Мазмұнға өту
Наука

Наука

348 жазбалар457 тіркелуші

Наука в любом ее проявлении

Телевизиялық зорлық-зомбылықтың жасөспірімдерге әсер ету факторы

Аңдатпа: Мақалада БАҚ арқылы көрсетілетін негативті ақпарат пен телевизиялық зорлық-зомбылық еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа әсері туралы баяндалған.

Түйін сөздер: зорлық-зомбылық, теледидар, шындық, аудитория, БАҚ.

Адамзат тарихында ақпараттық процестердің адам өмірінің барлық салаларына әсері орасан зор болды. Тұлғаның қалыптасуында үлгі-өнегенің алатын орны ерекше екені белгілі.

Бүгінгі күні теледидарлық бейнелер, мінез-құлық және қарым-қатынас үлгілері психологиялық тұрғыдан ең маңызды болып табылады, өйткені олар әрқашан эмоционалды әсер береді. Сондықтан да жастарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының шешуші рөлін мойындау керек.Бұқаралық ақпарат құралдары, ең алдымен, теледидар мен ғаламтор бүгінде жас ұрпақты тәрбиелеумен шын мәнінде де айналысады. Бірақ бүгінде осы электронды ақпарат құралдары қандай қасиеттерді насихаттап жатыр?

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі зерттеушілердің барлығы дерлік атап өткендей, қазіргі БАҚ зорлық-зомбылық көріністеріне толы. Гарвард университетінің медицина мектебінің мәліметі бойынша, 18 жасқа дейін американдық бала теледидар экранынан зорлық-зомбылық көріністерін 180 000-нан астам рет көрген – оның 80 000-ға жуығы кісі өлтіру көріністері. Mediascope мәліметтері бойынша, АҚШ-та көрсетілетін балаларға арналған телебағдарламалардың 66 пайызында зорлық-зомбылық бар. Сол себепті де, балалардың ақпарат құралдарынан негативті әсер алмауы үшін, көретін, оқитын материалдары үнемі бақылауда болуы қажет.

Алайда, БАҚ өнімдеріне жалпы назар аударудың факторы тек зорлық-зомбылық емес екенін атап өткен жөн. «Ойындар, қысқаша әзілдер, сериалдар, ток-шоулар» – бұл зерттеулер бойынша кез келген телеарнаның бағдарламаларына қызығушылықты қамтамасыз ететін жиынтық . Бірақ ақпараттық зорлық-зомбылық тіпті өмірдің барлық салаларына тарала бастаған қажетті эмоционалдық фонға айналады. Өйткені, әлеуметтік ақпараттың бұл «жаңа» сапасы адамның сырттан келетін физикалық қауіптерге алдын ала дайын болу көрсетеді.. «Зорлық-зомбылық елесі, біздің жадымызға, армандарымызға, әңгімелерімізге енеді, бірақ біз мұның тәрбиелік мәні бар деп қабылдауымыз қажет» - деп жазады Д.Нейсбит. Яғни, жаңалықтарды оқығанда, фильм-сериалдар көргенде негативті қатты қабылдамауымыз керек. Өйткені, қандай болмасын бұл өмір шындығы.

Әрине, кейде теледидардағы зорлық-зомбылықты деструтивті мінез-құлыққа мотивация ретінде де түсінуге болады. Тіпті теледидар назары кейбір жағдайларда қылмыскер үшін тікелей ынталандыруға, «сахнаға шығуға», танымал болуға мүмкіндік береді.

Сиэтлдегі Вашингтон университетінің қызметкері Ф.Циммерман күніне шамамен 3,5 сағат теледидар көретін балалардың аз теледидар көретіндерге қарағанда бұзақы болу ықтималдығы 25 пайызға жоғары екенін анықтады. Бұл тек теледидардың әсерімен ғана емес, сонымен қатар педагогикалық немқұрайлылықпен және ата-аналардың назарының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.

Жасөспірімдер тек теледидар немесе газет арқылы ғана емес , ғаламтор арқылы да негатив пен телевизиялық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келеді. Ал ғаламторда ақпарат жас ерекшелігіне сай сұрыпталмаған. Қан-төгіс, адам өлтіру, діни экстремизм, терроризм және т.б жайында материалдар жарияланған қаншама сайттар бар. Бұл ақпараттың көпшілігі қолжетімді платформаларда. Ал ғаламтордың негізгі қолданушылары жеткіншектер болып табылады. Мысалы, мамандар әсіресе 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер ғаламторды көп пайдаланады деп дәлелдеген. Ғаламтор балаларды қызықтыра алады. Себебі, ол барлық эмоцияларды берсе де, әрқашан балаға шынайы өмір сүру бақытын бермейді. Қуаныш, ынта, тітіркену, ашу, ыза. Мұның бәрін еш қозғалыссыз басынан өткере алады! Компьютерлік тінтуір немесе қолдарындағы гаджет сиқырлы таяқшаның аналогы сияқты, соның арқасында  ешбір күш-жігерсіз өздерін әлемнің билеушісі сезінеді. Одан өзге, психологиялық мәселелерден басқа, отырықшы өмір салты омыртқаға (остеохондроз), асқазанға байланысты физикалық ауруларға әкеледі. гастрит), тыныс алу мүшелері, көрудің нашарлауы, карпальды туннель синдромы (карпальды туннельдегі қысылған нерв). Нейрофизиологтардың пікірінше, ғаламтор интеллектінің дамуына ықпал етіп қана қоймайды, керісінше, мидың танымдық белсенділігін төмендетеді.

Қорытындылай келе, таратылатын ақпараттың жағымды немесе жағымсыз түрін тыңдау, көру индивидтің өз таңдауы. Ал әлі тұлға болып қалыптасқан жасөспірімдер үшін ақпаратты саралай білуге көмектесу ата-ананың міндеті болып табылады. Ел болашағы болатын жастардың психологиялық және менталды денсаулығын ойлайтын болсақ, көретін мультфильмдерінен бастап оқитын жаңалықтарына дейін қатаң назар аударымыз керек. Өйткені, теледидардан, ғаламтордан көрген ақпараттар үнемі жағымды бола бермесі анық. Ал бала әсершіл әрі еліктегіш болып келеді. Бұл ретте, ата-ана мен бала арасындағы байланыс маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Разлогов Қ.Е. Терроризмнің таралуына кино кінәлі ме? // Азат ой – ХХІ. - 2001. No 8. 109-б.

2. Дроздов А.Ю. «Агрессивті» теледидар: құбылыстың әлеуметтік-психологиялық талдауы // Әлеуметтанулық зерттеулер. 2001. № 8. С. 62–90.

3. Коломиец В.П. Телевизия және әлеуметтік мимика // 3 томда М.: Альфа-М, 2003. Т. 2. 43–45 Б.

4. Табатадзе Г.С. Зорлық-зомбылық әлеуметтік құбылыс ретінде // Вестник ВолГУ. 2003–2004 Сер. 7. Мәселе. 3. б. 109–116

Тұран» университетінің журналистика факультетінің 3-курс студенті Әбдірасіл Жалаладдин

0
0
685

Өмір нәрі

Ғаламшарымыздың 70% судан тұрады , ал адам жасушасының 60- 70% -ын су құрайды . Ғалымдардың зерттеуінше судың адам ағзасы тәрізді өзіндік жуйке жүйесі қалыптасқан . Судың сөз арқылы қасиеті өзгертетіні ғылыми тұрғыда әлдеқашан дәлелденген . Жапон ғалымы Масару Эмото судың ақпаратты қабылдай алатынын арнайы зерттеген болатын . Оның айтуынша су ақпаратты бірнеше жылдар бойы сактап тұра алады . Сонымен қатар , орыс ғалымы Вла иль Казначеев судын хабар бере ала мын қасиеті бар екенін дәлелдеді . Ол күн тұтылу алдында бізге судың сол құбылыс туралы хабар беретінін тәжірибе жүзінде көрсетті . Су өнеркәсіптің барлық саласында қолданылады . Жер ғаламшарының 70% судан тұрса да , оның 2 % ғана қолданысқа жарайды . Ауыз су – uicі,дәмі,түсі жағынан ең қауіпсіз су түрі . Ауыз су құрамындағы  элементтердің дұрыс болмауы адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
 Судың денсаулыққа тигізетін пайдасы туралы 50% адам біледі . Керексіз ақпараттан арылу үшін ағын судан көмек алуды 10% адам әдетке айналдырған.Көптеген адам таза суды қолданады , сонымен қатар10 % адам құбыр суынан жиіркенеді екен . Әдетте , әрбір адам тәулігіне 30-40 литр көлемінде су жұмсайды екен . Қалыптасқан дағды бойын ша адамдар 1,5-2 литр су ішеді , ал ыстық суды 10-15 литр мөлшерінде колданатын көрінеді. Судың адам денсаулығына пайдасы шексіз . Оны бір ғана мақала аясында зерттеп – біту мүмкін емес . Кез – келген өмірлік әрекет судан басталады. Су – тіршілік көзі . Сондықтан да судың табиғат құндылығы екенін ескеріп , оны өмір нәрi ретiнде қастерлеп қолдану – адам баласының ізгі парызы.

0
1
914

Ерік күші қасиеті

Ерік күші адам бойына керек емес қасиет деп есептеген кездер бұрын болған. Қазірдің өзінде де кейбіреулер, ең бастысы – өзіңді, сезіміңді түсіну және солардың артынан ерген дұрыс деп айтады. Осы сынды ойлар бәлкім дұрыс болар, ал меніңше ерік – адамның бойында болуға тиіс және керек қасиет. Себебі, бізді шыңдайтын да, алға жетелейтін де осы қасиет.

Ерiк - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен сыртқы жəне iшкi кедергiлердi жеңу арқылы өз қылық-əрекеттерiн қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында белсендiлiк көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзі. Түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз əрекет-қылығын реттестiре алу қабiлетiнiң негiзiнде жүйке жүйесiнiң өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерiк сананы өзiндiк басқарумен бiрге белсендiлiк арттыру немесе ынталандыру жəне реттеу қызметтерiн де атқарады.

Ерік қасиеті адам бойындағы батылдықты, еңбекқорлықты арттырады. Жалпы ерік қасиеті, ең алдымен ниет етіп тілеу арқылы, сосын мақсат қою нәтижесінде қалыптасады.

Бұл өмірде адамзаттың барлығы жақсы материалды жағдайға, жақсы жұмысқа және жақсы өмір сүруге талпынады. Осының барлығына қол жеткізу үшін белгілі бір маман иесі болып, жұмысты тиянақты да жақсы атқара білу керек. Ал, осы тұста біз қарапайым адамдарға ғана емес, кәсіби мамандарға да ерік қасиетінің керек екенін байқаймыз. Ерік қасиеттерінің дамуы - адам саналы түрде  ұзақ уақыт бойы едәуір күш-жігерді талап ететін қиын міндеттерді қойып, барған сайын алыс мақсаттарға ұмтылғандығынан көрінеді.

Жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін қабылдауымен байланыста болады. Тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі мектепке дейінгі жас. Тұлғаның əлеуметтену процесі адам өмірінің алғашқы сағаттарынан басталады. Бірақ алғашқы үш жыл өмірдің тарих алды, яғни оның дамуына қажетті жағдай туғызу кезеңі болып табылады. Элькониннің жіктемесі бойынша бұл нəрестелік кезең делінеді. Мектепке дейінгі кезең - алғашқы этикалық нормалар қабылданатын кезең. Баланың негізгі қызмет түрі рөлдік ойын. Осы кезеңде бала идентификация арқылы ережелерді, нормаларды, критерийлерді қабылдайды. Бұл процесс дəнекер үлкен адам арқылы жəне құрбысы арқылы жүзеге асады. Балалардың жүріс-тұрысына үлкен адамдар, олардың қимыл- қозғалысы, қарым-қатынасы үлгі болады. Жасөспірімдік кезең - бұл жастағы балалардың негізгі қызметі айналасына айрықша назар аудару. Сонымен қатар, бұл жаста араласудың ерекше нысаны – құштарлық қатынас пайда болады. Жасөспірімдік шақтың алғашқы кезеңінде құрбыларға деген бағдарда бұрылыс болады. Құрбылармен сөйлесу жəне мұндай қатынастардағы жақсылық жасөспірім үшін үлкен құндылық. Кольбергтің жіктемесі бойынша, бұл кездегі құндылықтың қалыптасуындағы негізгі рөл эмоцияға беріледі. Оның ойынша, дəл осы жасөспірімдік кезде эмоция дамуының психологиялық сатысы басталады. Жастық кезде тұлғаның негізгі компоненттері қалыптасады. Олар мінез, жалпы жəне арнайы қабілеттер. Тұлғаны қалыптастыратын қиын компоненттер үлкен өмір табалдырығын аттаудың алғышарттары болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі, өзіндік рефлексияның күшеюі, яғни өзінің тұлғасын тану, өз қабілеттерін бағалау.

Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы мектеп оқып жүрген кезден бастау алып, жоғарғы оқу орнында жалғасын табады. Сол себепті де дұрыс «фундамент» қалыптасыру міндетті болып табылады. Жоғарғы оқу орындары, ол жақтағы білім мен мұғалімдер сапасы – кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуында маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.

Сондықтан, кəсіпке бейімделудегі құндылықтың дарытылуын қамтамасыз ету мақсатында оқытушылардың біліктілігі мен тəжірибесіне зор мəн беру қажет.Кəсіпке дайындалу жүйесі адам өмірінде ұзақ жылдар қалыптасып, біртіндеп индивидтің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Индивидтің бойындағы кəсіпке дайындалу қандай деңгейде болса да, ол өзінің маңызы бойынша адамды сипаттап, əлеуметтік жағдайларда адам мінез-құлқын саналы түрде басқарып, реттеп отыратын əрекетте өзінің ерекше орнын көрсетеді. Осылайша, кəсіпке дайындық және ерік қасиетінің дамуы маманның мақсатына жетудегі барлық іс- əрекетін басқаруға əсер етіп отыратын ерекше сипатымен түсіндіріледі.

0
0
1353

"Психологияның маңызы"

Қазіргі XXI ғасырда өмір мен қоғамның барлық саласы дамып жатқанда, психологияның да маңызы артып келеді. Психология – адамның жан дүниесі мен рухани болмысын зерттейтіні бәрімізге мәлім. Яғни, ол – сезімдер мен іс-әрекеттердің, мінез-құлық пен ақыл-ойдың көрінісі. Психологияны білетін адам өмірін өзі қалағандай жарқын етуге және барлық армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сол себепті, өміріміздің барлық тармақтарында психологияның маңызы зор. Ал, менің өмірімде психология қандай рөл атқарады?

Қазіргі жастардың көбі психология жайлы біледі және қызығады. Мен де солардың қатарынан боламын. Осыдан бір жарым жыл бұрын психологиядағы «визуализация», «аффирмация» деген терминдерді зерттеп бастадым, маған осы тақырыптар өте қызық болды және шын жүрегіммен сендім. Солай, алғаш рет «армандар картасын» жасадым. Ең қызығы, көп уақыт өтпей-ақ жабыстырған суреттерім шындыққа айнала бастады. Осыдан кейін психологияның дәлелденген ғажайып сала екеніне тағы бір мәрте көзім жетті. Жалпы алғанда, психология менің өмірімде маңызды орын алады және болашақта да солай болады деп ойлаймын. Психология арқылы шешілмей жүрген мәлелердің шешімін тауып, күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын алдым. Өзімнің ішкі әлеміме бойлай отырып, сыртқы әлемімдегі көп нәрсені жақсы жағына қарай өзгерттім. Психология өз-өзімді танып, қабылдауыма және отбасыммен, туыстарыммен қарым-қатынасымды нығайтуға көмектесті.

Алдағы уақытта психология менің кәсібіме де көмегін тигізетініне сенемін. Менің мамандығым адамдармен, қоғаммен әрдайым тікелей байланыста болғандықтан, психологиядағы «адамзат баласымен тиімді қарым-қатынас орнатуды» үйрену де артық етпейді. Психологияда сөзбен немесе іс-әрекетпен бірден адамның назарын аулауға болатын бірнеше амалдар да бар. Айта берсек, осы сынды дүниелер өте көп. Менің ойымша, болашақ кәсібімде психология пайдасын тигізбесе, зиянын келтірмейді.

Меніңше, көпшілік «психолог» деген сөзден қорықпай, психологияға біраз бет бұрса олардың жеке өмірлері мен кәсіптері рет-ретімен болатыны сөзсіз. Қорытындылай келе, психологияның менің өмірімде және кәсібімде өзіндік маңызды орны бар деп тоқталдым және оны дәлелдедім.

0
0
3897

Шыңғысханның шыққан тегі туралы шындық

Шыңғысхан –жарты әлемді жаулап алған билеуші.Шығыс тарихшысы Иби Әл Асырдың айтуынша, Шыңғысхан Қашқар мен Баласағұн(Түркістан аймағы), Самарқанд пен Бұхара (Өзбекістан) Қырғыстан, Тәжікстан, Қытай, Түркия, Сирия, Ирак, Әзірбайжан, Үндістан секілді елдермен қатар Азияның жарым бөлігін билеген даңқты тұлға.

Оның немересі Бату хан(екінші аты-Саин) ақылды да дана саясаткер, көрнекті қайраткер, орта Азия мен Ауғаныстанды, Иран мен Ресейді (табиғаттың қыс мезгілінде, мұндай жаугершілік өз заманында Напалеон мен Гитлердің де қолынан келмеген) Украина мен Польшаның, сондай-ақ Германия, Венгрия, Италияны жаулап ала отырып Шыңғысханның соңғы теңізге дейін жетсем деген (Балтық теңізі) арманын орындаған мұрагер.

Әлемде ешбір қолбасшы жер жүзін жаулап алумен қатар ол елдерді бірнеше жылдар бойы уысында ұстап тұрудан Шыңғысханға тең келмейді.

Шыңғысханның шыққан тегі кім? Бұл атақ үшін көптеген халықтар таласуда. Бұлардың қатарында әлем билеушісін өз тегіне таратқан қытайлар да, маңғолдар да бар. Сондай-ақ, өзге халықтар да бұл даудың дәл ортасынан орын тебеді. Өйткені, мұндай бүкіл әлем мойындаған адамды өз ата-бабасы ету, қай ұлт үшін де үлкен мәртебе еді. Әлем тарихшылары әлі күнге дейін Шыңғысханның қандай ұлт өкілі екенін біле алмай бас қатыруда. Ал қазақ тарихшылары бұл тақырыпты зерттеуді әлі қолға ала да қойған жоқ.

  Жазушы әрі тарихшы Қалибек Данияровтың 2000 жылы жарық көрген “История отечество” атты кітабында қазақ мемлекеті мен Шыңғысханның жасанды тарихы бейнелеген. Бұл кітапта әр уақытта жарияланған ғылыми жұмыстар жинақталған. Келешекте бұл іс әлем түркітанушыларының жілік майын шаққандай етіп зерттеуін талап етеді.

Шыңғысханның шыққан тегі туралы моңғолдық тұжырымының әлемге кең таралуына себепші болған не? Бұл бағытта ғылыми зерттеулер жүргізілмеген. Тарихсүйер қауымға I Петрдің жарлығымен Алтын Орданың ірі қалалары мен ескерткіштерін жою туралы жарлығы шыққандығы жақсы мәлім. Сарай-Бату қаласы (қазіргі Астрахан облысындағы Селитреново селосы), Сарай-Берке (қазіргі Волгоград облысы, Царево селосы), Танаис (Дон өзенінің төменгі ағысы), Хаджы-Тархан (Волга өзенінің оң жақ сағасы), Сарайшық (Урал өзенінің оң жақ сағасы) және басқа қалалар мен мавзолейлер осы жарлықтың арқасында жойылған еді. Әсіресе, Ресейді жаулап алған Бату ханның қабірі тарихтанушылар тарапынан ұзақ ізделді. Бұл саясат одақ кезінде өте қатаң түрде, ұзағынан жалғасты. Алтын Орда және Шыңғысханның немерелері туралы кез-келген мәлемет-адам өмірінің құнына пара-пар болды. Осылайша белгілі ғалым Е.Бекмаханов қазақ тарихының алғашқы баспалдақтарын жазғаны үшін 25 жылға түрмеге қамалған еді. Ол кезеңдерде, яғни одақ кезеңінде халықтардың тарихы мен мәдениетін зерттеуге тиым салынған. Шыңғысханның шыққан тегі туралы өзіндік мәні жоқ моңғолдық тұжырымдама бәрінің, соның ішінде Мәскеу мен Қазақстанның оң жамбасына келетін. 

Ұлы моңғолтанушы Э.Хара-Даван және басқа да моңғол тарихшылары Шыңғысханның жаңа заманға Моңғолияның ханы болып сайланғанына қарамастан, моңғолдық екендігі туралы аңыз ойлап тапқан. Расында, 1206 жылы Орхан өзенінің алаңқайында (жаңа Монғолия аймағында) қазақтың төрт руы қият, найман, керей, меркіт бас қосқан құрылтайда оны ақ киізге көтеріп, жаңа мемлекет ханы етіп сайлаған еді. Осы аталған рулардың он екі биі оған Шыңғысхан деген жаңа есім берген. Одан әрі ұлы моғолтанушы былай деп жазады: ”Шыңғысхан моңғол болғандықтан бүкіл моңғол руы мен тайпалары оның жорығына қатысып отырған”. Бірақ сол кезеңдердің тарихи жазбаларында жаңа монғолдардың ата тектері айтылмаған. Тек Шыңғысханның екі жарғы-Жасақ пен Білік найман жазбалары түрінде (бұл қазіргі қазақ тіліне жақын) орыс князьдарымен арадағы жазған хаттары сақталынған.Өкінішке орай, бұл осы күнге сақталған Шыңғысхан туралы жалғыз құжат болып отыр. Ол кезеңдерде Шыңғысханға өзге елдердің көптеген оқымыстылары, саяхатшылары, көпестері атбасын жиі бұратын. Олар өз сапарларында бұл халықтың саяси тұрақтылығы, тұрмысы, мәдениеті туралы жазбалар жазатын. Атап айтар болсақ: Чан-Чунь (1222ж), Пен Дая (1223ж), Сюй Тин (1235ж), Плано Картини (1246ж), Чжан де Хай (1248ж), Гильом де Рубрук (1253ж), Ата Малик Джувейни (1251ж), Марко Поло (1274). Бұл адамдардың барлығы қазақ рулары және татарлар туралы көп жазған, алайда моңғолдар туралы бірде-бір жазба жоқ. Жоңғар мемлекеті (жоңғарлар моңғолдардың ата-тегі) 1635 жылы құрылған. Алғашқы қонтайшы, яғни билеушісі Чорас руынан шыққан Боотур еді. Мұнда бір назар аударатын жәйт - қонтайшы атағы моңғол хандарында кездеспейді. Тарихшылар атап көрсеткендей, 1249 жылдан, яғни қазақтардың тарихи отанына қоныстанғанынан бастап, бос қалған Моңғолия аймағына солтүстік қытайдан 400-500-дей халық киіз үйімен қоныстана бастаған. Олар хайуандарды пір тұтқан. Өздерін көк бөрі мен марал ананың ұрпағымыз деп есептеген. Буддизм діні моңғолдарда 16-17 ғасырларда ене бастаған. Моңғол тайпаларына чорастар, хошимиуттар, торғауыттар, дүрбеттер, баяттар, халхалар және басқа да тайпалар жататынды. Рашид ад-Динаның кітабында: ‘
«Наймандар моңғолдарға жоғарыдан қарайтын» деп жазылған. Найман анасы Таян-хана Гүлбасы міне, моңғолдар туралы осылай деп атайтын. Монғол халқының келбеті де сонымен қатар, ұлттық киімі де көз тартарлықтай емес еді. Олардан аулақ жүруге тырысатын. Ал, Білік пен Жасақ жазбаларында жазылғандай, сұрықсыздық ластық үшін қазақ халқында қатаң жазаланатын.

Әлем тарихшылары Шыңғысханның шыққан тегі моңғол екендігіне ешқашан сенбеген. Олардың зерделеуінше тегі-түркі. Ал, Шыңгысханның қазақ руы қияттан шыққандығын белгілі тарихшы-археолог К.А.Иносртанцев өзінің “Хунну және Гунну” атты кітабында 1926 жылы атап өткен. Бұл кітапта, сондай-ақ қазақ халқы ата-бабаларының ғұн қағаны Жиде Талас өзені маныңдағы біздің эрамызға дейінгі 48-ші жылы Тараз қаласын соққандығы жайлы айтылады. 

Шынғысханның азан шақырып қойған аты Теміршін (қазақша мағынасы - Темірші) болған. Бұл есіим ең алғаш қытай архивінде кездесіп, тарих қойнауынн еніп кеткен. Қытай тіліңде «р» әріпі болмағандықтан, бұл әріп «ч» әріпіне ауысып, есімінің алғашқы нұсқасы өзгерген. Шыңғысхан есімін он екі би үш сөзден құраған: Шың-биік таудың шыңы, ғыс-жарық (әзірбайжан қазақтарында осылай аударылады), хан-мемлекет басшысының атағы (хандардың мұндай атағы тек түркі халықтарында ғана кездеседі). Тұтасымен бұл есім-биік, жарық хан дегенді білдіреді.

 Шыңғысханның туыс-тумаларын атап өтсек: Әбілғазы-Шыңғысханның ата-тегі былайша өрбейді: Шынғысхан-Есукей-Біртан-Қабылхан-Түмкехан-Байсұңқар-Қайду-Датумен. Шынғысханның үш бауыры болған: Хасар (Қайсар), Бектер (Бектұр), Белғұтай (Белгітай). Шешесі-Оян меркіт руынан шыққан. Шыңғысханның бірінші әйелі Бөрте-қоңырат руының тумасы. Шыңғысхан қартайған шағында өзінің жаулап алған жерлерін алғашқы некеден туылған төрт ұлына, яғни Жошы, Шағатай, Үкітай, Төлелерге бөліп берген.Адам есімі оның қай ұлттың өкілі екендігін нақты көрсетіп тұрады. Ганс, Фриц, Отто деген есімдерге қарап отырып олардың неміс екендігіне көз жеткіземіз. Жоғарыда аталынған Шыңғысхан туыстарының есімдеріне үңіле отырып, оларды қытайлық не болмаса моңғолдық деп атау орынсыз. Енді ұлы билеушінің нөкерлерінің шыққан тегіне тоқталайық. Қол басшылары-Жебе және Сүбітай қият руының өкілдері. Бала кезгі дос-Жамұха,қ олбасшы Мұхали екеуі де жалайыр руының тумалары. Бас бақсысы Мұнлық найман руынын көрнекті өкілі. Ал, бас төреші, мемлекеттің екінші тұлғасы болып есептелетін жан –Шеге-құттық меркіт руанынан. Карап отырсақ, мұның бәрі қазақ есімдері. Қазіргі таңдада қазақ халықында мұндай есімдер жиі кездеседі. Шынгысханның айналасында деншілігі қазақтар болғандығын тарихи жазбалар да нақты дәлелденді. Шынғысхан әскерінің 90 пайызы қазақтардың, 7-8 пайызы татарлардан, 3-2 пайызы өзге ұлт өкілдерінен кұралған. Жалдамалы әскерді ертпеген. Бостандықты сүйетін, абыройы асқақ, ар-намысы биік қазақ халқы ешқашан да өз халқын өзге ұлт өкілдеріне билетпеген.

Шыңғысханға табынатын тұлғасы онын бабасы-Еділхан еді. Атила секілді олда әлемнің жартысын жаулап алып, соңғы теңізге дейін жетуді көздеген еді. Ол,с ондай-ақ көшпенді тайпалардың басын біріктіріп, оларды ғұндар деп атаған. Арғы тегінің ізімен жүре отырып, төрт рудың бірі –жаңа мемлекетті қалай атау керек екендігін білмей бас қатырады. Атила секілді ол да жаңа атау ойлап тапты: мың-қол. Мыңсан атауын білдірсе қол-әскер, мыңдаған әскер дегенді білдіреді. Бұл таза қазақ сөзі. Мыңқол сөзі бірте-бірте өзгеріске ұшырап, моңгол деген сөзге айналған. Бұл жағынан біз ирандық тарихшыларға қарыздармыз. Олар бірнеше ғасырлар тоғысында өз мемлекетерін басқаруда басты тұлға болғандықтары үшін жалайыр руынан 

шыққан қазақ хандарына деген өкпелері қара қазандай. Жүздеген жылдар аясында қазақ руларының басы бір шанырақтың астына жиналған. Оларды ғұндар мың қолдар қазақтар деп атаған. Қазақ деген сөз тіркесінің де тарихы қызық . Ежелгі уақыттағы қытайлар парсылар  өзге ұлт өкілдері біздің ата бабамызды хасағ деп атаған . Сақ- Сақ деген мағынаны білдірсе 

ал ха-тіркесі нағыз сақ дегенде меңзейді. Қытайлықтарда «қ» әріпі жұмсақ түрде «х» болып айтылады.

Қазақтар мен моңғолдардың ұлттық дәстүрлері бір-бірімен мүлдем жанаспайды. Мысалы, моңғолдар қайтыс болған адамды қабір басына апарып, жер бетінде қалдыратын. Қайтыс болған адамды жер астына жерлеу оларда бертін, тек коммунистік партияның жарлығы арқасында ғана жүзеге асты. Екі халық мүлдем екі дінді ұстанған. Ислам дінін қабылдағанша қазақтар мың жылдық көк тәңіріне табынған. Әлем тарихшыларының болжауынша көк тәңіріне тек қазақ тайпан. Бұл турасында Шыңғысханның тікелей ұрпағы Шоқан Уәлиханов өзінің «Признаки шаманизма у казахов» атты еңбегінде кеңінен атап өтеді. Моңғолдар ешқашанда құдайды жалғыз деп қабылдамаған. Олардың сенімінде бірнеше құдайлар бар болған. Алматы облысының аумағындағы Алатау шыңдарында қазақ халқының баяғы замандарда бас иген діннің символы ретінде Хан-Тәңірі биігі менмұндалайды. Шыңғысхан мәңгілік табынушылар қатарына жатады. «Мәңгілік көк аспан маған әлемді билеуге әмір етті» оның бұл сөздері осы күнге дейін сақталған. Ал,қазақ тайпалары жалғыз аспан мен жарық құдайды-тәңірге табынған.

