ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Облыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық Саматқызы облыс тұрғындарын қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Утебалиева Шаттық Саматқызы облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауға Байтерек ауданы тұрғыны, көпбалалы ана өзінің жеке кәсіп ашқысы келетінін айтып, көмек сұрап келген болатын. Тұрғынға кәсіпкерлерге арналған гранттар, жеңілдіктер жөнінде түсініктемелер берілді және облыстық Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды.

Сонымен қатар облыстық мәслихат депутатына жалғызбасты анада өз мәселесімен келді. «Ерекше» баланы тәрбиелеп отыр. Бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ананы негізгі мазалайтын мәселенің бірі ол – тұрғын үй мәселесі. Тұрғынға заңнамалық тұрғыдан кеңестер берілді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңыз сұралады: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372