«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Қалмағамбетов Аманкелді Елкелдіұлы
«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Қалмағамбетов Аманкелді Елкелдіұлы 1973 жылы 12 маусымда БҚО дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң жоғары білім алу мақсатымен 2000 жылы БҚО Мемлекеттік университетіне дене шынықтыру мамандығына оқуға түсіп, оны 2004 жылы аяқтап шықты. 2016 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, оны 2018 жылы алғашқы әскери дайындық мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1994 жылы Шыңғырлау ауданы Лубен селосындағы Лубен орта мектебінде самбо күресінен бапкер болудан бастады. 2005-2006 жылдарда осы мектепте дене шынықтыру мұғалімі, 2006 жылдан күні бүгінге дейін Ақшат ауылдық округі, Ақшат ауылында А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып қызмет атқарады.
Қоғам өміріне белсене араласып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген көшбасшылардың бірі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.
