Мазмұнға өту

Жаңа

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі

2021 жылдың 20 қаңтар күні Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңке өткізді.«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының күнтізбелік жоспарында бекітілген «Ерекше жағдайдағы адамдарға (мүгедектерге) арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізу тапсырмасына сәйкес, Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бұл шара ұйымдастырылды.Жәрмеңке заңға сәйкес мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға бекітілген мекемелер арасында бос жұмыс орны бар, Сарыөлең орта мектебі шақырылды. Сарыөлең орта мектебінде өздерінде бос тұрған ағаш шеберінің орнын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесі кезінде бұл орын…

0
0
193

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Намиева Сания Юсупқызы

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Намиева Сания Юсупқызы 28 тамыз 1961 жылы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1991 жылы Қарағанды кооператив институтын аяқтады. «Намиева» ЖК жетекшісі.

Аудан тұрғыны, жеке кәсіпкер ретінде туған ауылымыздың көркеюіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз үлесін қосуды алдына басты мақсат етіп қойып келеді.

Зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осындай игі істерге атсалыса жүріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген көшбасшылардың бірі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

0
0
136

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Қалмағамбетов Аманкелді Елкелдіұлы

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Қалмағамбетов Аманкелді Елкелдіұлы 1973 жылы 12 маусымда БҚО дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң жоғары білім алу мақсатымен 2000 жылы БҚО Мемлекеттік университетіне дене шынықтыру мамандығына оқуға түсіп, оны 2004 жылы аяқтап шықты. 2016 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, оны 2018 жылы алғашқы әскери дайындық мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1994 жылы Шыңғырлау ауданы Лубен селосындағы Лубен орта мектебінде самбо күресінен бапкер болудан бастады. 2005-2006 жылдарда осы мектепте дене шынықтыру мұғалімі, 2006 жылдан күні бүгінге дейін Ақшат ауылдық округі, Ақшат ауылында А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып қызмет атқарады.Қоғам өміріне белсене…

0
0
150

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Кушев Орынбасар

«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Кушев Орынбасар Сағынбасұлы 20 наурыз 1971 жылы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Қазіргі таңда 2007 жылдан бері «Ақсайстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осындай игі істерге атсалыса жүріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген көшбасшылардың бірі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

0
0
255

«Біздің үміткер» айдарында – Мұхамбетов Жантілеш Жарылғасынұлы

«Біздің үміткер» айдарында – Мұхамбетов Жантілеш Жарылғасынұлы

1968 жылы 20 сәуірде Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Ново-Петровка, қазіргі Қарағаш ауылында дүниеге келген.

1986-1988 жылдары КСРО, Беларусь Республикасы, Бобруйск қаласында №39204 әскери бөлімінде әскер қатарында болған.

1988-2000 жылдары Ново-Петровка совхозында механизатор болып қызмет атқарған.

2000-2003 жылдары «Қарағаш» ЖШС-де механизатор әрі бригадир болып жұмыс жасады.

2014 жылы мемлекеттік Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін электрмен қамтамасыз ету мамандығы бойынша аяқтады.

2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шыңғырлау АЭТС, Қарағаш селосында электромонтер болып қызмет етеді.

#NurOtan #Bizbirgemiz #JenimpazBol #tanday2021

0
0
127

«Біздің үміткер» айдарында – Ямашов Нұрхан Нұрбергенұлы

«Біздің үміткер» айдарында – Ямашов Нұрхан Нұрбергенұлы 1995 жылы 13 қыркүйекте, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылында дүниеге келді.

2001 -2012 жылдары Алмаз орта жалпы білім беретін мектебін тәмәмдады.

2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық

университетінде " Тарих " мамандығын аяқтады.

2016-2017 ж ҚР Алматы қаласы 5571 әскери бөлімі Ұлттық ұлан сапында өз әскери борышын өтеп келді.

2017-2019 ж Сегізсай негізгі орта білім беретін мектебінде " Тарих " пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2019 жылы Алмаз орта жалпы білім беретін мектебіне қосымша мамандығы педогог - психолог болып жұмысқа орналасып, қазіргі уақытқа дейін қызмет етіп келеді.

0
0
188

«Біздің үміткер» айдарында – Султангалиева Асель Аскаровна

«Біздің үміткер» айдарында – Султангалиева Асель Аскаровна 1978 жылы Шыңғырлау ауданы, Жаңакүш ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ақтөбе педагогикалық университетін биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Отбасылы. 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған ана. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер. «Марфуға» тігін цехы және «Әйгерім» тойханасы жетекшісі.

0
0
247

«Біздің үміткер» айдарында – Успанов Нурум Нуржигитович

«Біздің үміткер» айдарында – Успанов Нурум Нуржигитович 1988 жылы Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылында дүниеге келген.

2008 жыды Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжін «Дизайн» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2015 жылы Ақсай қаласындағы «STAAMSERVIC» ЖШК компаниясында жұмыс істеп, 2018 жылдан күні бүгінге дейін Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылдық округінде «Көксері» ШҚ басшысымын.

Қоғам өміріне белсене араласып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген көшбасшылардың бірі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

0
0
209

«Біздің үміткер» айдарында – Құрманбаева Гүлім Болатқызы

«Біздің үміткер» айдарында – Құрманбаева Гүлім Болатқызы. 1992 жылы 24 шілдеде БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжді «Бастауыш сыныптардағы информатика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Ақшат ауылы, А. Тихоненко атындағы ЖББОМ-нен, бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Л. Клышев мектебінде бастауыш сынып мұғалімі,

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Шыңғырлау аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарады.

0
0
190