Ақоба ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
«Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты аудан көлемінде сайлауалды үгіт жұмыстарын жалғастыруда. Бекітілген жоспарға сай «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Есқайыр Елемесов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мейіржан Хаби және партиялық тізім бойынша партиядан ұсынылған кандидаттарды қолдау жөніндегі аудандық штабтың мүшесі Бекет Әліпқалиев Ақоба ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуде сөз сөйлегендер Есқайыр Елемесов және Мейіржан «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерге тоқталып, сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтті. Өз кезегінде, Бекет Әліпқалиев партияның жүргізіп жатырған жұмыстарын түсіндіріп, жиналғандарды партияға қолдау білдіруге шақырды.
Кездесуде сөз сөйлеген Ақоба ауылының тұрғындары партия тарапынан іске асырылып жатырған жұмыстарды оң бағалап, сайлауда өз дауыстарын «Nur Otan» партиясына беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар, ауыл тұрғыны зейнеткер Мұрат Мұхамбетқалиев ауылдық балабақшаны кеңейту және аудан орталығына қатынайтын жолды жөндеу жөнінде ұсыныс айтқан болса, Х.Халлиулин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Ержан Ильясов мектеп ғимаратын жөндеуден өткізу қажеттілігіне тоқталды, ал осы мектеп мұғалімі Мухтар Бисенғалиев ауылда жаңа мектеп салу туралы өз пікірін білдірді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихаттық материалдары таратылып берілді.