  Ол кезеңдерде құрбандыққа жылқы малы шалынатын. Адамдар тау басына арнайы көтеріліп құрбандыққа шалынған жылқының қанымен тастарды бояп, бас сүйегін биік ағашқа ілген. Таңқаларлығы сол бұл дәстүр осы күнге дейін сақталған. Бүгінгі таңда қариялар жылқы малы сойылғаннан кейін, бас сүйегін әлі де биікке іліп қояды. Сол секілді, жерлеу рәсімі де тәңірге табынған заманнан осы күнге дейін бәз қалпында сақталып келген. Ислам діні бойынша, адамның бет бейнесін кескіндеуге, яғни бейнелеуге тиым салынған. Шыңғысханның бейнесінің сақталмағандығы сондықтан болар. Дегенмен де,оның кескін -келбеті жайында жазбалар көптеп кездеседі. Ол жазбаларға сүйенсек, ол ақшыл сары түсті, сақалды, көк көзді адам болған. Ал, қытайлықтар мен монғолдардың кескіні бұл жазбаға сай келмейді.

Шыңғысханның Қытайға, Орта Азияға, Таяу Шығысқа жасаған әрбір сапарлары туралы мағлұматтар тарихи мұрағаттарда молынан сақталған. Алайда, оның қазіргі Қазақстан аймағында жүріп өткен жолдары туралы материалды ешбір жерден кездестіре алмаймыз. 

 Ал, енді қият, найман, керей, меркіт секілді жұмбақ тайпалардың тереңіне үңіліп көрейікші. Шыңғысханның әкесі Есугей хандық еткен қият руының атауы қазақтың «қияды» деген сөзінен шыққан. Жергілікті диалектіде әлі күнге дейін «қият» деген сөз қолданыста. Моңғол тілінде мұндай сөз мүлдем кездеспейді. Әмудария өзенінің жағасында (Өзбекстанға қарасты Қарақалпақ Автономиялы Республикасы) Қият деп аталатын кішкентай ғана қалашық бар. Көктем мезгілінде өзеннің бұл жағалауы арнасынан асып, жырылып кетеді. Яғни –қиятын. Дәл осы Қият қаласында атақты оқымысты Бируни дүниеге келген. Жоғарыда айтып өткеніміздей Шыңғысханның әкесі Есукей қият руының ханы болған. Оның қол астында Тайшиут руының өкілдері де бар еді. Бұл ру өкілдері Шыңғысханның қас-жауларының бірі саналған. Тарихшылар бұл оқиғаны былайша баяндайды: монғолдық Тайшиут руының тумаларына түркілердің қият руынан шыққан өкілдеріне бағыну өте қиынға тиді. Сондықтан да олар Теміршіннің халықты басқарғанына қарсы еді.

Теміршін 1155 жылы дүниеге келген. Бірақ дәл қандай жерде туылғандығы белгісіз. Қият руы Монғолия аумағында тарихи жағдайларға байланысты көшіп қонып жүрген. Белгілі қазақ жырауларының жырын зерттей келе, Халел Досмұхамедов Шалкиіз жыраудың туындысында қытайлар турасында айтып өткендігі нақтыланды. Қазіргі таңда қият руының үш тума-тамыры болғандығы белгілі болып отыр. Олар: Жауыршыншы, Айдын, Тобықты. Әйгілі «Қобыланды батыр» эпосынан білетініміздей, қияттықтардың саны ол кезеңдерде қырық мың киіз үйді немесе 200-240 мың адамды құраған. Сонымен қатар, «Қыз Жібек» эпосында аталмыш ру Жабағайлы деген атаумен аталған. Бұл рудың өкілдері Ресейдің қазіргі Челябі және Орынбор аймақтарында тіршілік етіп, бірте –бірте жоғалып кеткен. Сондай-ақ, қият руының өкілдері Самара, Волгогард, Саратов, Ростов облыстарында, тіпті Солтүстік Кавказда да тіршілік етеді деген болжам бар.

Сол дәуірде найман руы қазақтың ірі руларының бірі саналған.Олардың жеке мемлекеті, өз хандары болған. Плано Карпини кітабының кіріспесінде Наймандардың өз жазба таңбалары болғандығы көрсетіледі. Наймандардың жаугершілік ұраны ежелгі ғұндардың батыры Қаптағайдың құрметіне орайластырып-қаптағай болып бекітілген. Қаптағай атауы таза қазақша емес. Қазақтың шежіресіне сүйенсек, Найман үш бірдей ірі рудан құралған. Атап айтсақ: Терістаңбалы (Мәмбет,Рысқұл), Сарыжомарт (Балталы, Бағаналы, Көкжарлы, Бура, Қаратай), Төлегетай (Қаракерей, Тортуыл, Матай ,Садыр). Шыңғысхан дәл осы Наймандардан әйгілі Орхон- Енесей ескерткіш тастарында басылған альфавит жазбалары ретінде қабылдаған. Наймандардың соңғы ханы Білгехан болды. Жошы ұлысында көптеген Наймандар мемлекеттік қызметтердің тұтқасын ұстаған, сондай-ақ әскербасы болған. Қазіргі таңда Қазақстанда 1 миллионнан астам Наймандар өмір сүруде.

 Керей –көне тарихи басылымдарда Керей деген атпен көптеп таныс. Ең алғаш болып Керей ханы Тоғырылхан өлгеннен кейін Шыңғысханға тізе бүккен Керейлер еді. Тоғырылхан 1202 жылы ойламаған жерден ордасында Шыңғысхан басып келгенде шайқаста қайтыс болды. Керей сөзі «кер» және «ей» сөздерінен құралған. Орта ғасырдағы қазақ руларында «кер» сөзінен құралатын адам аттары жиі кездескен. Мысалы: Кероғлы, Кербұлақ, Керөлең т.б. «Кер»сөзінің мағынасы қазақ тілінде «өршіл» деген мағынаны білдіреді. Керей мемлекеті құлағаннан кейін керей руы екіге бөлінеді: керейлер және ескі атауын сақтап қалған керейіттер.Керейлер екі ірі елге бөлінген: Ашамалы-Керей және Абақ-керей. Бұл екеуі де қазақтың Үш жүзінің орта жүзіне жатады. Керей руының ішіне төмендегілер кіреді: Ашамайлы, Абақ, Едік, Жартай, Сайшақ, Арбалы, Ершақ, Жастабақ, Шайқас, Сарман, Қонақбай, Обаған. Бұлар кәзіргі кезде кіші жүздің құрамында. Осы деректер қазақтың үш жүзінің мекен еткен аймағына қарай құрылғандығын көрсетеді.

 Енді қазақтың Үш жүзіне тоқталып өтсек. «Жүз» деген сөз қазақ тілінде «бет-бейне» деген мағынаны білдіреді. 1718 жылы Тәуке ханның өлімінен кейін қазақ хандығы үшке бөлініп, Үш жүз құралған. 1723 жылы қазақ жеріне жоңғарлар шапқыншылық жасаған кезінде қазақты біртұтас басқаратын хан болмаған. Мемлекет үш жүзге бөлініп, оларды Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би басқарды. Мұның бәрі екі ірі мемлекет Ресей мен Қытайдың ортасында қолайлы орналасуына жағдай туғызды .Керейлердің «Ақсақал ,Ошыбай, Ашамай» атты жаугерлік ұрандары таза қазақ сөздері. Ашамай ұраны қазақтардың ежелгі түркі қағанаты заманындағы ұрандарының бірі болып саналады. Керейлердің бір бөлігі бүгінде Қызылорда облысында, ал көптеген бөлігі шет мемлекеттерде: Қытайда, Моңғолияда, Қарақалпақстанда, Өзбекстанда және Кавказда тірлік етуде.

Меркіттердің нақты атауы-Меркейіт. Ежелгі қазақ тілінде «мереке» сөзі «мерке» деп аталған. Мысалыға, Жамбыл облысындағы Шуға құяр тұстағы әйгілі Мерке өзені, сол жердегі аудан орталығы, ірі елді мекен Меркені дәлел ретінде алуға болады. 18-19 ғасырларда осы Мерке аумағында Қарахан қамалы болған. Шыңғысханның анасы Оян Меркіт руынан тарайтын Ағнұр тумасы. Бірқатар тарихшылар меркіттердің Шыңғысханның жас кезінде оның еліне шапқыншылық жасап, әйелі Бөртені ұрлап кеткендіктерін жазады. Шыңғысхан меркіттерді осы үшін жойып жіберуге шақ қалған деседі. Алайда, 1206 жылы Шыңғысханды ақ киізге көтеріп, хан етіп сайлау салтанатында да, оның бүкіл әскери жорықтарына да меркіттер қатысып отырған. Меркіттер 5 тумаға бөлінеді: Ағнұр, Лепсі, Шағар, Тыңда, Сақау. Меркіттердің соңғы ханы Тохтыбек болған. Бүгінгі кезеңде меркіттер Қазақстанның Ертіс аумағында және Қытайда өмір сүруде .Осы бір сан мыңдаған және өте ежелгі қазақтың руының бір кездері өз мемлекеттері мен жеке хандары болған деген болжам бар.

 Шыңғысхан мемлекетті 1206 жылы қазіргі таңда қазақ халқының бөлігін қамтитын төрт бірдей рудан құралған. 1207-1210 жылдары аталмыш мемлекетке қазақтың Жалайыр, Қоңырат, Маңғыт секілді руларымен қатар, татарлар да қосылды. 1217-1218 жылдары Шыңғысхан өзінің мемлекетін Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына қарай, Ұлытау тауының бөктерін орталық етіп, қоныстандыра бастайды. Осы уақытта оған Қазақстанның Оңтүстік, Батыс және Шығыс аймақтарында тұратын өзге рулары қосылады .Атап айтсақ: Үйсін, Албан, Арғын, Шапырашты, Ошақты, Ысты, Алшын, Дулат, Қыпшақ және т.б. Қазақ халқының басы біріккен тұста Шыңғысхан қазақ руларына тән қыз беру, келін алу секілді салт-дәстүрді одан әрі жандандыра түсті. Осының арқасында, қазақтың рулары арасындағы қарым-қатынас қатая бастайды. Рулардың бірігуі еш қан төгіссіз өтеді. Ғылымда мынандай бір шындық бар: «Егер өзеннің жасын білгін келсе, оған құяр сағаның қанша жасағанын білуің керек». Қазақ халқының басын біріктірген рулардың тарихы өте ежелден бастау алған. Аттила әскерінің шапқыншылығына қатысқан Дулат руы туралы көптеген тарихи қолжазбада атап көрсетілген. Аттиланың ұлдарының бірі-әйгілі аты аңызға айналған Алаш батыр. Дулат руы сондай-ақ, Қырғыстан аумағында ел басқару ісіне де өз үлестерін қосқан. Ал, Албан руының ата-тегін қазіргі Албания еліне өрбіген деген пікір бар. Сондай-ақ, Арғын руының да тарихы да өте қызық. Өте ежелгі әрі ірі ру тумаларының бірі-Арғындар қазақ халқы мен мемлекеттің тағдырына үлкен әсер тигізген. Олар 6-шы ғасырда Атилла, 18-ші ғасырда Жоңғар шапқыншылықтарына қатысқан. «Арғын» сөзі ертеде «арғұн» деген сөзден пайда болған. Соңғы бөлігі «ғұн» яғни, ежелгі тайпаның атауымен білдіреді. Жорықтарын батыстан бастаған Арғындар бірте-бірте қазіргі Транссібір магистралі (БАМ) трассасы бойымен алға қарай жылжи бастайды. Тіпті қазіргі таңда да Ресей жерінде қазақша атаумен аталатын жер –су аттары көптеп кездеседі. Мысалы алатын болсақ: Байкал (бай-көл), Енисей (енесу), Амур(әмір), Ангара(ана-қара), Лена (лан), Колыма(қолым), Зея, Алдан, Учур (ұшыр), Витлим (бітім), Бурея (бөрі), Тында, Чара (шара), Тайшет. Ал батыс сібірде мынандай қазақ тіліне тән жерсу аттары жиі аталады: Кемерово ( Кемер), Объ (өбу), Катунь (қатын), Бия (би), Томь (том), Чулум, Кеть (кет), Тым. Қазақ тілінде айыру белгісі жазылмайды. Бүгінгі күнде Ақмола облысында Арғын руының ішіне кіретін Алтай тумасының өкілдері мекен етуде. Бұлардың ата –бабасы кезінде сонау Алтай тауын мекендеген. Осы, жоғарыда аталған қазақ рулары жайында том -том кітап жазуға болады.

 1923 жылдың көктемінде, Шыңғысхан 68 жасқа қараған шағында құрылтай өткізеді.Б ұл құрылтай Қоспа мекенінде (қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданының маңайы) өтеді. Аталмыш жиында Шыңғысхан өзінің империясын алғашқы әйелі Бөртеден туылған төрт ұлына бөліп береді. Шыңғысханның барлық әйелдерінен 20 ұлы болған. Бірақ, ежелгі түркі салты бойынша тақ мұрагерлеріне тек алғашқы әйелден туған ұлдар ғана үміткер бола алған. Дәл осы құрылтайда Жошы ханның үлесіне Ертіс пен Еділ өзендері мен батыс аймағы тиеді.Сонымен қатар , ол оңтүстіктегі қазақ рулары мекен еткен ұланғайыр жерге де иелік етеді. Ал ,Шағатай Орта Азияны мұрагерлікке қабылдайды. Шыңғысханның бұл ұлы оқымысты, әрі филолог болған. Мемлекеттік тіл-Шағатай тілі Моңғолдармен теміршіндердің мемлекеттік тілі болып саналып, кең көлемде тарайды. Ал үшінші ұлы Үкітайға –Қытай аумағын басқарумен қазіргі Моңғолия жері еншілікке тиеді.

Ұзақ жылдар бойы Бейжіңді мекен еткен В.П.Шкуркин 1227-1370 жылдар арасындағы Шыңғысханның ұрпағының Юань әулетінің тынысы жәйлі көптеген мәліметтердің жарық көруіне мұрындық болған. Осы әулеттің ұрпақ жалғастырушыларын атап өтсек, олар: Гүлхан-Үгедейхан-Гүйікхан-Мәңкехан-Құбылайхан-Темір Хашан-Құлық-Бүйінті-Шәдібала-Есен Темір-Іле Жебе-Тоқтан Темір.

Шыңғысханның төртінші ұлы Төлеге Үндістан еншілікке тиді, ақыр соңында Төле бұл аймақта моңғолдардың іргесі берік мемлекеттің іргесін қалады. Әйгілі «Түрік шежіресінде» Әбілғағазы былай деп жазады: «Шыңғысханның әйелі Бөртенің аяғы ауыр кезінде Меркіт ханы тұтқынға алып, ол аталмыш хандықта 2 ай уақытын өткізеді. Алайда, Керей ханы Тұғырыл Бөртені тұтқындықтан босаттырып, оны Шыңғысханға табыстайды. Жол бойында Бөртені толғақ қысып, дүниеге шекесі торсықтай ұл келеді. Жөргекке оралған ұлын көрген Шыңғысханның қуанышында шек болмайды. «Бізге Жолшы келді» деп, жарияға жар салады. Міне, Жолшы, яғни Жошы есімінің қазақ тіліндегі сөз екендігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Жошы ханның мемлекеті –ұлы Жошы атауына  ие болды. Кейінен ұлы Ұлыс мемлекет астанасы болып бекітіліп, Алтын Орда деп аталады Бұл қалада шамамен 700 мың адам тіршілік еткен. Ұлы Русь жерін жаулап алған Бату-Жошы ханның үлкен ұлы. Іс жүзінде ол әкесінің ісін жалғастырушысы болып табылады. Жезқазған қаласынан 45 шақырым жерде Кәңгір өзенінң жалғасында Жошы ханың мавзолейі тұр. Қазақ аңызында Жошы хан Ақсақ құланның тұяғының астында өлген деген болжам бар. Тіпті бұл оқиғаға орайластырып «Ақсақ Құлан» көне күйдің де бар екендігінен хабардармыз. Академик Әлкей Марғұланың басшылық етуімен Қазақстан ғылымының Академиясының ғалымдары Жошы ханың қабірін қазып сүйегін зерттегенде, оның шынымен-ақ дәл осылай қаза болғандығы анықталған. Жошы ханың сүйегінің қалдықтарының арасынан оң қол табылмаған. Аңыз бойынша оны Ақсак Құлан кеміріп, тістеп әкеткен көрінеді. Аталмыш мавзолейде  қазақтың он сегіз бірдей руының өкілдері өз таңбаларын тасқа қашап қалдырған. Қызығы сол, бұл таңбалардың арасында бірде-бір оаңғолдық белгі жоқ. Сондай-ақ, Жошы ханның мовзолейінде оның әйелі, Керей ханы Тұғұрыл ханның қызы Бектімұштың да сүйегі табылған. Құрылысы жағынан Жошыхан мовзолейіне ұқсас болып келеді. 

