Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елбасы Н.Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

Жиынды ашқан Елбасы фракция депутаттарын кезекті Парламент сайлауында «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуімен тағы да құттықтады.

«Біз жұртшылықтың сенімін ақтауымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан біздің партиямыздың сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерге қол жеткізу үшін фракция депутаттары барын салуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бойынша партия жұмысының нәтижелеріне тоқталды.

0
0
139

Осы тақырып бойынша