Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Канвассинг өтті

07.01.2021ж. Канвассинг өтті.

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қылыш Жазықбаев канвассинг шарасы аясында ауданның медицина саласында 40 жылдам астам қызмет еткен, құрметті дәрігер Энгельс Ткатовтың отбасында болды.Кездесу барысында бүгінгі медицинаның, ауданның әлеуметтік дамуы, халықтың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ауданның сайлауалды бағдарламасы жөнінде толық ақпарат берді.Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының елдің даму жолында атқарып келе жатқан нақты іс шараларын алда атқарар жоспарлармен, Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу соңында ел ішінде беделді, сөзі өтімді Энгельс Бақтыгерейұлы «Nur Otan» партиясының еліміз үшін атқарып отырған қызметіне зор баға беріп, алдағы саяси додада жеңіске жетуге,халықтың ықыласына бөлене беруге тілегін білдірді.

“Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"

@nur_otan @baibekbk @jas_otan #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

Осы тақырып бойынша

Канвассинг өтті - Yvision.kz