1227 жылы жошы ханды жерлегенен кейін Шыңғысхан үлкен құрылтай өткізді. Бұл құрылтайда Бату хан болып сайланады. Көптеген тарихи жазбаларда (13-15 ғасырларда) бату хан Сайын хан деген атпен көптеп кездеседі. Бату ханның әскерінің жасақталуына көптеген қазақ рулары сонымен қатар, Жошыхан мемлекетінен шыққан театрлар батысқа қарай жылжи отырып, өз үлестерін қосады. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, өздерінің санының аздығына қарамастан, театрлар бату хан әскерінің қатарын көбите білді. Олар бату ханның көптеген әскери жорықтарына қатысып отырған. Ұлы Русь жерін жаулап алғаннан кейін, татар билері Бату ханды өз өтініштерін білдірді. Бұлардаң өтініші бойынша батухан бұл халыққа қазіргі Татарстан жерін, сондай-ақ Ульянов обылыс аумаған, Чувашия, Удмуртия, Мариел, бұрынғы Вять Губерниясын бөліп берді. Үш жыл өткен соң бұл аймақтарда Қазан хандығы құрылады. Батысқа жорыққа аттанбастан бұрын Бату хан алты жыл бойы дайындық жүргізеді. Жалпылама алғанда, Бату ханжорықтың жобасын сыза отырып Шыңғысханың тәжірибесін пайдаланды. Бұл уақыттарда ежелгі Киев Русін мекен еткен халық соғыс пен аштықтың, қайыршылықтын дәмін татуда еді. Шаруашылықтары құрдымға кетіп, халықтың күн көрісі қиындаған уақыт болатын. 1237 жылдың қысында Бату хан Ұлы Русь жерін басып кіріп, бір жыл шамасында тізе бүктірді. Ұлы Жошыға бағынғандықтарын білдіріп, Киев руі 300 жыл бойы оларға алым-салықтарын төлеп тұрды. Бірқатар тарихшылар осы жылдар аралығында Киев Русі халық саны бес есеге көбейді деп жазды. 

Бату ханның өзінің алғыс хаттары мен қатынас хаттарын қазақ тілінде өте жақын тілде жазған. Бату хан да өзінің атасы Шыңғысхан секілді тәжірибелі қолбасшы, мемлекет қайраткері бола білді. Тіпті, одан да асып түсті. Шыңғысхан секілді олда өте ірі мемлекет құра білді. Алайда, оның құрған мемлекеттері Азияда емес-Еуропа аумағында еді. 

                     Шыңғысхан қайда жерленген? Бұл сұраққа көптеген әлем тарихшыларын қызықтырытындығы шындық. Көптеген жылдар бойы жапондықтар  Шыңғысханның қабірін Монғолия аумағынан заманауи ультра құрылғыларымен іздеді. Бірақ таппады. Қытайлықтар өз мемлекетінің теңгелеріне, оның қабірін іздеп әуре. Алайда, ең алғашқы ғылыми іздеулер өз нәтижелерін беруде. 

   1223 жылы Шыңғысхан хандығы бөлінгенен кейін ол Қазақстан территориясынан кетпеген. Шығыс Қазақстан облысындағы қазіргі Курчатов қаласы тұсында Ертіс өзенінің жағасында өзінің ордасында ғұмыр кешеді. 1227 жылы Шыңғысхан үлкен ұлы Жошы ханның жерлеуіне қатысып, бұл жерлеуде кейін құрылтай өткізіп, Батуды хан етіп сайлайды. Бұл уақытта Шыңғысхан 72 жаста еді. Қартайған әл-қуаты қалмаған. Аңызға сүйенсек Шыңғысхан өзінің ордасына арнайы жасалған арбада оралады. Бұл қалыпта ол үш мың шақырымдық Монғолия немесе Қытай жеріне Ұлытау шыңдарын асып өте алмас еді. Жошы ханның өлімінен кейін үш айдан соң 1927 жылдың тамыз айында Шыңғысхан қайтыс болады. Біздің алып-қосарымыз-егер Шығысханның быыйнда қазақтың қаны болса, бәрі де өз орнына келеді.  

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша өлген адамды оны ата-бабасы жатқан дерге жерлейді. Шыңғысханды Көк Тәңіріне танушылар дәстүр бойынша жерлейді. Осы дінге табынған қазақ рулары оның жерленген жерін құпия сақтаған. Плано Карпинидің болжауынша: жерлеушілер үлкен алаңды шөп пен оның тамырынан тазартып, шұңқыр қазады. Осы шұңқырдың қырынан және бір шұңқыр қазды (ақым). Қайтыс болған адамды сол қырынан қазылған шұңқырға жатқызып, шұңқырдың бетін жауып, үстіне шөп тастайды. Қайтыс болған адамның жерлеген жерін осындай тәсілмен жасырып, ешкім таба алмайды деп сенген. Ал жердің бетіне ешқандай белгі қалдырмаған. Ұлдары Берекехан мен Мөңке Темір ханның қабірі секілді Жошы ханынң да мавзолейі көптеген зерттеулерден кейін табылған Жошы ханның ұлдары Ұлыс Жошы мемлекетіне исламды енгізген.

Шыңғысхан жерленген жерлердің болжамдары: 1. Әйгілі Бахты жолы. Ол жерде оның үшінші ұлы Үкітайдың жазығы мекен болған. 2. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Шілікті жазығы. Бұл жерде оның бірінші әйелі Бөртенің мекені болған. Мәскеулік және Ленинграттық ғалымдар Шілікті жазығын- «Патша жазығы» деп атаған. Өйткені, бұл жерден көптеген ежелгі қорғандар табылған. Шыңғысхан қайтыс болғанан соң, екі айдан кейін оның әйелі Бөрте де көз жұмады. 3.Курчатов ауданы Ертіс өзенінің бойында Шыңғыстау етегінде (бұл таудың ежелгі атауы Кеңдікүш) хан мекені. 

Кеңестер одағы кезінде Сталиннің бұйрығы бойынша Шыңғыстау тауларында ядролық сынықтар жүргізілген. Бұл жерде неліктен полигонның орны болғандығы түсініксіз. Алғашқы жоба бойынша полигонның орыны мүлдем басқа жерде болатұғын. Тіпті, жерде көптеген елді-мекендер жағалай орналасқан Полигонның мұнда ашылуы себебі, Шыңғысханның жерленген аймақтың көзін жою деген болжам бар. 

Шыңғысхан-қазақ. Қазақтың Қият руынан шыққан. Ол өте ірі әрі іргесі берік мемлекет құра білді. Оның құрхан империясы әйгілі Қытай қорғанынан бастап Балтық теңізіне дейінгі мекен еткен көптеген халықтардың тағдырына әсер етті. Осыны мойындай отырып, қаза халқы өзінің жоғалтып алған нағыз шындық тарихын қайтарады деген сенімдеміз. Бұл жөнінде Қалибек Данияровтың кітабында толықтай жазылған. Ол кітапта өте маңызды бір түйін бар. Ол: «Қазақ руларының бүкіл тарихында шыңғыстықтар мен билер арасында әрқашанда билік үшін соғыс тоқталмаған. Алайда, рулар арасында соғыс ешқашанда болған емес» деді.

0
0
11766

М.Қыдырбайұлы, А.Мұсахан, т.б "Марс Планетасын колонизациялаудың Қазақстандық моделі"

  МАРС ПЛАНЕТАСЫН КОЛОНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ МОНИТОРИНГІСІ

КІРІСПЕ 

1-тарау. МАРС ПЛАНЕТАСЫ – ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

1.1 Марс планетасы туралы жалпы түсінік

1.2 Марс туралы зерттеулер

1.3 Марс – біздің ортақ үйіміз

2-тарау. МАРСТЫ ИГЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

2.1 Марс Планетасы – адамдар мекені 

2.2. Марсты колонизациялаудың қазақстандық моделі

2.3. Марсты игерудің қазақстандық моделін игіліктенуде «марсонавтардың» денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР 

«Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісі» атты (авторлары Мұсахан А, Қанатова Б, Беишев А, ғылыми жетекшілері Құрсабаев М.Қ, Сапарова А.Қ)  ғылыми-зерттеу жұмысына арналған

РЕЦЕНЗИЯ

Космос тақырыбы – соңғы жылдары тек біздің еліміз ғана емес, сонымен қатар ғаламдық деңгейге көтерілген ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстандағы «Байқоңыр» космодромы осы айтылған мәселелерге қатысы бар және аталмыш зерттеушілер көтеріп отырған кешенді жұмыстардың іске асырылуына бірден-бір себепкер болатын мекен екені шындық.

Тақырыптың Марс Планетасы және оның төңірегіндегі ауқымды ғылыми-техникалық, инженерлік-конструкциялық, технологиялық және инновациялық проблемаларды терең зерделей отыра, осы саладағы әлемдік жетістіктерді саралай отыра авторлар тарапынан қарастырылуы – бүгінгі таңдағы тың мәселелердің бірі екенін айғақтатып тұр. 

Авторлар, әсіресе 7 сынып оқушысы Аңсар Мұсаханның идеясы негізінде бастау алған «Марс колонизациялаудың Қазақстандық моделі» атты аса күрделі тақырып туралы батыл жорамал жасап, ол туралы мол ақпараттарға сындарлы талдау жасап, өз ретінде жеке көзқарастары тарапынан қарапайым идеядан конструкциялық жобаға дейін көтеруге бағытталған әрекеттерін ғылыми феномен ретінде бағалауға болады.

Зерттеу жұмысы 2 тараудан тұрады. Әр тараудағы тақырыптар көтеріліп отырған мәселенің мазмұнын жан-жақты ашып, өздері қол жеткізген жетекші тұжырымдар мен ғылыми анықтамалар арқылы пысықталып, қосымша материалдар арқылы өрнектеліп, осы сала мамандары назарын өзіне аударатындай түрде бейнеленген. Атап айтқанда, зерттеушілердің ғарыш техникасы мен инженерлік-конструкторлық құралдар мен құрылғылар туралы сипаттама бере келе, екі жылға жуық жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылатын авторлық сипаттағы эскиздер мен ғылыми гипотезалық тұжырымдарының ұсынылуы құптарлық іс.

Жұмысты интерпретациялауда бірқатар стилистикалық қатерлердің болуы – еңбектің құндылығына нұқсан келтіріп тұрған жоқ. 

Қорыта келгенде, аталмыш материалды ғылыми жобалар сайысына жіберуге болады деген пікірімді білдіремін.

Рецензент: «Тұран-Астана» университетінің доценті, тахника ғылымдарының кандидаты:  Балтабаев М.С

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Марс Планетасын зерттеу һәм игеру ісі - әлемдік деңгейдегі мәселеге айналып, аталмыш жобаға қатысы бар көптеген мемлекеттердің назарын аударып отыр. Марс жобасы туралы әлемдегі космостық державалар: Ресей Федерациясы (бұрынғы СССР мұрагері), Америка Құрама Штаты, Еуропалық космос Агенттігі, Жапония, Қытай және 30-дан аса мемлекеттер ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын алға тартуда. 

Ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары арқылы Марс және басқа космостық бағдарламалар жөніндегі мағлұматтарға жасаған талдау бойынша аталған тізімге Қазақстан да еніп отыр. 

Марс туралы бұдан 3,5 мың жыл бұрын көне Египет пен Вавилон жеріндегі алғашқы аспан мен жұлдызды зерттеушілер (жұлдызшылыр, астрологтар т.б) көп жылдық бақылау мен математикалық есептеу арқылы адамзат өркениетінде тұңғыш рет «геоцентристік» идеяны ұсынды. Бертін келе ол идея Грекия, Үнді, Қытай және Орта Азия елдеріне тарап, көптеген әлемге әйгілі ғалымдардың пайда болуына зор ықпалын тигізді. Геоцентризм идеясы жөнінде көнегрек ғалымдары Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Парменид, Птоломей мол еңбектер жазды. 

Ғалымдар көшінде Қытай, Үнді елдерімен қатар Орта және Алдыңғы Азиядағы мұсылман ғұламалары Масуд Аль-Бируни, Насир Ад-дин ат-Тутси, Джабир ибн Афлах, Ибн Рушд Аверроэс, Мухаммад ибн Баджа, Джамшид Гияс ад-Дин ал-Каши сынды ғалымдар да ат салысты. 

Марс жобасы бойынша орасан еңбек 1960 жылдары СССР ғалымдары (Королев С, Мишин В) тарапынан іске асырылды. Ұзақ жылдарға дейін ол жоба аса құпия жағдайда сақталып кейін «Царь Ракета» (Н-1) деген атаумен көпшілікке белгі болды.

Космос жобасы, оның ішінде Марс Планетасын колонизациялау Америка Құрама Штатында 1915 жылы жолға қойылды. Ол DARPA стратегиялық бағдарламасы бойынша көп жылдан бері тұрақты, жүйелі, ауқымды һәм нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. 1961 жылы астронавтар Алан Шепард пен Вирджил Грисс «Меркурий» жобасына қатысып, нәтижесінде Марс туралы мол мағлұматтар жинақталуына себепкер болды.

 2002 жылы жас ғалым Ilon Mack «SpaceX» жобасын қолға алып, Марсты колонизациялаудың ұтымды бағдарламасын ұсынды. 2006 жылы сәтсіздікке ұшыраған «Falcon» зымыраны 2018 жылдың сәуір айында космостық TESS телескопын аз шығын жұмсап ғарыш әлеміне сәтті аттандырды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi – 2007 жылдан бастап космос кеңістігін бейбітшілік жағдайында пайдалану барысында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Байқоңыр космодромы – әлемдік деңгейдегі аса ірі кешен болып табылады. «Қазақстан ғарыш сапары» Акционерлік қоғамы космос кеңістігін зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық технологиялврды игеру мен пайдалануды жолға қоюда. 

Жоғарыда баяндалған аса ауқымды һәм күрделі мәселелерге жасаған талдауымыз Марс Планетасын зерттеу барысында қазақстандық модельдің жасалу стратегиясын айқындауға септігін тигізеді деген қорытынды жасаймыз. Әлемдік космостық державалар қатарында Қазақстанның жетекші орынға ұмтылуы – еліміздің осы сала бойынша соңғы жылдары атқарып келе жатқан жетістіктерінің мүмкіндіктерін шектеуге нұқсан келтірмейді.  

