Ақоба ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты аудан көлемінде сайлауалды үгіт жұмыстарын жалғастыруда. Бекітілген жоспарға сай «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мейіржан Хаби және партиялық тізім бойынша партиядан ұсынылған кандидаттарды қолдау жөніндегі аудандық штабтың мүшесі Бекет Әліпқалиев Ақоба ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.Кездесуде сөз сөйлегендер Есқайыр Елемесов және Мейіржан «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерге тоқталып, сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтті. Өз кезегінде, Бекет Әліпқалиев партияның жүргізіп жатырған жұмыстары…
