Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабының агитациялық жұмыстанының аяқталуы жөнінде жиыны - брифинг өтті

"Nur Otan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабының агитациялық жұмыстанының аяқталуы жөнінде жиыны - брифинг өтті.

Жиында 2020 жылғы 11-желтоқсаннан басталып 2021 жылғы 8-қаңтар аралығында жүргзілген агитациялық жұмыстар қорытындыланды.

Сайлауалды штаб осы аралықта Жаңаарқа ауданының барлық кенттері мен ауылдық округтерінде сайлаушылармен өткізген 16 кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді және тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдап, пікір алмасты. Бұдан бөлек партия атынан ҚР Парламент Мәжілісіне, Қарағанды облыстық мәслихатына және Жаңаарқа аудандық мәслихатына кандидаттар сайлаушылардың үйлерінде (КАНВАССИНГ) және еңбек ұжымдарымен мекемелерде (ЭКСПРОМТ) кездесулер өткізді.

Санитарлық талаптарға байланысты кандидаттар офлайн кездесулермен қатар, барынша көп сайлаушылар аудиториясын қамту мақсатында онлайн режимде агитациялық жұмыстар жүргізді. Бұл - zoom платформасында және партия филиалы мен кандидаттардың facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы жүргізілген агитациялық кездесулер мен «Қандидатқа сұрақ қой» акциясы барысында тікелей эфирде жүргізілген жұмыстар.

Сонымен қатар, осы агитациялық жұмыстар барысында сайлауалды штаб жанынан жасақталған партия белсенділері, кандидаттармен бірлесе отырып «Есіктен есікке» акциясы бойынша сайлаушыларға арнайы партияның үнпарақтарын таратып, арнайы белгіленген орындар мен кәсіпкерлік нысандарының ғимараттарында (меншік иелерінің келісімімен) үнпарақтар орналастырды.

"Nur Otan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабымен өткізілген барлық агитациялық жұмыстар жөнінде посттар әлеуметтік желілерге шығарылып, материалдар «Жаңаарқа» газетінде жарияланды және кездесулер барысында түсірілген 13 видео сюжет «Дидар» телеарнасы арқылы көрсетілді (арнайы келісім-шарт негізінде).

Барлық агитациялық жұмыстар санитарлық шектеу шараларын сақтай отырып өткізілді.

0
0
259

Осы тақырып бойынша