Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толды.
Ол қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Халықтың келешегі үшін мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халық ағарту жұмысы бағытында тәрбиелік істерді алдына мақсат етіп қойды. Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист.
