Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі бекітілді

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық  филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы мәслихатының депутаттары ретінде Аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген 26 адамның тізімі бекітілді.

Осылайша, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 65,4%-ға жаңартылды. Ұсынылған тізімде әйелдер үлесі - 30,8%, жастар - 20% болды.

Жаңа фракцияның алдында 5 жылға арналған облыстық сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті тұр.

Депутаттар негізінен өнеркәсіп, білім, спорт, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, спорт, БАҚ және т.б. салалардың мүддесін білдіреді.

Тізім:

1. АНТОНЮК Кира Евгеньевна - Щучье жоғары экология, туризм және орман шаруашылығы колледжінің оқытушысы

2. АЯҒАНОВ Ерлан Серікұлы - Көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі

3. ӘКІМОВ Бегім Серікұлы - «Нұр Али» ЖШС директоры

4. ӘМІРЖАНОВ Жұмабай Қабенұлы - «АП-Импэкс» ЖШС бас директоры

5. БАЛПАН Мұрат Сағатұлы - «Жарқайың ауданының аппараты» ММ аудан әкімі

6. БАЛТАШЕВА Айнагүл Қыдырбайқызы - Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Bolashag saraiy» ШЖҚ МҚК директоры

7. БЕЗВЕРБНЫЙ Павел Николаевич - «Орленок.К» ЖШС директоры

8. БЕКМАҒАМБЕТОВ Ғалым Мәдешұлы - «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

9. ГУСЕВ Александр Яковлевич - «Агрофирма Поиск» ЖШС директоры

10. ЕСЕНТҰРОВ Айбат Абайұлы - «Даниловское и К» ЖШС директоры

11. ЖАКСЫЛЫҚОВ Әсен Дулатұлы - «Гормолзавод» ЖШС директоры

12. ЖӘКІШЕВА Назгүл Әлімқызы - Атбасар ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі

13. ЖОРАБЕК Абай Жұманұлы - «Заречный» ЖШС бас инженері

14. ЖУКОВА Ирина Николаевна - Шортанды ауданының жеке кәсіпкері

15. ЖҰМАБАЕВ Әділ Қайратұлы - «SABUNDY-OIL» ЖШС бас директоры

16. ЖҮНІСОВ Талғат Тұрлыбекұлы - «КАИК» ЖШС директорының орынбасары

17. КИСТИН Сергей Александрович - «Камаз-Инжиниринг» АҚ бас директоры

18. МАТАЙБАЕВА Сайра Айтенқызы - «Kazyna-SR» ЖШС бас директоры

19. МАЩИНСКАЯ Елена Ивановна - «Той-Дастархан» ЖШС директоры

20. МҰҚАНОВ Ғамзат Рыспайұлы - «Jana – Konyr»  ЖШС директоры

21. МҰХАМБЕТЖАНОВА Гүлден Есмұратқызы - Жақсы ауданы Островское орта мектебінің директоры

22. НАУРЫЗБАЕВА Бағлан Назымбекқызы - Дәрігер Plus» ЖШС директоры

23. ОРАЗАЛИН Мейрам Абайұлы - Ақкөл аудандық пошта әкімшілігінің бастығы

24. СҰЛТАНОВ Кайрат Абайдоллаұлы - Ақмола облысының туристік қауымдастығы ЗТБ төрағасы

25. СЫРЛЫБАЕВ Марат Қадырұлы - «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы-ректоры

26. ШОНАЗАРОВ Умар Файзудинович - «Асыл Арман» ЖШС директорының орынбасары.

https://nurotan.kz/news/news-detail/280141?lang=kz

0
0
199

Осы тақырып бойынша