанатты сөздер айтылды. Соңында жастар флэшмоб билеп жалынды форумды аяқтады.