Үгіт насихат жұмыстары жүргізілді
07.01.2021ж. Үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.
Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутатына үміткер ретінде Мадияр Байжанов еңбек ұжымымее формальдық емес түрде кездесу өткізді.Кездесу барысында ел бойынша Партияның атқарып жатқан жұмыстары барысында толық ақпаратпен таныстырды.Еңбек ұжымдағы қызметкерлер осы елдің азаматтары болғандықтан, елде болып жатқан түрлі саяси, экономикалық өзгерістерге куә. Отырыс барысында Мадияр Байжанов Батыс Қазақстан облысы мәслихатының «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі ретінде өткен жылдары облыстың экономикалық жағдайын дамыту, халықтың тұрмысын жақсарту барысында облыс көлемінде қабылданған бағдарламалар, шаралар туралы хабарлама жасап, оны іске асыруда ел үшін тигізген пайдасы туралы баяндады.Қорытындысында, ұжым қызметкерлері сөз алып, елде «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан қызметін оң бағалап, алдағы сайлауға отбасыларымен қатысып, өздерінің ел болашағы үшін дұрыс таңдауларын жасайтандарын мәлімдеді.