Осы ретте, мемлекет тарапынан болашақта Марсты зерттеу мен игерудің қазақстандық моделін айқындау мен анықтау шараларын қолға алғаны абзал деп санаймыз. Әлемдік космостық дерважалармен қатар Қазақстандық «Марс жобасының» қолға алынуы – мемлекет саясатының өзекті арналарының біріне саналуы - болашақта аталмыш сала бойынша жаңа формациядағы білікті мамандардың дайындалуына, космостық-ғарыштық технологиялар бойынша сапалы өнімдерді таңдауға және дайындап шығаруға, сондай-ақ Марс ғарышкерлерінің сапалық дайындығы мен денсаулықтарының қалыпты жағдайда сақталуы сияқты ауқымды стратегиялық жоспарлардың ұрпақ игілігіне айналуына басты мұрындық болады деген сенімдеміз. 

Аталмыш игі шараға ат салысу мақсатында 2017 жылдың қыркүйек айында Астана қаласы, №76 мектеп-лицей шаңырағында «GEOMARS» оқушылар үйірмесі жұмысын бастады. Ондағы негізгі мақсат аталмыш сала бойынша әлемдік масштабта жинақталған мол тәжірибелерге талдай жасай отыра, қазақстандық модельді айқындау болып табылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей іс-шаралар атқарылды: 

- үйірме жұмысының ұзақ мерзімді жоспары жасалды; 

- отандық һәм шетелдік ақпарат құралдары мен ғарыш мәселесіне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары, инженерлік-конструкторлық, медициналық, техникалық, инновациялық саладағы әлемдік деңгейдегі жетістіктер туралы мағлұматтар сараланды; 

- Марс жобасына қатысты идеялар мен гипотезалар туралы ақпараттар бір жүйеге келтірілді; 

- аталған салаға қатысты библиографиялық еңбектердің каталогы жасалды.  

Екі жылға жуық жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі көпшілік назарына ұсынылып отырған «Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісі» атты зерттеу жұмысымыздың тақырыбын айқындауға негіз болды. 

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: 

- Космостық һәм ғарыштық зерттеулер жөнінде мағлұматтар жинастыру;

- Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу;

- Әлемдік космостық державалардың стратегиялық жоспарлары мен ғылыми-техникалық жетістіктері туралы базалар қорын құрастыру; 

- Марс Планетасы туралы ақпарат жинақтау; 

-  Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделін жасау және игіліктену; 

- Марсты игеру жағдайындағы ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісін құрастыру;

- Жер мен Марс арасындағы қашықтық, уақыт, физикалық, химиялық элементтер мен басқа дүниелер жөнінде толық ақпарат алмасу; 

- Марсты тек туристік зона ғана емес – адамдар мекеніне айналдыру идеясын орнықтыру; 

- Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия жобасын жасауға ат салысу; 

- Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, NASA Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау; 

- Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша) негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау;

- Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру; 

- Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену; 

- Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашудың маңызын айқындау;

- Марстағы кен орындарын барлау мен пайдаланудатопырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуы мен жаңа мандардың келуіне түрткі болатынын дәлелдеу.

Зерттеу кезеңдері: 

1-кезең (2016). Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты материалдарға талдау жүргізу: 

2-кезең (2017). Зерттеу тақырыбын айқындау. Зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын интерпретациялау.

3-кезең. (2018). Ғылыми-зерттеу материалдарының толық сұлбасын қорытындылау. Қосымша мәліметтер мен басқа ресурстарды жүйеге келтіру.

Марс Планетасына қатысты ғылыми-техникалық ақпараттарға талдау жасалынып, нәтижесінде Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісінің баяндалуызерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылды. 

1-тарау. МАРС ПЛАНЕТАСЫ – ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

1.1. Марс планетасы туралы жалпы түсінік

Марс жөнінде бүгінгі таңда көптеген материалдар жинақталған. Планета өз атауын көнегрек мифологиясындағы соғыс Патшасы Арестің құрметіне байланысты алған. 

1-сурет. Марстың космостан түсірілген суреті. https://en.wikipedia.org/wiki/Mars

Ғалымдар зерттеулері мен аталмыш тақырыпқа қатысты материалдарға сүйене отырып біздер Марстың орналасуына байланысты Күннен ұзақтауына байланысты төртінші қатарда болса, көлемі жағынан Күн системасындағы жетінші планета екеніне көз жеткіздік. Марстың «Қызыл Планета» деп аталуы оның бетіндегі маггемит (темір оксиді) минералының көптігіне байланысты. 

Марсты – Жер Планетасының туысы деп атауға болады. Себебі оның бетінде аз мөлшердегі шашыраңқы сипаттағы атмосфераның болуы Жерге ұқсастығын айғақтайды. Оған дәлел ретінде Планета бетіндегі ауа қысымының Жермен салыстырғанда 160 есе кем екенін айтуға болады.

Марстың рельефі де алуан түрлі. Кейде онда Ай Планетасы сияқты кратерлер көптеп кездеседі. Дегенмен, көптеген бөлігі, әсіресе жазықтар мен шөл аймақтар, вулкандық шоқылар, сондай-ақ полярлық мұздық қалқандар мен аласа таулы қыраттар Жер бетіне тым ұқсас келетіні – шынында ғажап ғарыштық құбылыс.

Марс орбитасында айналып жүретін соғыс Құдайы Арестің екі баласы Фобос (қорқыныш) пен Деймос (құбжық) деп аталатын қос спутник бар.

Жер мен Марстың көлемін мына өлшем арқылы байқаймыз. Жердің радиусы 6371 км, марстың радиусы 3389 км. 

Жер мен Марстың арасы 55 млн км болып табылады. Жер мен «Қызыл Планетаның» мұндай қашықтық траекториясына дәл келуі екі планета орбиталарының «оппозиция» шеңбері нүктесіне сәйкес келгендігімен анықталады. Бұл құбылыс әр екі жыл сайын қайталанып отырады. Демек, ғалым-конструкторлар мен ғарыш техникасын сынақтан өткізуді жоспарлаған адамдар осы заңдылықты басты назарда ұстайды. 

Марсты жұлдызды аспан көгінде оңай тауып алуға болады. Алыстан қарағанда ол өте жарық сәуле шашып, қызыл түсті болып жарқырайды. 

Қазіргі таңдағы заманауи ракетаның жылдамдығы сағатына 20 000 км ұшатынын ескерсек, біз Марсқа тігінен ұшатын болсақ, онда 115 күнде оған жетуге болады. Өкінішке орай, Күн системасындағы Планеталардың өз орбитасы бойынша айналып жүретін заңдылығына сай, біздер Марсқа бірден ұшып барып қона алмаймыз. Осылайша, бізге шамаман 150-300 күнге жуық уақыт керек болады. Ракеталардың ұшуы оның салмағы мен жанармай қорына да байланысты. 

Марста магнит өрісі мүлдем жоқ деуге болады. Оның бетінде ерте уақытта магнит өрісі болғаны белгілі болды. Ғалымдардың болжауынша 4 миллиард бұрын Марстың қыртыстарында тектоникалық құбылыстардың салдарынан плиталар қозғалысы байқалған. Қазір оның орнынан магниттік полюс орналасқан. Магниттің өрістің болмауы «Қызыл Планета» бетінің Күн радтациясы сәулесіне еш кедергісіз шағылысуына (астероидтардың емін-еркін соқтығысуына) мүмкіндік туғызып, топырақ бетін күйдіргені, ондағы өсімдік-топырақ жамылғысының жойылуына себебін тигізді. Сол себепті Күн радиациясының қыздыруы әрекеті Жерге қарағанда 2,5 есе жоғары. Мұндай аса зиянды радиациялық жағдай адамдардың Марста тіршілік етуіне зор нұқсанын келтіретіні сөзссіз.

Жалпы магнит өрісінің пайда болуы Планета ядросындағы түрлі металдардың қатты температураның әсерінің ұдайы балқу үрдісін (динамо-эффект әрекеті) қалыптастыруы электр тоғын тудыртатыны белгілі. 

Марстың қызыл түсті болуы оның бетіндегі шаң сияқты болып шашырап жатқан темір тотығы қалдықтары болып табылады. Күн радиациясының кедергісіз түсуі - сәулелердің белсендігін арттырып желдің пайда болуына ұйытқы болады. Желдің арқасында шаң-тозаң Марстың түгелге дерлік бетін жауып қызыл спектрлігі топырақтың жарқылдауына себепкер болады. Сөйтіп, Күн радиациясы мен желдің күші Марс атмосферасындағы су молекулаларын құрғатып, жойып, темірдің тоттануына әсерін тигізеді. 

 Марс жөніндегі әлемдегі ғылыми жаңалықтарға жұтшылықтың назар аудару барысында 1958 жылы Халықаралық астрономия Одағының Х Бас Ассамблеясында «Дүниежүзілік Планеталарды қорғау патрулі» атты ұйым құру жөнінде шешім қабылдайды. Өз қарамағында жеті ауқымды обсерваториясы бар Халықаралық Патрульдің басты миссиясы экватор бойына қатарласа орналасқан телескоптар арқылы Күн системасындағы барлық Планеталарды ұдайы бақылау болып табылды.

1.2. Марс туралы зерттеулер

Вавилон, Грекия және Орта Азия ғалымдарының ғарыш кеңістігі туралы ілімдеріне талдау жасай отыра акқымды зерттеу жүргізген Николай Коперниктің (1473-1543) гелиоцентризм жөніндегі жаңалығы Күн системасындағы планеталарды кешенді зерттеуге мүмкіндік беретін тұңғыш ғылыми революция дәуірінің қалыптасуына ұйытқы болды. Жинақтаған ғылыми болжамдар мен тәжірибелер қайта зерделеніп, өз кезегінде Иоганн Кеплер (1571-1630) тарапынан автордың «Жаңа астрономия» жинағы арқылы жүйеленіп, қайта толықтырылды. Күн системасындағы планеталар шеруіне талдау жасай келе келе Кеплер Марстың өз орбитасында дөңгелек шеңбер емес, эллипс пішіні бойынша айналатыны жөнінде батыл болжам жасаған. 

Иоганн Кеплердің мұндай ғылыми жетістіктерге қол жеткізуі оның ұстазы Тихо Брагенің (1546-1601) астрономия ғылымы саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты болды. Ол Еуропа аймағында дәлдік математикалық өлшем бірлігіне сай келетін тұңғыш астрономиялық бақылаулар жүргізіп, жинақтаған материалдарын бір жүйеге келтерген. 

Марс туралы алғаш рет ғылыми тұжырым жасаған ғалым Галилео Галилей болды. Ол 1610 жылы өзі жасаған телескоп арқылы Планета бетінің альбедо жарқылына тән ерекше жарық шығаратын құбылысты байқаған. 

 Американдық ғалым Пе́рсивальЛо́уэлл (1855-1916) Марсты зерттеу барысында оның бетіндегі Аризона астероидын тапқан. 

ХІХ ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар Марсты бақылайтын оптика мен телескоп құрылғыларының сапалы деңгейге көтерілуіне себеп болды. Нәтижесінде 1840 жылдары Марстың тұңғыш картасы жасалды. 

1920 жылдары Марс бетіндегі температуралық режимнің диапазоны айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны белгілі болады. Аталмыш құбылыстың Жер бетіндегі актикалық шөл даладағы табиғат көріністеріне ұқсастығы дәлелденді. Аталған құбылыстарға терең назар аударған голландия ғалымы Дже́рард Пе́тер Ко́йпер (1905-1973) Марс бетіндегі салыстырмалы мөлшердегі көмірқышқыл газының барын дәлелдеді.

Марсты тіршілік нысаны болғаны жөнінде итальян ғалым Джова́нни Вирджи́нио Скиапаре́лли (1835-1910) гипотеза айтқан. Ол өзі жасаған Марс картасына сүйене отырып, ерте заманда марсиандық өркениеттің болғаны және олар ирригациялық жұмыспен белсенді түрде айналысқанын дәлелдеуге тырысты. 

Сербияның атақты ғалымы Никола Тесла (1856-1943) Марс туралы беймәлім радиотолқындар сигналын бірнеше рет естігені (жат планеталықтар баланысы болуы мүмкін) жөнінде 1899 жылы мәлімдеме жасады.

1960 жылдардың басында Марсты АМС (автоматты планетааралық спутник) жүйесі бойынша пилотсыз басқаратын арнайы спутник арқылы СССР империясы әлемде тұңғыш рет іске асыра бастады.
 

Сурет-2. «Луна-1» Автоматты планетааралық спутник. https://ru.wikipedia.org/wiki/%

Спутниктің негізгі нысаны геоцентристік орбитадан басқа ғарыш кеңістігінде пилотсыз технология бойынша түрлі мақсаттардағы күрделі тапсырмаларды орындау болып табылды. 

СССР империясымен қатар Америка Құрама Штаттары өздерінің «Mariner», “Viking”, “Global Surveyor” атты автоматты планетааралық спутниктерін ұшырды. Бүгінде Еуропалық ғарыш Агенттігі «Марс-экспересс» және Индия «Мангальян» спутниктерін ұшыруды жоғарғы деңгейге жеткізген.

Халықаралық НАСА Агенттігінің (АҚШ) «Викинг» жобасы (1959) Марс топырағындағы тіршілік қарекеттері туралы он жылдан астам ақпарат жинастырумен айналысты. Кейін ол жоба «Маринер» бағдарламасы (1964-1972) шеңберінде өзінің миссиясын жалғастырды. НАСА-ның «Mars Pathfinder» атты бағдарламасы (1996) сәтті жобалардың бірі болды. Ондағы «Соджорнер» атты Марсоход құрылғысы ұзақ жылдарға дейін мол ақпараттар алмасуға мұрындық болып келді. 

Халықаралық «ЭкзоМарс» жобасы (2016) Еуропа ғарыш Агенттігі мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бірлескен бағдарламасы болып табылады. Соңғы деректер бойынша аталмыш «Trace Gas Orbiter» атты аппарат Халықаралық «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыранының көмегімен 14.03.2016 ұшырылып, нәтижесінде 19.10.2016 жылы Марс орбитасына барып қонды. 

Бүгінгі таңда «ЭкзоМарс» бағдарламасының басты мақсаты Марстан 400 км биіктіктен Планета бойындағы асмосфералық құбылыстарды бақылап, ондағы газдардың құрамы мен қалыптасу негіздері туралы ақпараттар жинастыру болып табылады.

1.3. Марс – біздің ортақ үйіміз


 Американдық «Викинг» ғарыштық аппараты 1976 жылдан Марс бетіндегі микроорганизмдер туралы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. Бүгінде қол жеткізген материалдар мен ақпараттарға жасаған талдау негізінде аталмыш топырақтағы тіршілік көзі туралы мағлұмат шындыққа жанаспай отыр. Дегенмен, көпжылдық бақылау нәтижелері Марс Планетасының заманауи топографиялық картасының жасалуына ұйытқы болды. 

3-сурет.Марстың заманауи топографиялық картасы. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%

НАСА Агенттігінің «Марс Одиссей» спутнигі (2001) осы кезеңге дейін Марстың геологиялық құрамы мен ондағы минералдар туралы толыққанды бақылау жүргізді. Бір қызығы, Марс топырағында 70% жуық мол су қоры мұз күйінде сақталып тұрғаны белгілі болды. Марс бойындағы су құрамы жөнінде арнайы бақылау жүргізетін «Феникс» (2008) ғарыштық спутнигі қазіргі таңда тұрақты жұмыс істеп тұр. 

НАСА-ның «Mars Exploration Program» жобасы бойынша іске асырылып жатқан марсоход ғылыми-зерттеу лабораториялары (станциялары) «Spirit» (2003), «Opportunity» (2004) және «Curiosity» (2011) Марсты жан-жақты зерттеу барысында аса маңызды мағлұматтарды жинастыруда. Аталған жобалардың ішіндегі «Curiosity»лабораториясы бірнеше ай ішінде 20 км жүріп отырып, Марс топырағындағы микроорганизмдер мен топырақ бетіндегі атмосфера қабаты туралы мәліметтерді бір мезгілде қабылдау мен талдауды іске асырады. 

