ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Азаматтық қабылдау

2021 жылдың 01 ақпан күні Науырзым ауданы әкімінің ауылшаруашылық жөніндегі орынбасары Орманов Қабиболла Қангелдіұлы "Nur otan" партиясының Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға қабылдау өткізді. Қабылдау барысында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие беру мен жер телімдерін қалай жалға алу туралы түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді. Азаматтарды қабылдау барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып өткізілді. Қазіргі таңда Науырзым аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау онлайн және оффлайн түрінде өткізілуде. Қабылдауға алдын-ала жазылу 8 (71454) 21-6-19, WhatsApp 87774709964 телефон нөмерлері бойынша жүргізіледі.