«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Намиева Сания Юсупқызы
«Біздің үміткер» - айдарының кейіпкері Намиева Сания Юсупқызы 28 тамыз 1961 жылы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1991 жылы Қарағанды кооператив институтын аяқтады. «Намиева» ЖК жетекшісі.
Аудан тұрғыны, жеке кәсіпкер ретінде туған ауылымыздың көркеюіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз үлесін қосуды алдына басты мақсат етіп қойып келеді.
Зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осындай игі істерге атсалыса жүріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген көшбасшылардың бірі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.
