Жаңа
Канвассинг өтті
07.01.2021ж. Канвассинг өтті.Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қылыш Жазықбаев канвассинг шарасы аясында ауданның медицина саласында 40 жылдам астам қызмет еткен, құрметті дәрігер Энгельс Ткатовтың отбасында болды.Кездесу барысында бүгінгі медицинаның, ауданның әлеуметтік дамуы, халықтың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ауданның сайлауалды бағдарламасы жөнінде толық ақпарат берді.Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының елдің даму жолында атқарып келе жатқан нақты іс шараларын алда атқарар жоспарлармен, Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Кездесу соңында ел ішінде беделді, сөзі өтімді Энгельс Бақтыгерейұлы «Nur Otan» партиясының еліміз үшін атқарып отырған қызметіне зор баға беріп, алдағы саяси додада жеңіске жетуге,халықтың ықыласына бөлене беруге тілегін білдірді. “Nur Otan"…
Үгіт насихат жұмыстары жүргізілді
07.01.2021ж. Үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутатына үміткер ретінде Мадияр Байжанов еңбек ұжымымее формальдық емес түрде кездесу өткізді.Кездесу барысында ел бойынша Партияның атқарып жатқан жұмыстары барысында толық ақпаратпен таныстырды.Еңбек ұжымдағы қызметкерлер осы елдің азаматтары болғандықтан, елде болып жатқан түрлі саяси, экономикалық өзгерістерге куә. Отырыс барысында Мадияр Байжанов Батыс Қазақстан облысы мәслихатының «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде өткен жылдары облыстың экономикалық жағдайын дамыту, халықтың тұрмысын жақсарту барысында облыс көлемінде қабылданған бағдарламалар, шаралар туралы хабарлама жасап, оны іске асыруда ел үшін тигізген пайдасы туралы баяндады.Қорытындысында, ұжым…
Үміткер Мадияр Байжанов үгіт-насихат жұмысын канвассинг-кездесуімен жалғастырды
08.01.2021ж. “Nur Otan” партиясы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мадияр Байжанов үгіт-насихат жұмысын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. “Кандидат қонақта” кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Кандидат кездесуде зейнеткер Галиева Маржан апаның еңбек жолымен танысып, партияның “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында игі істерді атап өтті. Сонымен қатар жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарды саралап…
Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы
Ы.Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында дүниеге келді. Биылғы жылы ұлы бабамыздың 180 жылдығы тойлануда. Өз заманының беделді адамы, тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин қазақ елі үшін өшпес мұра қалдырды. Атасы Балғожа биден тағылымы мол, терең тәрбие алған Ыбырай жан жүрегімен баланы жақсы көре білген. Өнер-білімнің қандай жолға апаратынын, қандай мақсатқа жетелейтінін сол кезде түсінген дара ұстаздың қазақ балалары үшін ашқан әрбір мектебі балаларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тәрбиені де қоса бере білген. Қазақ қыздарына қамқорлық танытып, қыз балалар оқитын мектеп-интернатын да салғызды. Қазақ хрестоматиясы оқулығы қазақ балалары үшін таптырмас білім көзі, нәрі болды. Өлеңдері мен әңгімелері тәлім-тәрбиеге толы. Бұл шығармалардың әрқайсысы татулыққа, бірлікке, ынтымаққа, білімге, оқуғ…
Азаматтарды қабылдау
Науырзым аудандық мәслихатының депутаты Г.Е. Әбенованың азаматтарды қабылдауы барысында өтініш беруші А. К. Баймұхамбетованың өтініші бойынша оң шешім қабылданды. Депутаттың көмегімен Баймұхамбетова А.К. "Шапағат" ЖК наубайханасына жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар жалға берілетін тұрғын үй кезегіне тұру үшін қажетті құжаттар Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырылды.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8 (71454) 21-6-19, WhatsApp 87774709964 телефон нөмерлері бойынша жүргізіледі.
Ардагерлермен өткен кездесу
Серікбай Жұмағұлов білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті
2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындыларын талқылау және партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру жұмыстары туралы қоғамдық кеңес төрағасы Серікбай Жұмағұлов білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында аудан бойынша сайлау қорытындылары айтылып, алдағы қызметке жоспарлар айтылды.
Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл!

“Дәуір және тұлға” Қазанғап би Сатыбалдыұлының 250 жылдығына байланысты
“Дәуір және тұлға” Қазанғап би Сатыбалдыұлының 250 жылдығына байланысты.
“Эпоха и личность”к 250 летию со дня рождения Казанғап би Сатыбалдыұлы