Мазмұнға өту

Жаңа

#Қоғамдыққабылдау

Шортанды аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожамсеитов.А.Ш,кезекті азаматтарды Зоом платформасы арқылы қабылдады. Қабылдау барысында келіп түскен өтініштер бақылауға алынып,түсініктеме берілді.

0
0
127

Ыбырай Алтынсарин 180 жылдығы

📷Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ы…

0
0
265

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында Еңбек жәрмеңкесі өтті

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы, Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша Еңбек жәрмеңкесі өтті.

Онлайн форматта өткен шарада «Аягөз аудандық ауданаралық ауруханасы», «Аудандық орталық кітапхана», «Теміржолсу – Аягөз» ЖШС, «Қазпошта» АҚ Аягөз пошта байланыс торабы, «№ 4 жалпы білім беретін орта мектеп» және супер маркет «Food Topic» мекемелері бос жұмыс орындарын ұсынды.

4
0
199