Үміткер Мадияр Байжанов үгіт-насихат жұмысын канвассинг-кездесуімен жалғастырды
08.01.2021ж. “Nur Otan” партиясы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мадияр Байжанов үгіт-насихат жұмысын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.
Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. “Кандидат қонақта” кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Кандидат кездесуде зейнеткер Галиева Маржан апаның еңбек жолымен танысып, партияның “Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында игі істерді атап өтті. Сонымен қатар жергілікті деңгейде атқарылатын жұмыстарды саралап берді. #bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Преодолев испытания, победим вместе!
