Мазмұнға өту

Жаңа

Онлайн өткен кездесу

Осы болашағымызды көзі ашық көкірегі ояу, білім сапасы жоғары, халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын, жерін, елін қадірлейтін, иманды, инабатты да ибалы, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеудің негізі жастық шақтан басталады. Тәуелсіз Қазақстанның кемелді болашағы бүгінгі білімді ұрпақтың асқақ арман, биік мақсаттарымен айқындала түсуде. Жастарымызды рухани бай, санасы мол, өмірге деген құлшынысы жоғары деңгейдегі азаматтар етіп тәрбиелейтін болсақ, біздің болашағымыздың жарқын болуына нық сеніммен қарайтынымыз анық. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе - патриот…

0
0
140

Дарубаева Айгул Жумагуловна ауданымыздағы көп балалы аналардың үйлерін аралады

Панфилов аудандық мәслихат депутаты Дарубаева Айгул Жумагуловна сайлау қорытындылары бойынша ауданымыздағы көп балалы аналардың үйлерін аралап,өзекті мәселелерімен танысып, өздерінің жоспарымен таныстырды.

0
0
138

Бұрынғы кезде халқымыз көбінше егін және мал шаруашылығымен айналысатын еді.

Бүгінде өз кәсіптерін ашып, сол кәсіптерін дөңгелетіп отырғандар қаншама. Елінің нағыз патриот азаматы "Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін?" - деген ойда болса керекті. Ауданымызда кәсібінен нәсібін көріп отырған азаматтар жетерлік. Олардың да мемлекетке айтар алғыстары көп.Бүгін "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы ғимаратында партия белсенділері мен Саяси кеңес мүшелері кәсіпкерлермен сайлаудың нәтижелерін қолдау бойынша кездесу өткізді.Басқосуда кәсіпкерлерге сайлауда партияға қолдау көрсеткендеріне ризашылық білдірді. Сайлауалды бағдарламасында айтылғандай алдағы уақытта кәсіпкер азаматтарға да көптеп қолдау көрсетілмек. Кәсіпкерлер де осы ретте партияға деген үлкен сенімдері мен үміттерін артатындығын жеткізді.

0
0
128

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында кездесу өтті

Шараға аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысының орынбасары А.Зубайда қатысты. Шараның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектулі азаматтарды қоғаммен белсене араласуға қолғабыс жасау, барлық іс-шаралар мен жобаларға, жоспарларға қатысуға мүмкіндігі бар екендігін жеткізу және кедергісіз жұмыс орындарына орналастыру болып табылады. Кездесу соңында азаматтардың орталыққа келіп кеңес алуға болатындығын айтты.

0
0
117