ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудан әкімінің қоғамдық қабылдауы өтті.

Бүгін Ақжайық аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында бекітілген қабылдау кестесіне сай, аудан әкімі - Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетовтың қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері - тұрғын үй, жұмыс мәселесі бойынша болды. Барлық сұрақтар бойынша Қалияр Айтмұхамбетов заң аясында түсінік беріп, Чапаев ауылдық округінің әкімі Нұртаза Нәбиденовке және Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбек Замеровке тұрғындардың сұрақтары бойынша жұмыстануға тапсырма берілді.