Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Асел тұрғындарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Асел тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауға жол мәселесі бойынша қала тұрғыны жолықты. Қала тұрғыны үй маңында жаяу жүргіншілерге арналған жол мен тротуардың жоқтығы мәселесін көтерді. Өтінішін жауапты органдарға жолданып, заңнамалық тұрғыда кеңестер берілді.

Сонымен қатар онлайн қабылдауда жұмыссыз жалғыз басты ана көмек сұрады. Ананы негізгі мазалайтын мәселе – жұмыссыздық. Тұрғынға жұмыссыздық мәселесі бойынша тиісті мемлекеттік ұйымдарға жолығып, кеңес алуға ұсыныс берілді және 4 жасар баласын мемлекеттік бала-бақшаға орналастыру үшін қалалық білім беру бөліміне өтініші жолданды. Үйге кезекке тұрып, 20 жылдан бері үй ала алмаған зейнеткерге заңгер кеңес беріп, ЖКХ-ға өтініш жазып, жолдама жіберілді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

0
0
132

Осы тақырып бойынша

Облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Асел тұрғындарды қабылдады - Yvision.kz