Америка Құрама Штаты мен Еуропалық ғарыш Агенттігінің бірлескен жобасы  Телескоп «Хабл» немесе «Hubble Space Telescop» (1990) – ғарыш кеңістігіндегі түрлі электромагниттік сәулелерді тіркеп отыратын кешенді құрылғы болып табылады. 

Дегенмен, Марс жобасын қолдаушылармен қатар оған қарсы пікір білдіруші жандар бар екенін білгеніміз абзал. АҚШ Планетология институтының ғылыми қызметкері Аманда Хендрикс «Қызыл планета» беті мен оның айналасындағы ауқымды радиациялық жағдай Жерден Марсқа адамдарды трансформациялауда өте үлкен кедергі келтіреді деп жорамалдады. Ғалымның ойынша, Жер Планетасының жақын көршісі Марсқа адамдарды колонизация жасамай-ақ жаңа технологиялық эсперименттер жасайтын ашық алаң ретінде қалғаны дұрыс екенін жеткізді. 

Мигичан университетінің профессоры Атуна Ридли, адамзат перзенті Марсты колонизациялауды жүзеге асырғанымен, ондағы техникалық және инфрақұрылымдық проблемаларды шешу барысында қанша қаражат жұмсалатыны жөнінде нақты мысал жоқ екенін алға тартты. 

NASA Агенттігінің қызметкері Крис Маккей, Марс жоспары бүгінде мол тәжірибе жинақтаған «Антарктика» Келісі бойынша әрекет етіп жатқан бағдарлама мысалында «Қызыл Планетаны» зерттеу тек үкіметаралық келісім негізінде қалғаны тиімді деп топшылады.

Поляк ғалымы философ Конрад Шоцик Марсты колонизациялаушылар ортақ мақсаттары мен мүдделерін «Марс қоғамы» игілігіне айналдыруы үшін ортақ діни конфессия болу керек деп ұсыныс жасады.

Марс бойынша1960 жылдары СССР ғалымдары (Королев С, Мишин В) тарапынан ұзақ жылдарға дейін құпия жағдайда сақталып келген «Царь Ракета- Н-1» жобасының бүгінгі мұрагерлері Ресей Федерациясы бүгінгі таңда ауқымды шараларды қолға алуда [23]. Ресейлік «ЭкзоМарс» жобасы мен жас конструктор Николай Дзись-Войнаровский тарапынан жасалып жатқан игі қадамдар болашақта адамдар үмітін ақтайды деген сенімдеміз [23].

«Царь Ракета» жобасы 1969 жылы басталды. Оның негізгі миссиясы 75 тонналық жүкті ғарыш кеңістігіне алып шығып, өз ретінде ғылыми-техникалық мақсатта кешенді түрде пайдалану болды. Өкінішке орай ракетаның 1969-ақпан, 1969-шілде, 1971 және 1972 жылдардағы Марсқа самғау жөніндегі әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. 

Орталық басылымдарда Марс жөніндегі Ресейдің көзқарасы туралы академик Лев Зеленый жас ғалымдар Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарлаған Марс жобасының «құр мақтан сөз» екенін жеткізді [24]. Өз сөзінде академик Марс айналасындағы радиациялық жағдай туралы толық сипаттама бере келе, адамдар үшін аса қауіпті екенін айтты. Ғалымның ойын дамыта келе, Күн радиациясы мен онымен байланысты басқа галактикалық радиациялық толқындар мен сәулелердің Марсқа және оған қатысты ғарыштық объектілерге осы күнге дейін қаншалықты дәрежеде ықпал ететіні толық болжам жасалмағандығы себеп болды деп жорамалдаймыз. Мұндай жағдайда «марсонавтардың» когнитивтік функцияларының ұшу сапары жағдайында қандай деңгейде болатыны, немесе оған керісінше әсер ететін «төтенше жағдайлардың» болатыны туралы нақты дәлелдер керек екенін атап өтеміз. 

2-тарау. МАРСТЫ ИГЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

2.1. Марс Планетасы – адамдар мекені 

Марсты колонизациялау туралы идея американдық инженер Роберт Зубриннің «Марс қоғамдастығы» атты халықаралық ұйымын құру жөніндегі идеясымен байланысты [17]. Р.Зубриннің айтуынша адамзат перзенті жарқын болашақта, шамамен 2020 жылдардың ортасында Марсты игеру мен қоныстануда мол жетістіктерге қол жеткізеді. Өз сөзінде инженер Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша) үлкен баға бере отырып, аталған «ғарыштық революция» негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын ойлап табатын жаңа буын өкілдерінің әлемді таңқалдыратын жобалар ұсынатынын жеткізді.

Голландиялық жас ғалым Bas Lansdorp өзінің жеке қаражаты бойынша дайындаған «Mars One» жобасында (2013) Марсты колонизациялаудың аса тиімді және қауіпсіз бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, жел энергиясын арнайы қондырғыларға орнатып, нәтижесінде кел келген мақсатқа «генерациялау» арқылы көздеген мақсатқа жететінін дәлелдеді.Bas Lansdorp өз сөзінде: «Адамзат жақын болашақта «Айға ұшу мен Олимпиадалық ойындардан асып түсетін» таңқаларлық медиа-ақпаратты естуі мүмкін. Оны жүзеге асыруға қажетті барлық құрал-жабдықтар мен технологиялар қазіргі уақытта дайын..», деп ресми түрде мәлімдеме жасады [18].

Бүгінгі таңда Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарлары іс жүзіне асырылу үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, SpaceX бағдарламасы аясында «Falcon Heavy» ракетасы арқылы 16 тонна жүкті Марсқа жеткізуге болатыны белгілі болды. Рекетамен бірге «Tesla Roadster»автокөлігі тұңғыш колонистер үшін «Қызыл планетада» серуендеу үшін жөнелтілетіні расқа айналды. 

Демек, Марсқа ең алдымен 200 үміткерлер арасынан арнайы тест арқылы таңдалып алынған екі ер адам және екі әйел адам (ерікті түрде) 2032 жылы Марсты мәңгілік мекен етуге аттанады.

Аталған ғалымдар мен инженер-конструкторлар жетістіктері және жоғарыда баяндалып өткен ғылыми-техникалық мағлұматтарға талдай жаса келе мынадай алғышарттарды айқындап кетуге болады. 

1. Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия қабылдау.

2. Марсқа ұшу және онда тіршілік етуге қажетті құрал-жабдықтар мен тұғын-үй кешендерін іске асырудың Бас жоспарын құру.

3. Марсты – адамзаттың Екінші үйі ретінде қабылдау және оған 2030 жылдардың басында адамдарды (ерікті түрде) трансформациялаудың Жоспарын құру. 

4. Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша)негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау.

5. Жер мен Марс арасындағы жаратылыс тарихының хронологиялық (геомарсохронология) даму кезеңдері (көне эрадан бүгінгі дейін) жөнінде ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу.

6. Қос Планетадағы тіршілік көздерінің милиардтаған жылдар бұрын ұқсас болып, кейін өсімдіктер мен атмосфералық ылғал арқылы өзгере бастаған (немесе кері құбылыстардың себебі) формациясы жөнінде ақпарат базасын құру. 

7. Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру болмақ.

8. Марсты колонизациялау идеясы жаңа буындағы креативті инженерлер мен конструкторларды, биотехнология мен нанотехнология саласындағы жаңа мамандар һәм менеджерлер мен заманауи кәсіби мамандар легінің пайда болуына ықпал ететін қозғаушы күш екеніне баға беру.

9. Марсты колонизациялау жобасы өзінің шарықтау шегіне жеткенде Жер мен Марс арасында фантастикалық коммуникациялық жаңа технология пайда болады, адамзат өркениеті екі қоғамға (тек пен нәсіл өзгереді) бөлінеді, Жер бетіндегі демографиялық проблемалар жойылады (Марста дүниеге келгендер), өз ретінде басқа Планеталарды игеру барысында бұрын-соңды болмаған қадам жасалады.

10. Жердің алғашқы тұрпаты – бүгінгі Марсқа ұқсас екені белгілі болса, онда Марстың топырағындағы мұзды ерітіп өзен-көлге айналдыру, тасындағы гумусты қыздырып, нәр беріп, онда сан алуан өсімдіктердің қаулап өсуіне бағытталған ауқымды жұмыстарды қолға алу. 

11. Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену. 

12. Жер бетінде бүгінде «кері әсерін» тигізіп жатқан «парниктік эффект» құбылысы бойынша Марсты тез арада «қыздыру» әдісімен оның бетінде өмір сүруге қолайлы табиғи ортаны жасауға болады.

13. Марс қабаты пайдалы қазбаларға бай. Оны игеру мен пайдалану барысында адамзат перзенті бүгінгі технологияларға ұқсамайтын жаңа инфрақұрылымдар нысандарын иеленуіне зор мүмкіндік алады. 

14. Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашады. 

 15. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдалануда топырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашады. 

2.2. Марсты колонизациялаудың қазақстандық моделі

Қазақ Елінде аталмыш саланы зерттеуге ат салысатын құзырлы мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi» (2007) деп аталады. Ол жөнінде орталық ақпарат құралдарында мынадай сипаттама берілген: «.. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi, қысқаша Қазғарыш - ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін атқарады..», - делінген [19].

Қазіргі таңда аталмыш Агенттіктің негізгі атқарған жұмыстары мен болашақтағы стратегиялық даму жоспары төмендегідей: 

- «Kazsat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, оның ішінде «KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА, резервтiк жерүстi басқару кешенi (РЖБК); 

- «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;

- ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру; 

- Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;

 - дәлдігі жоғары спутниктiк навигациялық жүйесінiң жерүсті инфрақұрылымын құру.

Дегенмен, осы құзырлы мемлекеттік органға қарасты «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары жетерлік екенін байқадық. Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы», «Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы», «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы», «Қағаз карталар мен жоспарларды векторлау, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау және жаңарту, "5+" және "10+"», «Геоталдау және тақырыптық жобалар», «Фотограмметрия», «Картография» және басқа жүйелі жұмыстарды мақтанышпен жеткізуге болады [20]. 

Жоғарыда баяндап өткен мағлұматтарға жасаған талдауымыз мемлекеттік құзырлы органдар мен Ұлттық компаниялардың міндет-мақсаттары мен Стратегиялық даму жоспарында «Марс планетасын игеру» жобасына қатысты ресми ақпарат болмағанына көз жеткіздік. Мемлекет тарапынан мұндай жоспарлардың назарға алынбауы – Марсты колонизациялау жұмысының аса ауқымды, сонымен қатар мол қаржы қажет ететін халықаралық жоба екендігі себеп болды деген қорытындыға келдік. 

Біздің ойымызша, «Қызыл планетаны» игеру ісіне ат салысуға Қазақстан үкіметінің мүмкіндігі толықтай жетеді деп топшылаймыз. Оған қатысу үшін еліміздің әлемдік деңгейде аталмыш жоба жағдайында бірқатар тәжірибе жинақтаған мемлекеттер және ғарыш саласындағы компаниялар мен агенттіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, өз тарабымыздан мүмкін болатын техникалық, коммуникациялық, білім мен ғылым, экология,  адам ресурсы, әлеуметтік-экономикалық және медициналық көмек пен басқа қызмет көрсету сервистерін ұсынғанымыз абзал. 

Аталып өткен ой-тұжырымдар негізінде төмендегідей қорытынды жасаймыз: 

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi жанынан «Марсты колонизациялау жөніндегі» арнайы Ұлттық компания құру. 

2. Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарларының іс жүзіне асырылуына ат салысу барысында «Марс қоғамы» мүшесі болуға тілек білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімін жасау. 

3. «Байқоңыр» ұлттық ғарыш айлағын Марс игеруге қатысты жоспарларды іске асыру барысында бірлескен халықаралық жобалар аймағына айналдыру және мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау шарасын қарастыру. 

4. «Марсты игеру» жөніндегі Қазақстан Республикасының заңын қабылдау.

5. Болашақ «марсонавттарды» дайындау мен «Марс колониясы» идеясын насихаттау барысында еліміздің өңірлерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы орталықтар ашу.

6. Астана қаласы білім басқармасына қарасты №76 мемктеп-лицей базасында 2017 жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып келе жатқан «GEOMARS» оқушылар үйірмесінің тәжірибесін республикалық деңгейде тарату және іс-шаралар ұйымдастыру.

7. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, НАСА Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау; 

8. Марсты және басқа Планеталарды кешенді зерттеу мен насихаттауға бағытталған ғылыми-техникалық, медиа-анимациялық, әлеуметтік-экономикалық, баспагерлік-ақпараттық іс-шараларды ұрпақ игілігіне айналдыру иақсатын кешенді жұмыс жоспарын құру, халықаралық форумдар мен ғылыми жобалар сайысын ұйымдастыру.

9. Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу. 

2.3. Марсты игерудің қазақстандық моделін игіліктенуде «марсонавтардың» денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Марсты колонизациялау жөніндегі қазақстандық моделді жасау және болашақ «марсонавтардың» қауіпсіздігін қамтамасыз ету идеясының авторы Астана қаласы, № 76 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Аңсар Мұсахан болып табылады.


 Жалпы идеяның іске асырылу кезеңі аталмыш мектепте өткізілетін «Геоақпараттық жүйелер» атты факультатив курсының нәтижесінде мүмкін болды. Дарынды оқушылар бастамасына назар аударған мектеп әкімшілігі мен жас директор Сафура Сейдуалиқызының қамқорлығын ерекше атап өткен жөн. 

4-сурет. «GEOMARS» үйірмесінің мүшелері, Астана, 2017 жыл

Үйірменің ұраны «Марсты тек туристік зона ғана емес – адамдар мекеніне айналдыру» болып табыды. 

Ең алдымен топ белсенділері Аңсар Мұсахан, Бірқаным Қанатова, Алихан Беишев, З. Рахимбекова, Тамерлан Кульбаев, Гүлназ Талғатқызы және басқалар жоғарыда баяндалып өткен материалдар негізінде «ЭкзоМарс-2020», «Царь Ракета» (Н-1), «Марс-5НМ», «Протон-М», «Space Launch System» (SLS, USA) ракеталарының құрылысы мен техникалық-конструкциялық мүмкіндіктерімен жақын танысты.  Нәтижеде, «Байқоңыр» халықаралық ғарыш айлағынан «Бриз-М» модулі көмегімен (қатты жылдамдықпен ракетаны аспанға ұшыратын құрылғы) «Протон-М» ракета-тасымалдаушы ғарыш кемесі арқалы арқылы Марсқа ұшырылатын кешен дайын болады.  Ұшу сапары екі бөлімнен (модулден) тұрады. Біріншісі – ұшуға арналған модулі болса, екіншісі десанттық модуль болып табылады. 

Ұшуға арналған модуль – Жер мен Марс арасындағы ұшу траектория бағытын бақылып, қажет жағдайда Күн энергиясымен толықтырылған жүйе арқылы энергия көзімен қамтамасыз етеді. Марс орбитасына жеткенде ұшуға арналған модуль «Қызыл Планета» атмосферасына кірген соң жанып кетеді. Ал, екінші десанттық модуль Марс бетіне қонуы тиіс.

  
  Енді осы конструкцияны негізге ала отырып өзіміз дайындаған «BIOFAR» ғарыштық кемесінің моделін ұсынамыз.

5-сурет. «GEOMARS» тобы ұсынған «BIOFAR» ғарыштық кемесі.

«BIOFAR» ғарыштық кемесінің техникалық сипаттамасы.

1: Онын 1-ші баспалдағы жерге қонады .

2: Ал 2-ші баспалдағы ғарышта орналасқан станциямен кездеседі.

3: Әрі қарай Марсқа сапар шегеді,содан соң 7 айдан кейін Марс орбитасына жетеді.

4: Содан соң Марсқа қонады,3 айдан кейін жерге қарай кері сапар шегеді.

Біздің ойымызша, ұшудан гөрі Марс бетіне қону аса жауапты іс болып табылады. Бізге қондырудың «қарапайым» және «қолшатырлық» түрі бар екені белгілі. Қону барысында қатты жылдамдықтағы «гипердыбысты» күйден «қарапайым» күйге жеткізуді қамтамасыз ететін жүйені ойластыру – қазіргі заман талабы болып отыр. Марстағы ауа атмосферасының шашыраңқы немесе біркелкі еместігін пайдалана отырып болашақта ракетаның қонуы мен қондыруын қажет ететін «аэродинамикалық тежелгіш» құрылғыларын жасап шығарғанымыз – «марсонавтрдың» денсаулығын бақылау мен олардың ғылыми іс-әрекеттерінің қамтамасыз етілуіне ұйытқы болмақ. 

Кабинадағы ауа арнайы құрылғы бойынша жасанды түрде пайда болады. Ол бүгінде медицинадағы “жасанды ауа” жүйесі арқылы іске асырылады. Ракета Жерден ұшып шығуы үшін алдымен Жерді айналып шығады. Марсқа жеткенде дәл соны қайталайды. 

Марс Планетасындағы ауа қабаты «уланғандықтан» оны тазартатын құрылғылар жасау керек. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдалануда топырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалануға болатынын біз жоғарыда айтып өттік. Демек, бұл әдісті өзіміз ұсынған «MARSHOMEL» конструкциясы арқылы іске асыруға болады.

6-сурет. «GEOMARS» тобы ұсынған «MARSHOMEL» тұрғын-үй кешені.

Біздің шешіміміз бойынша HOMEL компаниясы дайындаған “АҚЫЛДЫ ҮЙ” жобасы көпшілікке тарту етіледі. Ол 3 қабатты тұрғын үй болып табылады. Оның материалы “А-05” үрмелі және жиналмалы ерекше химиялық заттан жасалады. Марсоход бортына аталмыш үйді жылдам жинап-қайтарып алуға болады.

1-қабат. Зерттеу лабораториясы

2-қабат. Өмір сүруге қажетті арнайы құралдар мен экипаж мүшелері демалатын орын

3-қабат. Арнайы өсімдіктер паркі. Өсімдіктер үстінде Күн батареясы және антенна бар.

        
 Марс ғарышкерлерінің денсаулығын үшу сапарында қамтамасыз ететін негізгі құрылғының бірі – СКАФАНДР болып табылады. 

6-сурет. Марсонавт скафандры мен қосымша құрылғылары. 

Скафандр материалы нейлон, декрон, кеврал және басқа химиялық қоспалардан тұрады. Оның бір ерекшелігі – аса маңызды мағлұматтарды оң (Arm System1) және сол (Arm System2) қолдарда орналасқан «Skarlet» платформасы болып табылады. 

Марс жағдайында ғарышкерлердің тамақтануы жөнінде көптеген пікірлер мен дайын өнімдер бар. Кешегі СССР үкіметі тұсында тамақтану үрдісі арнайы қорапшада сақталған түтікшелерден тұратын сығынды заттар болса, бүгінде оның бірнеше түрлерін дайындайтын арнайы кәсіпорындар ерекше тағам түрлерін ұсынуда. 

Қандай да кәсіпорын болмасын, ол тағамды дайындайтын стандарттарға сай болуы керек. Ол үшін сублимация немесе лиофилизация әдісімен тағам құрамындағы сұйықтарды жою керек. Сублимация әдісі «сүрлеу» әрекетінен бөлек болады. Дайын өнімді -70 градустық температурада қатырып, ішіндегі ауа мен ылғалы жоқ арнайы ваккумге орналастырады. Ваккумдағы тағамды ұзақ мерзізге дейін сақтауға болады.    

ҚОРЫТЫНДЫ

Көпшілік назарына ұсынған аталмыш жобамыз арқылы Марс Планетасы және оның айналасындағы мәселелер төңірегінде мол ақпараттар беріп, толық қамту мүмкін еместігін айтқымыз келеді. Таңдаған тақырыбымызға байланысты оң немесе басқа пікір білдірген адамдар мен ғалымдар көзқарастары мен ұсыныс-тілектерін ескере отырып, біздер алдымызға қойған игі мақсаттарымыздың болашақта адамзат перзентінің игілігіне айналады деген зор сенімімізді бұқара халыққа мақтанышпен жеткізгіміз келеді. 

Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан жағдайында ғарыш саласына бағытталған мемлекет саясатының халықаралық стандарттар негізінде жоспарланып, өз кезегінде іске асырылу жүйесінің қолға алынғанын бағалай келе, біз және осы сала бойынша зерттеу жүргізіп жатқан адамдардың ұсыныс-тілегіне үкімет пен құзырлы органдардың Марс Планетасын зерттеу мәселесіне терең назар аудару қажеттігін алға тартамыз. 

Біз өз тарапымыздан Марс жобасының тек қана еліміз ғана емес, сонымен қатар космос зерттеу құрылымдарының ғарыштық зерттеу стратегиясының міндет-мақсаттарымен тұспа-тұс келетініне ерекше сенімдіміз. Демек, алға қойған стратегиялық жоспарларымыздың халық пен жас ұрпақ игілігіне толықтай айналатынына күмән келтірмейміз.

Жоғарыда баяндалған материалдар мен ғалымдар мен инженер-конструкторлар жетістіктері және жоғарыда баяндалып өткен ғылыми-техникалық мағлұматтарға жасаған талдауымыз төмендегідей қорытынды жасауға негіз болды:

1. Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия қабылдау.

2. Марсқа ұшу және онда тіршілік етуге қажетті құрал-жабдықтар мен тұғын-үй кешендерін іске асырудың Бас жоспарын құру.

 3. Марсты – адамзаттың Екінші үйі ретінде қабылдау және оған 2030 жылдардың басында адамдарды (ерікті түрде) трансформациялаудың Жоспарын құру. 

4. Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша)негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау.

5. Жер мен Марс арасындағы жаратылыс тарихының хронологиялық (геомарсохронология) даму кезеңдері (көне эрадан бүгінгі дейін) жөнінде ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу.

6. Қос Планетадағы тіршілік көздерінің милиардтаған жылдар бұрын ұқсас болып, кейін өсімдіктер мен атмосфералық ылғал арқылы өзгере бастаған (немесе кері құбылыстардың себебі) формациясы жөнінде ақпарат базасын құру. 

7. Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру болмақ.

8. Марсты колонизациялау идеясы жаңа буындағы креативті инженерлер мен конструкторларды, биотехнология мен нанотехнология саласындағы жаңа мамандар һәм менеджерлер мен заманауи кәсіби мамандар легінің пайда болуына ықпал ететін қозғаушы күш екеніне баға беру.

9. Марсты колонизациялау жобасы өзінің шарықтау шегіне жеткенде Жер мен Марс арасында фантастикалық коммуникациялық жаңа технология пайда болады, адамзат өркениеті екі қоғамға (тек пен нәсіл өзгереді) бөлінеді, Жер бетіндегі демографиялық проблемалар жойылады (Марста дүниеге келгендер), өз ретінде басқа Планеталарды игеру барысында бұрын-соңды болмаған қадам жасалады.

10. Жердің алғашқы тұрпаты – бүгінгі Марсқа ұқсас екені белгілі болса, онда Марстың топырағындағы мұзды ерітіп өзен-көлге айналдыру, тасындағы гумусты қыздырып, нәр беріп, онда сан алуан өсімдіктердің қаулап өсуіне бағытталған ауқымды жұмыстарды қолға алу. 

11. Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену. 

12. Жер бетінде бүгінде «кері әсерін» тигізіп жатқан «парниктік эффект» құбылысы бойынша Марсты тез арада «қыздыру» әдісімен оның бетінде өмір сүруге қолайлы табиғи ортаны жасауға болады.

13. Марс қабаты пайдалы қазбаларға бай. Оны игеру мен пайдалану барысында адамзат перзенті бүгінгі технологияларға ұқсамайтын жаңа инфрақұрылымдар нысандарын иеленуіне зор мүмкіндік алады. 

14. Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашады. 

 15. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдаланудатопырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашады. 

16. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, НАСА Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау;

17. Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

1. NASA's Jet Propulsion Laboratory. Mars: Facts & Figures. Solar System Exploration. NASA. 

2. Williams, David R. Mars Fact Sheet. National Space Science Data Center. NASA (September 1, 2004). 

3. Seidelmann P. K. et al. (2007). «Report of the IAU/IAG Working Group on cartographic coordinates and rotational elements: 2006». 

4. Konopliv A. S. et al. (January 2011). «Mars high resolution gravity fields from MRO, Mars seasonal gravity, and other dynamical parameters». Icarus 211 (1): 401—428. DOI:10.1016/j.icarus.2010.10.004. Bibcode: 2011Icar..211..401K.

5. M. Allison, M. McEwen. A post-Pathfinder evaluation of areocentric solar coordinates with improved timing recipes for Mars seasonal/diurnal climate studies // Planet. Space Sci.. — 2000. — Vol. 48. — P. 215—235. — DOI:10.1016/S0032-0633(99)00092-6.

6. Mars Exploration Rover Mission: Spotlight. mars.nasa.gov 

7. Марс // Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров. — 3-е изд. — М. : Советская энциклопедия, 1969—1978.

8. Bill Keeter. A ‘Super Grand Canyon’ on Pluto’s Moon Charon (23 июня 2016). 

9. Marinova M. M., Aharonson O., Asphaug Е. (2008). «Mega-impact formation of the Mars hemispheric dichotomy». Nature 453 (7199): 1216—1219. 

10. Making a Splash on Mars - Science Mission Directorate. nasa.gov. 

11. Sheehan W. Appendix 1: Oppositions of Mars, 1901–2035. The Planet Mars: A History of Observation and Discovery. University of Arizona Press (February 2, 1997). 

12. Алексей Левин. Тайны Красной планеты // «Популярная механика». — elementy.ru, 2007. — Вып. 12.

13. Planets and Pluto: Physical Characteristics // Jet Propulsion Labaratory, NASA

14. Давыдов В. Д. Глобальные характеристики Марса // Современные представления о Марсе / Под ред. А. Б. Васильева. — 2-е изд. — М.: Знание, 1978. — 64 с.

15. Энциклопедия для детей: Астрономия / Глав. ред. М. Д. Аксёнова. — 2-е. — М.: Аванта+, 1998. — Т. 8. — С. 540. — 688 с. — ISBN 5895010164.

16. Бронштэн В. А. Планета Марс. — М.: Наука, 1977.

17. Зубрин Роберт. Когда люди заселят Марс и смогут ли дышать без скафандров. https://fakty.com.ua/ru/lifestyle/20180911-kogda-lyudy-zaselyat-mars-y-smogut-ly-dyshat-bez-skafandrov/

18. https://en.wikipedia.org/wiki/Bas_Lansdorp

19. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D

20. Қазақстан ғарыш сапары. http://gharysh.kz/

21. Расстояние от Земли до Марса. http://lfly.ru/rasstoyanie-ot-zemli-do-marsa.html

22. Железняков А. Б. «Царь-ракета» Н-1. «Лунная гонка» СССР. — М.: Эксмо, 2016. — 112 с. — ISBN 978-5-699-93116-3.

23. Академик РАН оценил планы Маска по полетам на Марс. https://ria.ru/science/20181004/1529992047.html 

24. Миссия выполнима: России отвели ключевую роль в экспедиции на Марс. 

https://tvzvezda.ru/news/opk/content/201610051000-vsxq.htm  

25. Space Launch System. https://en.wikipedia.org/wiki/Space_Launch_System 

0
0
6815

"Қазақстан" атауының шығуы туралы

Бүгінгі таңда тарихта "қазақ" және "Қазақстан" атауының шығу тегі туралы қоғамда түрлі тұжырымдамалар мен концепциялар қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері бұл тақырып зерттеушілердің назарына ілігіп, әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады. Бірақ, көне деректердің өзі де нақты мәлімет көзі ретінде бола алады.

  «Қазақстан» атауына  ғана емес, қазіргі таңда төл тарихымызда  көптеген ақ таңдақ тұстар бар, бірақ кейбір нақты мәліметтер белгілі бір дәрежеде толық айтылмай жатады. Соның ішінде «Қазақстан» атауына байланысты ел арасындағы атаудың қалай және қайдан пайда болғандығы туралы мәселелер қоғамдағы негізгі сұрақтардың бірі болып табылады. Тіпті, «стан» жұрнағына қарсылық білдіріп,жатсынғандар да бар емес пе?

 Бірақ, Қазақстан атауы орта ғасырлар шенінде  қолданылғанына Заин-әд Дин Васифидің "Бадаи - әл Вакаи" немесе "Таңғажайып оқиғалар" еңбегі дәлел бола алады.

«Қазақтарды жеңу» атты бөлімінде қазақ елі Қазақстан деп аталғандығы жазылған. Деректің біз үшін басты құндылығы  да осы болып табылады . Бұл мәліметке сүйенсек, қазіргі қоғамдағы жоғары да айтылғандай теріс тұжырымдамаларды жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Парсы тіліндегі 

«-астон», «-естон» жұрнақтары тек қана ру, тайпа, халық атауларының соңына жалғанады да, олардың мекен-жайын, аймағын білдіріп, жаңа сөз құрайды. Тұжырымдама бойынша, «стан» жұрнағы жайдан-жай пайда болмаған, оның түпкілікті мағынасы «жергілікті жері» деген мағынаны білдіреді,яғни қазақтардың жергілікті жері деген ұғымға ие болған. Осындай ортағасырлық бір ғана дерек Қазақстан туралы объективті,дәлелді мәлімет бере алды. 

Бүгінде Тәуелсіз, азат, егемен ел ретінде Қазақстан атауымен барша әлемге өзімізді паш етіп келеміз. Осы жолды берік ұстап, рухани құндылықтарымызды ұлықтай берейік. 

