ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі

2021 жылдың 20 қаңтар күні Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңке өткізді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының күнтізбелік жоспарында бекітілген «Ерекше жағдайдағы адамдарға (мүгедектерге) арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізу тапсырмасына сәйкес, Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бұл шара ұйымдастырылды.

Жәрмеңке заңға сәйкес мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға бекітілген мекемелер арасында бос жұмыс орны бар, Сарыөлең орта мектебі шақырылды. Сарыөлең орта мектебінде өздерінде бос тұрған ағаш шеберінің орнын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесі кезінде бұл орынға 5 адам жұмысқа орналасуға тілек білдірді. Заң талаптарына сәйкес бос орынға 3 топтағы мүгедек Айтқожа Әділхан лайықты деп танылды.