Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 544 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

"Бүгінгі таңда Қазақстанда 258 балалар мен жасөспірімдер кітапханалары жұмыс істейді"

ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева:

"Бүгінгі таңда Қазақстанда 258 балалар мен жасөспірімдер кітапханалары жұмыс істейді, олардың 241-і балаларға, 11-і жастарға, 6-сы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Қазіргі таңда балаларды кітап оқуға баулу,кітап оқу үрдісін қалыптастыру ерекше назардағы мәселе болып табылады. Бүлдіршін кезінен бастап кітап оқи бастаған баланың болашағынан саналы ұлт көруге болады. Біздің басты мақсатымыз – балалар әдебиетін дамыу, оқу мәдениетін арттыру, қазіргі заманғы оқырман келбетін қалыптастыру".

1
0
176

Азаматтық қабылдау

2021 жылдың 01 ақпан күні Науырзым ауданы әкімінің ауылшаруашылық жөніндегі орынбасары Орманов Қабиболла Қангелдіұлы "Nur otan" партиясының Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға қабылдау өткізді. Қабылдау барысында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие беру мен жер телімдерін қалай жалға алу туралы түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді. Азаматтарды қабылдау барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып өткізілді. Қазіргі таңда Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау онлайн және оффлайн түрінде өткізілуде. Қабылдауға алдын-ала жазылу 8 (71454) 21-6-19, WhatsApp 87774709964 телефон нөмерлері бойынша жүргізіледі.

0
0
181

Қазақтың ақиын ақыны: музықалық сағат

Мұқағали Мақатаев - көзі тірісінде билік тарапынан көп қолдау таппаған, бірақ өмірінің соңына дейін жан дүниесінде балалар идеализмі мен риясыздығын сақтап келген қазақ ақыны. Нағыз танымалдылық ақынға қайтыс болғаннан кейін ғана келді. М.Мақатаевтың өмірі, оның шығармашылық мұрасы туралы ақынның 90 жылдық мерейтойына арналған бейнероликті көріп біле аласыздар.

0
0
268

Мәслихаттың кезектен тыс III сессиясы өткізілді

Мәслихаттың кезектен тыс III сессиясы өткізілді«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында аудандық мәслихаттың кезектен тыс үшінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды. Біріншісі Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатының тізбесін айқындау қағидасын бекіту болса, екіншісі аудандағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін анықтаудың қағидасын бекіту туралы. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын сайлау» және «Жәнібек аудандық учаскелік комисси…

0
0
164

Кезекті фракция отырысы өтті

Кезекті фракция отырысы өтті«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында филиал төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиевтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы фракциясының отырысы өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және депутат-фракция мүшелері қатысты.-«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары – Жол картасын әзірлеп, ол ағымдағы жылдың 5 ақпанында «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында қаралды. Енді ол аудандық филиалдың Саяси кеңес бюросы отырысында бекітіледі. Әр депутат аталған іс-шаралар жоспарының орындалуы және қадағалануы бойынша жұмыстанатын болады. Іс-шаралар жоспарының нақты көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы депутат-фракция мүшесі тоқсан сайын фракция отырысында есеп береді. О…

0
0
172

Облыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық Саматқызы облыс тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық Саматқызы облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауға Байтерек ауданы тұрғыны, көпбалалы ана өзінің жеке кәсіп ашқысы келетінін айтып, көмек сұрап келген болатын. Тұрғынға кәсіпкерлерге арналған гранттар, жеңілдіктер жөнінде түсініктемелер берілді және облыстық Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды.Сонымен қатар облыстық мәслихат депутатына жалғызбасты анада өз мәселесімен келді. «Ерекше» баланы тәрбиелеп отыр. Бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ананы негізгі мазалайтын мәселенің бірі ол – тұрғын үй мәселесі. Тұрғынға заңнамалық тұрғыдан кеңестер берілді.Әрбір мәселе бой…

0
0
617

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын кеңес мүшелеріне таныстырып, бірауыздан бекітті.

Сонымен қатар, мекеме басшыларына бекітілген жұмыс жоспарын мерзімінде орындау тапсырылды.

0
0
127

Мәслихат хатшысы қабылдау өткізді.

10.02.2021 жылы, аудандық мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева бекітілген кестеге сәйкес «NurOtan» партиясы филиалының қабылдау бөлмесінде азаматтарды әртүрлі мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауда болған азамат Ж.Мухамбетжанов мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси мәселесін қозғаса,Бұлдыртыдан О.Аманкулова, А.Кушаева тұрғын үй мәселелері бойынша хабарласып, онлайн қабылдау жасалды. Қабылданушыларға Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамалары аясында түсініктер берілді.

0
0
144

Zoom платформасы арқылы Аудан әкімдіктері жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Бүгін zoom платформасы арқылы қоғамдағы рухани келісім мәселелері бойынша аудан әкімдіктері жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысын Ақиқат қоғамдық бірлестігінің теолог-маманы Пендабаев Тоқтар Ғалымұлы жүргізді. Кеңеске аудан жастары, " Nur Otan" партиясы мүшелері қатысты

0
0
185