0
0
1645

Жаңа алфавитке байланысты бір пікір

    Латын әріптері негізінде енгізілген жаңа алфавитке көшуді алғашқыда біз де қолдамақшы едік. Алайда айқын кемшіліктерге байланысты  бір-екі тілегімізді айта кетуді жөн көрдік. Ғылым мен техника саласында еңбек етіп   жүргендіктен, өндірістік тәжірибеден туындаған пікірлерді ортаға салғымыз келді.  Алғашқы нұсқадағы кириллицадағы [Ж] әріпін (дыбысты)-латыншада [Zh]  диграфымен өрнектеген дұрыс еді, деген шешімге келдік. Себебі кейінгі қабылданған нұсқадағы [J] әрпі көптеген әлемдік дамыған елдерде (ағылшын тілінде) {Дж} деген дыбысты береді. Ғылымда, техникада аса кең тараған  Джоуль өлшем бірлігі осының дәлелі. Жасалған жұмыстың өлшем бірлігі.  Кириллицадағы [Ж] дыбысты латыншада [Zh] - пен жазу ағылшын тілінде өте кең тараған. Әлемде текстіні компьютер, интернет арқылы on  line режимде аударатын автоматты аудармашылар күн өткен сайын көбейіп келеді. Жанабаев, Жандос деген сөздерді олар Zhanabayev, Zhandos деп аударып береді. Бұл IT технологиясында стандарт болып кеткен.    Сонымен қатар, алғашқы варианттағы [Ч] – ны - [Сh], [Ш]-ны - [Sh] диграфтарымен өрнектегені дұрыс болып көрінді бізге. Бұның да себебі қалыптасқан әлемдік ғылыми техникалық терминологияда жатыр. Себебі компьютерлік Микрочип деген сөз ағылшын тілінде MicroChip деп жазылады. Сол сияқты, Shop – Шоп - цех, магазин, мастерская  дегендей де сөздер күнделікті өмірде өте жиі пайдаланады.  Уран элементін қайда тастаймыз? Ағылшын тілінде ол Uranium. Бүкіл атом  энергетикасының негізі.  Келесі мысал: Урбанизация – Urbanization.  Осыдан кириллицадағы [У] әріпін (дыбысты) латын әріпімен [U] деп жазғанымыз өте дұрыс болып көрінеді. Басқаша қылып жазсақ - ол қателік.  Ал қазақша  кириллицадағы [Ұ] дыбысы  латыншада - [Y'] әріпімен, кириллицадағы қазақша [Ү] дыбысы латыншада –  [Y] (өзгермейді)  әріпі бола берсін.     

Қабылданған жаңа алфавитте [Э], [Ю], [Я], [Ц] әріптерінің және соған сәйкес дыбыстардың жоқ болуы - ешбір ақылды  ойға қонбайтын нәрсе! Цистерна, целлюлоза, цистит, цифра, эмаль, якорь, эбонит, Юнг модулі ...тізім жалғаса береді. Заманауи ғылыми-техникалық терминдерді, стандарттарды ысырып тастап қалай өмір сүреміз?           

Мақсат - тек әліпбиді өзгерте салу емес қой, басты мақсат - осы жаңа әліпби арқылы әлемдік ғылымға, мәдениетке, технологияларға жақындай түсу, қол жеткізу. Сондықтан, жаңа әліпбиді еңгізу арқылы олардан алыстап кетпейік, керісінше жақындай түсейік.  Алайда, кәзіргі кезде қабылданып кеткен жобада (кейбір жоғарыда айтылған  әріптерге байланысты) тиімді (рационалды) емес, көңілге қонымсыз,  пайдалануға икемсіз кездері көп. Белгілі латын әріптерінің үстіне  қосымша нүкте (нүктелер) немесе басқадай таңба қойып - сөйтіп жаңаладық деп  ойлау, - қателік болып көрінеді? Әсіресе ғылыми-техникалық терминдерге  байланысты айтып отырмыз.                   

 Сондағы принцип – ұстаным қандай болу керек? Жауабы – маңыздылық (приоритет) әлемдік ағылшын тіліндегі заңдылықтарға және әлемдік ғылыми-техникалық стандартқа берілуі керек еді. Ал біздің адамдардың, өзіміздің жаңадан ойлап тапқан принциптерімізбен шешімдеріміз, содан кейінгі (екінші) орында бола берсін. Апострофтармен диграфтар арасында тепе теңдікті сақтаған дұрыс болар еді. 

Ең болмағанда жоғарыда айтылған әріптерге байланысты ағылшын тілінен және көптеген халықаралық ғылыми-техникалық стандарттан алыстап кеттік.  Жаңа алфавитке көшу мәселесінде асығыстық, кемшілік болмау керек еді. Ол келешектегі ұлт тағдыры.  Кәзіргі кездегі қабылданған жоба  өзгерісті   (түзетулерді) қажет етеді, қолдануға келмейді.   

Қорыта келе, латиница негізінде  ұсынылған жаңа  алфавитті  көпшілік ел тоқтата тұруын талап етеді.  Ал бұрынғы үйреншікті кириллица  негізіндегі алфавитімізді ешбір шектеусіз қолдана беруіміз керек, сол дұрыс болады дейді. Кириллица негізіндегі бұрынғы алфавитіміздің  ешқандай міні, кемшілігі жоқ. Көпшілік халық сол бұрынғы, үйреншікті кириллица негізіндегі қазақ алфавитін қолдайды, соны пайдалана беруді халық үкіметтен талап етеді !                 

80-жылдан астам  уақытта кириллица алфавитінде пайда болған үлкен тарихи,  ғылыми, мәдениеттік, техникалық  мұрамызды қолданыстан шығарып тастауға ешбір моральдық құқымыз  (правомыз) жоқ. Кириллицадағы алфавитіміздің ешбір кемшін, ешқандай мін тағатын жері жоқ.  Негізі жоқ болғанда, ешнәрседен бостан бос бас тартуға болмайды. Орындық деген сөзді "orynduk" деп жазғаннан ағылшын тіліне, дамыған өркениетке біз бір табанда жақындай түспейміз. Ағылшын тілін жақсы білу үшін - сол тілді жеке өзін жақсы меңгеру керек.  Ал біздің бұрынғы кириллица негізіндегі үйреншікті қазақша алфавитіміздің оған (ағылшын тілін білуге, немесе білмеуге) ешбір қатысы жоқ. "Болашақ" бағдарламасымен шет елдерде білім алып, келіп, өз елімізде табысты қызмет етіп жүрген мыңдаған жастарымыздың жетістіктері - осында айтылғандардың айқын, нақты дәлелі болып табылады.                           

 Барлықтарыңызға жақсы тілектермен осы мақаламызды аяқтаймыз.  

* * * * * * *

   Токсан Айыпханұлы Жакатаев, техника ғылымдарының  докторы, ҚР журналистер одағының мүшесі, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Көлік-энергетика факультетінің "Жылу энергетика" кафедрасының проф.  м. а.      

 19-03-2018 

2
1
2570

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» МӘН МАҢЫЗЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында ең негізгі бағыттардың бірі ретінде «Ғылымға негізделген экономика ең алдымен Қазақстан ғылымының потенциалының мүмкіндігін көтеру»,-деп көрсетті. Елбасы көрсеткендей жаңа зерттеулер мен инновацияларды көлемді қаржыландыруды жоспарлау ел болашағына құйылатын ұзақ мерзімді инвестиция болып табылатыны сөзсіз.

Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруе, жаңа дәуір келді, біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері бар әлемдік шынайылық пен жаңашылдықтар. 

Бүгінде Қазақстан экономикасына әлемдік нарықтағы қиындықтар тудырған бір қатар сыртқы факторлар кері әсер етуде, әлемдік дағдарыстардың болуы бізге байланысты емес. Ешкім әлемдік дағдарыстың пайда болуынан сақтана алмайды.

Бүгінде бізге ғылымның қандай бағытының керектігін, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен қорғалатын диссертациялардың сапаларын бағалаудың қажеттілігін түсіну керек. Өндірістің барлық салаларын біліммен, ғылыммен қаруланған жас мамандармен қамтамасыз ету қажет, бірақ оның барлығы тікелей қазіргі қоғамдағы ғылымның қаншалықты танымалдығына байланысты екендігінде. Сондықтанда ғылымды танымал ету ең маңызды жаһандық мәселелердің бірі болып саналады. 

Көпшілік жастар ғылымға аса бір құлшыныс таныта бермейді. Олар үшін құндылықтар да, олардың көзқарастары да басқаша. Жоғарғы оқу орындарының көптеген түлектері жылдам жетістікке жетуге тырысады, сол себептен олар бизнес саласына және басқа салаларға жеңіл табыс көзін іздеп кетеді. Және де ғылыми қызметпен айналысуға уақыттарын жұмсағылары келмейді, өздігінен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытпайды, сол себепті ғылыми жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру арқылы, ынталандырудың түрлі формалары мен әдістерін пайдалану арқылы жастарды ғылымға қызықтыру қажет.

Мұндай қолдаулар мен қызықтырулар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жас ғалымдар үшін аса маңызды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет басшылығы шет елдермен түрлі байланыстар жасап, мүмкіндіктерге жол ашуға, барынша көмек корсетуге тырысуда. Ал бұндай қадамдар барлық жерлерде жасала бермейді. Ал жастар үшін бұл аса маңызды. 

Ғылымда тез табысқа жете бермейсің, себебі ғылым ауыр еңбекті, көп тер төгуді қажет етеді. Көпшілік жастар үшін ол түсініксіз, күрделі әрі жалықтыратын іс. Және де әлі ғылымды танып білмеген, мүмкіндіктері мен икемділіктері бар көптеген жастар үшін ғылымға қол жеткізу қиын тәрізді көрінеді. Ғылым әлеміндегі үлкендердің өздері де көпшілік жағдайда, жастарға түсіндіріп, ғылымға тартуды көп қажет деп есептемейді, көңіл бөлмейді. Кейбір жастардың ынталарын қайтарады, өздеріне деген сенімділіктерін жоғалтуға ықпал еткендіктерін түсінбейтін жағдайлар да кездеседі. Ал жастар үшін қолдау мен қолпаштау ауадай қажет. Алға ұмтылуларына дем береді. Үлкен ғылым жолындағы аға-әпкелердің шыдамдылығы мен төзімділігі, тәжірибелерімен бөлісуі, алға жетелеуі аса маңызды.

Міне, осындай жағдайлардың әсерінен кейін кейбір жастар ғылымға барғанымен де, ешнәрсені түсініп парығына жете алмайды, ғылымды дамытуға ат салыспайды. Көпшілік жастар ғылыми атақ пен дәрежені алуға құмартқанымен де, ғылымды дамытуға келгенде салғырттық танытады.

Жастардың ғылымға көз қарасын қысқаша сараптай келе мені жас ғалым ретінде мынандай сұрақтар жиі мазалайды:

· Біз өзімізге есеп береміз бе? Біз ғылымды қалай дамытамыз? Егер біз ғылымға келмей жатып, ғылыми диссертациямызды қорғаған күннен бастап, салғырттық танытсақ, ғылымды қалай дамытпақпыз?

· Біз ғылыммен тек ғылыми атақ алу үшін, өзіміздің жеке басымыздың мақсаттарын орындау үшін және қоғамда өзіміздің жақсы орынымызды алу үшін ғана айналысамыз ба?

· Неге ғылыми диссертацияны қорғап, ғылыми атақ алғаннан кейін де ғылыми қызметкерлердің ғылымға сіңірген еңбектері мен қосқан үлестері, ғылымды қалай дамытып жатқандықтары бақыланбайды?

· Жастарды кімдер және қалай ғылымға тартып қызықтырып, ынталандыруы тиіс және үгіт-насихат жүргізу қажет пе?

· Жастардың ғылымға икемділігі мен бейімділігін қалай анықтау қажет, мысалы IQ тестін оқушылар мен студенттердің интеллектуалды функциясын өлшеу үшін сапалы өткізу мен оның нәтижесін қалай тиімді пайдалану керек?

· Біздің елімізде ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың экономикалық тиімділігінің коэффиценті неге тең?

Жоғарыда аталған сұрақтардың сараптамасы жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мектептердің аясын қамтиды, сондай-ақ әрбір ғылыми қызметкерлерге де қатысты. Бұл сұрақтардың өзектілігін әрқайсымыздың ғылыми еңбегіміздің сапасын бағалаудағы сандық өлшемін көргенде ғана байқай аламыз.

Әрине, адамның ақыл-ой еңбегі мен әрекетінің қатты дамып жатқан кезеңінде шешілген маселелерден гөрі, шешілмеген мәселелердің көп екендігі белгілі, яғни ғалымның ашар жаңалығы көп. Ғылымның рөлі мен маңыздылығы зор.

Ғылымды дәріптеуде негізгі күш қарапайым оқытушының еншісіне тиеді. Студенттердің ғылымға қызығушылығы көбінесе оқытушының кәсіби шеберлігі мен білім деңгейіне, мәдени ұстанымына байланысты болады. Оқытушылар ішінде қалыпты жағдайдан өзгешерек білім берудің қызықты жолдарын іздестіріп, жастарды білім мен ғылымға қызықтырып жетелейтін оқытушылар баршылық. Осындай ұстаздардың жолын қуатын болашақ ұстаздарды педагогикалық жоғарғы оқу орындары инновациялық интеллектуалдық  шеберліктермен көптеп қаруландыруы тиіс. Болашақ ұстаздардың интеллектуалдық шеберліктерін шыңдау үшін бірқатар қажетті жағдайлар жасалған кезде ғана, ұстаздан талап етілетін тұлғалық, зерттеушілік, кәсіби шеберлікке қойылатын барлық жоғары талаптары орындалады.

Бұл үшін не қажет? Алдымен, педагогика мамандығының ғылымдағы әлеуметтік маңыздылығы нормативтік құжаттарда анық көрсетілуі, әрі жас ұрпақты тәрбиелеу үрдісінде тұлғаны рухани тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратындығын негіздеудің қажеттілігі туындайды.

Болашақта ғылымның өзекті мәселелерін шешуде жас және жасөспірім ғалымдардың сатылап өсуіне мүмкіндік беретін жоғары оқу орындары мен мектептерде бірегей  ерекше білім беру ортасын дамыту және кеңейту қажеттілігі де сұралады.

Бүгінгі таңда тығыз байланыс пен ынтымақтастық, яғни білім беруде жоғарғы оқу орындары мен мектептер арасындағы қарым-қатынас ғылымның әлеміндегі өз позициясын нығайтуға ғана емес, тиімді түрде дамытуға да мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, жас және жасөспірім ғалымдар өздерінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, өмірде, кәсіптік салада өзекті мәселелерді анықтауда, оларды дұрыс бағалауда, талдауда, түсіндіруде, инновациялық және танымдық жағдайларға бейімделуде, қолданыстағы ақпаратты мақсатты түрде өңдеу мен синтездеуде, тәуелсіз іздеу, толықтыру, оңтайлы пайдалану үлгілерін білуде, зерттеу нәтижелерін болжауда едәуір тәжірибелік біліктілік пен дағдыларды игереді. 

Сондықтанда, жастардың ғылым туралы ой-пікірлерін өзгертіп, ғылымды танымал ету үшін кеңінен насихаттау да қажет. Оқушыларға арналған ғылыми мектептерді ұйымдастыруды дамыту, олардың барлық оқушылар үшін (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) қолжетімді болуын қамтамасыз ету де өзекті. Жас ғалымдардың еншісіндегі ғылыми зерттеулер мен грантты қаржыландырылған жобалардың экономикалық тиімділігін кешенді бағалау мен соңғы 5-жылғы магистр және PhD түлектерінің ғылыми еңбектерінің әлеуметтік экономикалық тиімділігін бағалауды қолға алған да жөн. Оқушылар мен студенттер арасында интеллектуалды функциясын өлшеу үшін IQ тестін жүйелендіру және оның нәтижесін тиімді пайдаланудың да септігі мол.

Ұлттық идеологияны дамыта отырып, жастардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру - заман талабы. Адами капитал –жаңғыру негізі болғандықтан, білім беру сапасына баса назар аударылуда, білім берудің озық жүйесін құру қолға алынуда.

Жастар өзгерістерге тез бейімделіп, озық білім мен құзыреттіліктерді игеруі үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауында: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс» - деген болатын. Ендеше, ертеңгі болашақ жастардың қолында. Ғылым мен білімді игерген жастар еңселі еліміздің салауатты да салтанатты өміріне кепілдік беруі тиіс.

PhD Ожикенова А.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

5
0
2325
Сіз қауымдастық лентасының соңына жеттіңіз