Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда қалалық мәслихаттың "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысы өтті

Павлодарда қалалық мәслихаттың "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысы өтті. Отырыс жұмысына партияның Павлодар қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ержан Иманслям қатысты. Отырыста бірінші болып қалалық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясының жаңартылған фракциясы бекітілді. Фракция жетекшісі болып партияның Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Қайыртасқызы Мәлікова сайланды. Отырыс барысында қалалық мәслихат хатшысы лауазымына Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанованың, ал сессия төрағасы лауазымына Игорь Викторович Веретновтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдады. Сондай-ақ Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағалары лауазымына мынадай депутаттар ұсынылды: қалалық мәслихаттың тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Михаил Анатольевич Желнов, қалалық мәслихаттың экономика және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Басарұлы Байсейітов, қалалық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Айгүл Қайыртасқызы Мәлікова, қалалық мәслихаттың жер қатынастары және қала құрылысы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Игорь Викторович Веретнов және қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Кобланбек Нурмуханұлы Кожин ұсынылды. Ұсынылған кандидатуралар бірауыздан тағайындалды. Отырыс барысында фракция жұмысының жоспары және тәртібі талқыланды.

0
0
207

Осы тақырып бойынша

Павлодарда қалалық мәслихаттың "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының алғашқы отырысы өтті - Yvision.kz