ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мәслихаттың кезектен тыс III сессиясы өткізілді

Мәслихаттың кезектен тыс III сессиясы өткізілді

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында аудандық мәслихаттың кезектен тыс үшінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды. Біріншісі Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатының тізбесін айқындау қағидасын бекіту болса, екіншісі аудандағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін анықтаудың қағидасын бекіту туралы. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының құрамын сайлау» және «Жәнібек аудандық учаскелік комиссиясының құрамын сайлау туралы» №28-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралды.